№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Үздіксіз  педагогикалық  білім  беру  серпінді  дамып  келе  жатқан  жүйе



Pdf көрінісі
бет30/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Үздіксіз  педагогикалық  білім  беру  серпінді  дамып  келе  жатқан  жүйе 
ретінде 
Үздіксіз  педагогикалық  білім  беру  –  нақты  педагогикалық  іс-әрекетке 
дайындау  және  тұлғаның  білім  беру  қажеттіліктерін  өтеу  мақсатындағы 
педагогикалық білім беру мекемелерінің атқаратын іс-әрекеті. 
 Үздіксіз  білім  беру  дегеніміз  тұлғаны  дамытудың  принципі,  ол  білім 
жүйесінің жас ерекшеліктері мен мәртебесіне қарамастан кез келген адам үшін 
ашық,  бүкіл  өмір  бойы  адаммен  бірге  жүретін,  оның  әр  уақытта  да  дамуына 
ықпал  ететін,  білім  алудың  үздіксіз  үдерісіне  шақырып  тұратын,  қажет  болған 
жағдайда  –  өзгеріп  тұратын  жағдайларға  жаңаша  дайындық  беретін,  өздігінен 
білім  алуды  ұдайы  ынталандырып  отыратын  түрлерін  құруды  көздейді. 
Педагогикалық білім қоғам мен мемлекеттік барлық салаларындағы кадрлардың 
кәсіби дайындығының сапасын айқындайды [1]. 
Соңғы  отыз  жылдың  ішінде  үздіксіз  білім  мәселесі  педагогикалық 
мәселелердің  ең  басты  тақырыбына  айналды.  И.С.  Якиманскаяның  пікірі 
бойынша,  «бүгінгі  ұдайы  және  өте  жылдам  өзгеріп  отыратын  әлем  үздіксіз 
білімсіз өмір сүре алмайды» [2].  
Ағылшын тілінде «үздіксіз білім беру» терминінің синонимі «өмір бойы білім 
беру»  (lifelong  edication),  «жалғастыра  білім  беру»  (continuous  edication)  және 
«еселенген  білім  беру»  (recurrent  edication)  дегенді  білдіреді  екен,  бұның  өзі 
мамандарды  дайындау,  қайта  даярлау  және  біліктілікті  арттыру  жүйелерімен 
байланысқан [3]. 
Тиісінше,  үздіксіз білім  беру  дегенді  білім  алу  мен  білімді,  іскерліктер  мен 
дағдыларды жалпы және арнайы оқу орнында да, өздігінен білім алу арқылы де 
жетілдіру жөніндегі мақсатты, жүйелі қызмет деп түсіну керек.  
Қазіргі  уақытта  білім  беру  саласының  алдында  үздіксіз  білім  алудың  білім 
беру  мен  тәрбиелеудің  барлық  сатыларын  қамтитын  бірыңғай  жүйесін  құру 
міндеті қойылып отыр.  
Педагогикалық  білімнің  қоғам  мен  мемлекеттің  барлық  салаларындағы 
кадрлардың кәсіби дайындығының сапасын айқындайтынын ерекше атап өту өте 
маңызды. Мұндай жағдайда педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектері 
үшін  қызмет  ету  аясы  кеңейеді,  олар  әлеуметтік-педагогикалық,  тәрбиелік, 


мәдени-ағартушылық,  түзетушілік-дамытушылық,  басқарушылық  жұмыстарды 
да қамтиды [4].  
Үздіксіз педагогикалық білім беруді ұйымдастыру
 
білім беру мекемелерінің 
әралуан түрлерінің ерекшеліктерін ескеруді талап етеді. Оларға мыналар жатады: 

 
салалық  оқу  орындарын  қоса  алғанда  мектепке  дейінгі  білім  беру 
мекемелері;  

 
лицейлерді, гимназияларды, пәндерді тереңдетіп оқыту мекемелерін 
қоса алғанда, жалпы орта білім беру жүйесінің мекемелері;  

 
бастауыш,  орта,  жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  кәсіби 
білім беру мекемелері;  

 
мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  арналған  арнайы  білім  беру 
жүйесінің мекемелері; 

 
қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесінің мекемелері [5]. 
Білім беру мекемелерінен тысқары, педагогикалық жоғары оқу орындарының 
қызмет саласы әлеуметтік функция болып табылады, ол мыналарды қамтиды:  

 
ересектерге білім беру, жұмыспен қамту орталықтары, зейнетақы қорлары;  

 
босқын балаларды әлеуметтік және психологиялық оңалтудың әлеуметтік 
қызметтері; 

 
мінез-құлқында  ауытқулары  бар,  қараусыз,  есірткіге  тәуелді  балалармен 
жұмыс, кәмелетке толмаған құқық бұзушылармен жұмыс;  

 
білім беруді басқару;  

 
отбасылық тәрбие және оқыту [5]. 
Яғни,  қазіргі  әлеуметтік-экономикалық  ахуалдағы  білім  саласының  ролінің 
артуы – педагогтың дәстүрлі функцияларымен қатар (оқыту, тәрбиелеу, дамыту, 
бағалау,  ата-аналармен  жұмыс  жүргізу,  т.с.с.)  білім  саласын  жаңғырту 
жағдайында  білім  мен  әлеуметтік-мәдени  ортаның  мазмұндық  және  қызметті 
жүргізушілік  жақтарын  болжамдау,  жобалау  және  ұйымдастыру  сияқты  кәсіби 
функцияларының да маңызының артып келе жатқандығын көрсетеді. 
Сонымен  қатар,  қазіргі  жағдайларда  басқарушылық,  экономикалық, 
құқықтық,  әлеуметтік,  мәдени-ағартушылық,  экологиялық  қызметтерге 
байланысты  коммуникативтік  функциялар  да  сұранысқа  ие  бола  бастады. 
Ақпараттық  қоғамға  көшу  жағдайында  педагог  үшін  ғылыми-зерттеушілік 
жұмыстарды өз күшімен жүргізудің, кәсіби мотивацияның маңыздылығы артты. 
Осылайша,  педагогикалық  білім  беру  жүйесі  қызмет  көрсетушілік 
функциямен  қатар,  үздіксіз  дамып  келе  жатқан  білім  беру  жүйесіне  арналған 
кадрларды дайындай отырып, алға озу функциясын да атқарады. Педагогикалық 
білім  беру  білім  саласындағы  басым  бағытты  және  жүйеқұрушы  сала  болып 
табылады, ол: 

 
кәсіби  міндеттерді  өз  күшімен  және  кәсіби  деңгейде  атқара  алатын, 
педагогикалық  қызметтің  жеке  және  қоғамдық  маңызын  түсіне  алатын,  оның 


нәтижелері  үшін  жауаптылықты  сезіне  алатын  кәсіби,  құзырлы  тұлғаның 
қалыптасуын қамтамасыз етеді; 

 
қоғамның әлеуметтік тұрақтылығы мен дамуына ықпал етеді; 

 
қоғам  мен  мемлекеттің  барлық  салалары  үшін  кадрлар  дайындаудың 
сапасын айқындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет