Дипломдық жоба
-
білім беру мекемесіндегі бүкіл оқу процесінің аяқталу
кезеңінде қолданылатын оқу ұйымдастыру формасы. Бітіруші түлек ғылыми-
теориялық, өндірістік-экономикалық маңызы бар тақырыпта диплом жобасын
түзеді не дипломдық жұмыс жазады және қорғайды, соның негізінде Мемлекеттік
біліктілік комиссиясы студентке мамандық біліктілігі лауазымын беру жөнінде
шешім қабылдайды.
Өндірістік практика
- жоғары мектепте оқу процесін ұйымдастырудың көп
формаларының бірі.
Өндірістік практиканың дидактикалық мақсаттары – кәсіби ептіліктер мен
дағдылар қалыптастыру, сонымен бірге шынайы болмыста қолдану арқылы
игерілген білімдерді кеңіту, бекіту, қорытындылау және жүйелеу.
Өндірістік практиканың құрылымы практикалық оқу мазмұнына байланысты
айқындалып, нәтижеде ол маманның кәсіби іс-әрекетке болған біртұтас
дайындығын, яғни нақты маманның өз біліктілігінің сипаттамасына сәйкес кәсіби
қызмет лауазымдарын атқаруға дайын болуын қамтамасыз етуі шарт.
|