№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Мұғалімнің мәдениеті мен сөйлеу техникасы және олардың педагогтың



Pdf көрінісі
бет32/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Мұғалімнің мәдениеті мен сөйлеу техникасы және олардың педагогтың 
қызметіндегі атқаратын ролі.
 
Заманауи мұғалімнің кәсіби шеберлігінің аса маңызды элементтерінің бірі – 
ауызша  сөйлеу,  ол  педагогикалық  қызметтің  құралы  болып  табылады. 
Я.А.Коменский:  педагогта  оқушылар  тарапынан  назар  аударатындай  сөйлеу 
қоры  болу  керек  екенін  айтқан.  Оның  ойынша,  мұғалімнің  тілі  балалар  үшін 
нақты, түсінікті, мәнерлі, ашық та тартымды болу керек. 
Мұғалімнің  тілі  оқу  тапсырмаларын  шешу,  орындау  үшін  ғана  қызмет 
етпейді. Оқушы ұстазға еліктейтіндіктен, сөйлеу мәдениетінің тәрбиесі үздіксіз 
беріледі. В.А.Сухомлинскийдің тәрбие өнері – алдымен сөйлеу мәдениеті өнерін 
меңгеру деп санауы тегін емес. Мұғалім оқушы еліктейтіндей үлгі болуға үнемі 
дайын бола ала ма? Өкінішке орай, жоқ. Міне, сондықтан К.Д.Ушинскийдің сөзі 
бүгін  де  өзекті:  «Сабақ  беруде  мұғалімнің  балаларды  үйіріп  әкетерлік  әңгімесі 
жиі кездесе бермейтіні – ол өте сирек кездесетін дарын болғандықтан ғана емес. 
Мұның себебі – дарынды адамның өзі педагогикалық шебер әңгімеші деңгейіне 
жету  үшін  көп  еңбектенуі  керек  [8].  Көбіне  педагог  қызметінің  бұл  кемшілігі 
мықты  теориялық  білім  мен  негізгі  әдістерді  біле  тұрғанымен,  педагогикалық 
техниканың маңызды бөлігі болып табылатын сөйлеу шеберлігі қалыптаспаған. 
Осыған  байланысты  маңызды  мәдениет  элементтеріне  кәсіби  сөйлеу 
техникасына  назар  аудару  керек.  Сонымен  қатар  бірқатар  кәсіби  өзіндік 
дайындық үшін жаттығу жинағын беру керек.  
Мұғалімнің  сөйлеу  техникасы.  Сөйлеу  техникасы  дегеніміз  –  фонациялық 
тыныс алу әдістері, дауыс пен дикциясы барынша жатық қалыптылық деңгейіне 
жеткен  және  мұғалім  сөзінің  тиімді  жүзеге  асыруына  мүмкіндік  беретін 
қарапайым ғана әдістер жиынтығы [9]. 
 Педагогикалық  техника  мұғалімнің  әрекетінің  ішкі  мазмұны  мен  сыртқы 
әсерлілігінің үйлесімді тұтастығына жетуге мүмкіндік береді. Педагог шеберлігі 
–  рухани  мәдениет  пен  педагогикалық  тұрғыдан  оңтайлы  сыртқы  көрінісінің 
қоспасында.  
Осылайша, педагогикалық техника – әдістер жиынтығы. Оның құралдары  – 
сөйлеу мен қарым-қатынастағы қимыл-қозғалыс.  
Педагогикалық ғылым педагогикалық техникаға қызметтік роль береді.  


Мұғалім  дауысының  ерекшеліктеріне  сипаттама
.  Дауыстың  естілуінің 
жағдайы  –  оның  шырқауында.  Мамандар  бұл  термин  арқылы  дауысты  белгілі 
қашықтыққа жеткізу және дауыс күшін реттеу мүмкіншілігін білдіреді. 
Дауыстың  икемділігі,  қозғалғыштығы,  тез  өзгергіштігі,  тыңдармандар  мен 
мазмұнға  қарай  өзгеруі  өте  маңызды.  Дауыс  қозғалысы  оның  жоғарылығына 
байланысты.  
Жоғарылық – дауыстың тондық деңгейі. Адам дауысының биіктігі 2 октаваға 
дейін еркін өзгере алады. Алайда, әдетте бізге 3-5 нота да жеткілікті.  
Диапазон  -  дауыс  көлемі.  Оның  шегі  ең  жоғарғы  және  ең  төмен  тондармен 
айқындалады. Дауыс диапазонының тарылуы дауыста бірсарындылықтың пайда 
болуына  әкеледі.  Дыбысталудың  бірсарындылығы  қабылдауды  әлсіретіп, 
ұйқыны келтіреді.  
Жақсы қойылған дауысқа бай тембрлық бояу лайықты.  
Тембр  -  дыбыс  бояуы,  ашықтық,  оның  жұмсақтығы,  жылылығы,  жеке-
даралығы.  Дауыстың  дыбысталуында  әрдайым  негізгі  тон  және  бірқатар 
овертондар,  яғни,  негізгі  тонға  қарағанда  сәл  жоғарылау  жиіліктегі  қосалқы 
дыбыстар  болады.  Осындай  қосымша  тондар  неғұрлым  көп  болса,  адам 
дауысының  бояуы  соғүрлым  айқын,  таза,  қанық  болады.  Дауыстың  бастапқы 
тембрін резонатордың көмегімен өзгертуге болады.  
Резонатордың 2 негізгі типі бар: Жоғары (бас) және төменгі (кеуде). Трахей 
және  үлкен  бронхы  –  кеуде  резонаторы.  Бас  сүйек,  мұрын,  ауыз  қуысы  –  бас 
резонатор. Кеудедегі резонатордың әсерін қолды кеудеге қойып тұрып байқауға 
болады. [10]  
Дауыс  арнайы  жаттығулар  арқылы  тәрбиеленеді.  Бұл  үдеріс  көп  еңбекті 
қажет  етеді.  Дауыстың  сапалы  жаттығуы  дауысты  жақсы  өзгертеді,  ұнамсыз, 
жағымсыз  дыбыстардан  құтылуға  болады.  Балалар  төменгі  дауыстарды  жақсы 
қабылдайды.  
Ал мұғалім үшін таза сөйлеу – кәсіби талап.  
Дикция  –  дыбыс,  буын,  сөздерді  таза,  нақты  айту.  Ол  дыбыс  шығару 
құралдарының  қатысуымен  (ерін,  тіс  жағы,  жұтқыншақ  т.б.)  болады.  Белсенді 
сөйлеуде  тіл,  ерін,  таңдай  қысқа  тіл,  төменгі  жақ  қатысады,  сондықтан  оны 
жаттықтыруға болады.  
Ал  егер  сөйлеу  кемшіліктері  органикалық  тұрғыдан  болса,  онда  оған 
жаттығулар  емес,  медициналық  көмек  қажет  болады:  тіл  астын  қию,  тістерді 
түзеу, әріптерді дұрыс айту үшін арнайы кеңестер.  
Органикалық емес  кемшіліктер  –  үйде  және  мектепте  сөйлеуге  деген  ынта, 
зейіннің дұрыс қойылмауы.  
Бұл анық емес естілу, айтылу, сөз соңын жұтып қою, сөз арасы мен соңында 
әріптерді айтпай кету.  
Дикция  дұрыс  болуы  үшін  сөйлеу  мүшелерін  жаттықтыру  керек.  Ол  үшін 
арнайы артикуляциялық жаттығу жасау. [11] 


Сөйлеу аппаратына арналған дауысты мен дауыссыз әр дыбысты дұрыс айту 
жаттығулары. 
Кейбір  кемшіліктерді  түзеу  үшін  ЖОО-на  арналған  мәнерлеп  оқу 
оқулықтарынан пайдалы кеңестер алуға болады. Бұл үшін еңбек, шыдамдылық, 
тоқтаусыз жаттығулар керек.  
Сөйлеу жылдамдығы әр мұғалімнің жеке қасиеттеріне және сөзінің мазмұны 
мен жағдайына байланысты. Орыстардың оптимальді сөйлеу темпі минутына 120 
сөз  (ағылшындарда  120-150  сөз).  Тәжірибе  дәлелдегендей,  5-6  сыныптарда 
мұғалім  сөйлегенде  60  сөзден  асырмайғаны  абзал,  ал  минутына  10-75  сөз.  (?

Кейбір сөздердің айтылу ұзақтығы оның ұзындығына ғана емес, сонымен қатар 
оның мағызына да байланысты созылып айтылады. Мәтін қаншалықты маңызды 
болса,  соншалықты  баяу  оқылады.  Материалдың  қиын  бөлігін  жай  оқып,  әрі 
қарай жылдамдықты арттыруға болады. [13] 
 
Ереже, заңдар, анықтама, принциптерге тоқталғанда, қорытынды жасағанда 
міндетті  түрде  сөйлеуді  баяулатып  оқиды.  Дыбысталудың  мәнерлілігі  үшін 
үзілістерді  тиімді  пайдалану  керек:  логикалық,  психологиялық.  Логикалық 
үзіліссіз сөйлеу – сауатсыз, ал психологиялық үзіліссіз –мәнсіз, жансыз болады. 
Монотонды сөйлеу – зейінді, қызығушылықты жояды, адамды жалықтырады. 
Академик  И.П.Павлов  жалығуды  «көзі  ашық  ұйқы»  деген.  Мұғалімнің 
сөйлеуінің  интонациялық  байлығын  дамыту  үшін  арнайы  жаттығулар 
көмектеседі:  

 
 тыныс алуды реттеу; 

 
 дикцияны жаттықтыру; 

 
 темпоритм (жылдамдық ырғағы); 

 
 дауыс шығару жолдарын күту. 
Сонымен,  мұғалім  дауысы  ашық,  қанық,  айқын,  назар  аударатын,  іс-әрекет 
ету мен ойлануға тартатын болу керек.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет