№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Педагогикалық  қарым-қатынастың  үшінші  кезеңі



Pdf көрінісі
бет38/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   293
Байланысты:
педагогика

Педагогикалық  қарым-қатынастың  үшінші  кезеңі 

  қарым-қатынасты 
басқару,  оның  мәні  –  әсер  етуде  қолданылатын  әдістерді  коммуникативтік 
тұрғыдан  қамтамасыз  ету.  Қарым-қатынасты  басқару  қарым-қатынас  моделін 
нақтылаудан,  қарым-қатынас  шарттары  мен  құрылымын  нақтылаудан,  тікелей 
қарым-қатынасты жүзеге асырудан тұрады. 
Қарым-қатынасты  басқарудың  негізгі  шарты  педагогтың  белсенділігі,  ол 
стратегиялық  және  тактикалық  міндеттерді:  үдерісті  басқаруды  қамтамасыз 
етуге,  эмоциональдық  атмосфераны  құруға  және  т.б.  шешуге  септігін  тигізеді. 
Қарым-қатынаста  белсенділікке  ие  болу  үшін  В.А.Кан-Калик  төмендегі 
технологиялық тәсілдерді ұсынады: 

 
сыныппен бастапқы қатынасты ұйымдастырудағы оперативтілік; 

 
ұйымдастыруды орындау тәртібі (амандасу, отырғызу және т.б.) іскер және 
жекелей қарым-қатынасқа оперативті көшу; 



 
«педагогикалық  қарым-қатынастың  басында  ұйымдастырушылық  және 
мазмұнды жағдайлардың арасында аралық аймақтың болмауы»;  

 
сыныппен  бірге  әлеуметтік-психологиялық бірлікке  оперативті  түрде  қол 
жеткізу, «біз» сезімін қалыптастыру;  

 
балалармен қарым-қатынас жасау кезінде жеке бас статусын ұғындыру;  

 
жекелеген оқушыларға қатысты стереотипті және ситуациялық жағымсыз 
әрекеттерді болдырмау;  

 
барлық сыныппен тыңғылықты байланыс ұйымдастыру;  

 
қарым-қатынастың 
басында-ақ 
ұжымды 
жұмылдыруға 
қабілетті 
тапсырмалар мен сұрақтар қою;  

 
тыйым  салынған  педагогикалық  талаптарды  қысқарту  және  позитивті-
бағдарлық талаптарды көбейту;  

 
сыртқы  келбетке  көңіл  аудару:  ұқыптылық,  ықшамдылық,  жинақылық, 
белсенділік, ақ көңілділік, сүйкімділік және т.б.;  

 
қарым – қатынас құралдарының ауызша және сөйлеу әрекетін пайдалану: 
белсенді ымдау, микро ымдау, көзбен қарым-қатынас жасау және т.б.;  

 
сыныпқа  балаларға  деген  жеке  достық  ынтымақтастық  сезімін  «тарата» 
білу;  

 
қызметтің  жарқын  әрі  тартымды  мақсатын  табу  және  оған  қол  жеткізу 
жолдарын көрсету;  

 
оқушының  ішкі  жан  дүниесін  түсіну,  сол  жағдайды  есепке  ала  отырып, 
оқушыға оны түсіндіру;  

 
оқушының 
мұғаліммен 
қарым-қатынас 
жасау 
қажеттілігін 
қалыптастыратын жалпы және ситуациялық өзара түсіністікке қол жеткізу[1]. 
Педагогтың  тәрбиеленушілермен  тікелей  қарым-қатынасты  жүзеге  асыруы 
барысында кейде «психологиялық тосқауылдар» пайда болады, олар өз кезегінде 
қарым-қатынас жасауға кедергі болады және сабақтың жалпы барысына, педагог 
пен оқушылардың көңіл-күйіне теріс ықпал етеді. Әдетте, олар байқалмай пайда 
болады  және  алғашында  мұғалім  оны  сезбей  қалуы  да  мүмкін.  Алайда,  олар 
оқушылардың  назарынан  тыс  қалмайды.  Және  «тосқауыл»  одан  бетер  орныға 
түсіп,  педагогтың  өзі  жайсыздықты,  дабылды  сезе  бастайды,  сөйтіп 
ашушаңдыққа  бой  алдырады.  Егер  бұл  жай-күй  тұрақтанатын  болса,  онда  ол 
балалармен  педагогикалық  қатынас  жасауға  кедергі  болады  және  педагогтың 
мінезіне  ықпал  етеді  –  сенімсіз  педагогикалық  мінез  қалыптасады.  Осыған 
байланысты  көп  жағдайда  оқыту  мен  тәрбиелеудің  бұрыннан  қалыптасқан 
әдістерін  іздеу  керек,  бұл  жағдайда  белгілі  әдістемені  коммуникативтік 
қамтамасыз  ету  керек.  Өйткені  сабақ  пен  тәрбиелік  шара  құрылымынан 
әрқашанда оның коммуникативті партитурасы сезіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет