№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет31/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
2.
 
Үздіксіз педагогикалық білім берудің ерекшеліктері  
Үздіксіз  педагогикалық  білім  берудің  қазіргі  замандағы  жүйесі  дегеніміз  – 
өзінің 
ашықтығымен, 
көпсатылылығымен, 
көпдеңгейлілігімен, 
көпфункциялылығымен және іскерлігімен ерекшеленетін, қарқынды дамып келе 
жатқан жүйе. Жүйенің даму көрсеткіші ретінде педагогикалық білімнің барлық 
сатылары  мен  деңгейлерінің  мазмұны  мен  құрылымының  тұрақты  түрде 
жаңарып отыратынын келтіруге болады [5].  
Педагогикалық білімнің сапасына деген талаптың артуы маңызды мәселеге, 
үздіксіз  педагогикалық  білім  жүйесін  дамытудың  шартына,  іргелілік, 
әмбебаптық,  интегративтік,  вариативтік,  сабастастылық  және  тәжірибелік 
бағыттылық  принциптерінің  негізінде  педагогикалық  білімнің  мазмұнын 
жаңартуды ынталандыруға қажетті шарттардың біріне айналып отыр. 
Педагогтың  пәндік,  психологиялық-педагогикалық,  әлеуметтік-ізгіліктік 
және  жалпы  мәдениеттік  дайындығының  жоғарғы  сапасын  білім  берудің  түрлі 
салаларындағы 
ғылыми 
жетістіктердің 
тоғысуын 
қамтамасыз 
ететін 
педагогикалық  білімнің  мазмұнын  қалыптастыру  ролінің  артуынсыз  елестету 
мүмкін емес. 
Педагогикалық  білімнің  әмбебаптылығы  деп  кәсіби  және  жалпы  мәдени 
құрамдардың  біріккен  түрінде  базалық  дайындықты  құрайтын  пәндер 
жиынтығының толықтығын айтамыз. 
Интегративтік  принципті  іске  асыру  пәнаралық байланысты,  мақсаттар  мен 
талаптардың мазмұны мен тұтастығының бірін-бірі толықтыруының арқасында 
қалыптасатын біртұтас көріністі түсінуге бағдарлануды қамтамасыз етеді. 
Оқу  бағдарламаларының  вариативтілігі  тапсырыс  берушінің  сұраныстары 
бойынша  жедел  әрекет  етуге,  білім  беру  жүйесіне  мамандар  дайындаудың 
нысаналылығын қамтамасыз етеді, оған пәндерді икемді түрде үйлестіру арқылы 
қол жеткізуге болады.  
Педагогикалық  білімнің  мазмұнын  қалыптастыруда  сабақтастық  принципін 
ұстану педагогикалық білімнің үздіксіздігін қамтамасыз етуге қажетті шарттарды 
іске асыруға мүмкіндік береді.  
Сабақтастық принципі педагогикалық білімнің барлық деңгейлері үшін ортақ 
мақсатқа, яғни білім беру саласының мамандарын теориялық және тәжірибелік 
дайындаудың  деңгейі  мен  мазмұнына  қойылатын  талаптарды  анықтау  кезінде 
концептуалдық  қатынастарды  келістірудің  негізінде  кадрларды  сапалы 
дайындауға қол жеткізуді көздейді [6]. 
Жоғарыда  аталған  принциптердің  барлығының  сақталуы  білім  беру 
қызметтерін  көрсету  нарығының,  тапсырыс  беруші  мен  тұтынушының 


сұраныстарына  сәйкестендірілген  жағдайда  ғана  мәнді  болмақ,  ал  оған  қол 
жеткізу  үшін  педагогикалық  білімнің  тәжірибелік  бағыттылығы  принциптері 
сақталуы тиіс.  
Көпдеңгейлі  педагогикалық  білім  жүйесінің  енгізілуі  оның  келесідей 
мақсаттарының қойылуын айқындайды: 

 
Тұлға 
мен 
қоғамның 
саналуан 
мәдени-ағарту 
сұраныстарын 
қанағаттандырудағы оқу орындарының мүмкіндіктерін кеңейту; 

 
Экономика  мен  еңбек  нарығының  үнемі  өзгеріп  отыратын  талаптарын 
ескере  отырып,  білім  саласының  мамандарын  жалпы  мәдени,  ғылыми  және 
кәсіби дайындаудың іскерлігін арттыру [6]. 
Осы  мақсаттарға  қол  жеткізу  –  мазмұны  мен  мерзімдері  жағынан  әртүрлі 
болып  келетін  сабақтас  кәсіби  білім  беру  бағдарламаларын  оқытумен  іске 
асырылатын көпдеңгейлі педагогикалық білім беру арқылы мүмкін болмақ. Бұл 
келесі мәселелердің шешілуін қамтамасыз етеді: 

 
тұлғаның (студенттің) – өзі алатын білім мен кәсіби дайындықтың мазмұны 
мен  деңгейін  өз  қалауы  бойынша,  өзінің  интеллектуалдық,  әлеуметтік  және 
экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыратындай етіп таңдап алуы;  

 
қоғамның  (білім  беру  жүйесінің,  мектептің)  –  барынша  қысқа  мерзім 
ішінде, өзіне қажетті біліктілік өлшемдерге сай маман тауып алуы; 

 
оқытушылық  корпустың  (факультеттің,  колледждің,  университеттің, 
институттың)  –  ғылыми  және  кәсіби-педагогикалық  мүмкіндіктерін  барынша 
толыққанды іске асыруы. 
Педагогикалық  білім  беру  тиісті  бағдарламаларды  меңгеру  арқылы  қол 
жеткізілетін  кәсіби  біліктілігі  әртүрлі  деңгейдегі  маманның  қалыптасуымен 
тығыз  байланысты.  Үздіксіз  педагогикалық  білім  дегенде  тек  педагогикалық 
білім беру мекемелерінің тізбегін сатылап өтіп шығуды ғана емес, сонымен қатар 
нақты бір тұлғаның білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы 
білім алу жолын жүріп өтуі деп түсінген дұрыс. 
Білім  беру  мекемелері  жүйесін  сипаттауды  педагогикалық  сыныптардан 
(лицейлер)  бастаған  дұрыс,  өйткені  олар  іс  жүзінде  педагогикалық  (немесе, 
дәлірек айтқанда гуманитарлық) бағдарланған жоғарғы мектеп болып табылады, 
ол  кәсіби  деңгейге  дейінгі  педагогикалық  дайындық  мәселелерін  шешеді,  ал 
кәсіби деңгейге дейінгі педагогикалық дайындық өз кезегінде мына мақсаттарды 
іске асырады: 

 
оқушылардың педагогикалық мәдениетке енуіне көмектесу; 

 
оларды негізгі құндылық ретіндегі адамға бағдарлау; 

 
педагогикалық қызметке қатысты оң көзқарасты қалыптастыру; 

 
тұлғаның  шығармашылық  мүмкіндіктерін  ашу  үшін  осы  қызметтің  қыр-
сырын үйрету;  

 
педагогикалық мамандықтарға қызығушылықты арттыру;  

 
өмірлік және кәсіптік жолды саналы түрде таңдауға көмектесу. 


Қазіргі тәжірибеде мұғалімді кәсіби деңгейге дейінгі дайындаудың келесідей 
түрлі нысандары қалыптасты: 

 
мектептерде  арнайы  әзірленген  бағдарламалар  бойынша  жұмыс  істейтін 
педагогикалық сыныптар; 

 
гимназияларда 10-11 сыныптардың педагогикалық бағдарлануы (негізінен 
педагогикалық жоғары оқу орындарында); 

 
педагогикалық  бағдардағы,  мамандандырылған  жоғарғы  оқу  орнына 
дейінгі білім беру мекемелері; 

 
педагогикалық лицейлер немесе лицейлік сыныптар;  

 
педагогикалық жоғары оқу орындарының құрылымына енетін, жоғары оқу 
орнына дейінгі дайындық факультеттері. 
Кәсіби  деңгейге  дейінгі  дайындық  дегеніміз  үздіксіз  білім  жүйесіндегі 
алғашқы кезең және негізгі мектептік білімге қосымша білім. Бұл мақсаттарға қол 
жеткізу үшін түрлі тренингтер, практиканың әралуан түрлері, тәжірибе бөлісулер 
және т.б. қолданылады. 
Үздіксіз  педагогикалық  білімнің  мектептен  кейінгі  келесі  деңгейі 
педагогикалық  шеберлікті  меңгерген  кәсіби  мамандарды  дайындайтын  оқу 
орындарында жүзеге асырылады.  
Педагогикалық  колледждерде  когнитивтік  (білімдік)  және  жеке  адамға  тән 
сипаттарды  қалыптастырумен  қатар,  қазіргі  білім  беру  үдерісінің  аясында 
педагогикалық қызметті атқаруға қажетті іскерліктер меңгеріледі.  
Когнитивтік бөлімде бірінші қатарға белгілі бір жас ерекшеліктеріне сәйкес 
жұмыс әдістері мен сипаттамалары қойылса, жеке адамға тән бөлігінде – эмпатия 
және төзімділік қабілеті, қызметтік бөлікте – оқыту мен тәрбиелеудің барынша 
кең  тараған  технологияларын  іске  асыру  қабілеті  қойылады.  Мұндай 
мекемелердің атқаратын негізгі міндеттері мектепке дейінгі балалар мекемелері 
мен бастауыш мектепке арнап кадрлар дайындау болып табылады. 
Педагогикалық  білімнің  негізін  базалық  жоғары  білім  құрайды,  ол  білім  - 
кәсіби  бағдарламалардың  бірінші  және  екінші  деңгейлері  арқылы  іске 
асырылады.  Олар  білім  алушы  тұлғаға  адам  мен  қоғам  туралы,  тарих  пен 
мәдениет  туралы  білімдер  жүйесін  меңгеруге,  базалық,  іргелі  ғылыми 
дайындықтан өтуге және кәсіби педагогикалық білімдердің негіздерін өзі таңдап 
алған білімнің бағыты бойынша алуға мүмкіндік ашады.  
Бірінші деңгей –  жалпы жоғары білім, оған екі жылдық оқудың барысында 
бірінші  және  екінші  деңгейлі  кәсіби  білім  беру  бағдарламаларды  меңгеру 
жолымен  қол  жеткізіледі.  Мұндай  білім  алу,  адамның  базалық  жоғары  білім 
сатысында  екінші  сатының  кәсіби  білім  беру  бағдарламалары  бойынша  оқуды 
жалғастыру құқығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тілек білдірушілер білім 
алуды  өздерінің  еңбек  жолында  да  жалғастыруға  немесе  кәсіби  білім  беру 
бағдарды өзгертуге мүмкіндігі бар [5]. 


Педагогикалық  колледждерде  арнайы  орта  білім  беретін  кәсіби-
педагогикалық  дайындық  бағдарламалары  жүзеге  асырылады.  Сонымен  қатар, 
тілек  білдірушілер  үшін  таңдап  алынған  ғылыми  бағытты  ескере  отырып, 
оқытудың  қысқа  мерзімі  ішінде  төменгі  санаттағы  маман  біліктілігінің 
деңгейіндегі кәсіби дайындық та жүзеге асырыла алады. 
Мұндай  кәсіби  бағдарламаларды  меңгерген  адамдар  білім  беру 
мекемелерінде лаборант, тәрбиешінің көмекшісі лауазымдарын атқара алады. 
Педагогикалық  колледждерде  қалыптастырылатын  когнитивтік  бөлім 
әлемнің  қазіргі  замандағы  жаратылыстану-ғылыми  бейнесі  мен  оның  генезисі 
туралы  білімдерді,  қоғам  мен  адам  туралы  қазіргі  гуманитарлық  түсініктері 
жайындағы  өнер  туралы  білімді,  сонымен  қатар,  педагогикалық  қызметтің 
әлемдік  және  отандық  тәжірибесінің  аса  көрнекті  жетістіктерінің  (Я.А. 
Коменский, Ж.Ж. Руссо, И. Песталоцци, К.Д. Ушинский, Монтесорри, Д. Дьюи, 
Л.В.  Занков,  Д.Б.  Эльконин,  В.В.  Давыдов,  Ы.  Алтынсарин,  Ж.  Аймауытов,  А. 
Байтұрсынов, М. Жұмабаев, С.Торайғыров) философиялық және психологиялық 
негіздерін білуді қамтиды [7-11].  
Базалық жоғары педагогикалық білімнің екінші деңгейі екі жылдық оқытуға 
есептелген, және пәндердің бірі бойынша кәсіби білім беру бағдарламасын іске 
асыруды көздейді. 
Мемлекеттік емтихандарды тапсырып, базалық жоғары педагогикалық білім 
алған студенттерге өзі таңдап алған бағыт бойынша бакалавр дипломы беріледі. 
Жекелеген  бағыттар  бойынша,  екінші  деңгейдегі  кәсіби  білім  беру 
бағдарламаларын іске асырудың ерекшеліктеріне байланысты кәсіби дайындық 
бағдарламасын қоса қамтуға да болады (оқу мерзімі 3 жыл). Жоғары білім алғысы 
келетін  педучилище  түлектері  үшін,  педагогикалық  сананы  кеңейтуге  – 
педагогикалық  тәжірибе  рефлексиясына  және  гуманитарлық  білім  алуға 
бағдарланған айрықша білім бағдарламарын жасау қажеттігін атап айту керек. 
Базалық жоғары педагогикалық білімнің негізінде маманның біліктілігін алу 
үшін  болашақ  мамандыққа  сәйкес  бір  жылдың  ішінде  кәсіби  бағдарламаны 
меңгеруге, мемлекеттік емтихан тапсырып, түлек жұмысын қорғауға мүмкіндік 
беріледі.  Осыдан  кейін  түлектер  бір  немесе  екі  педагогикалық  мамандық 
бойынша біліктілік сертификатын алады. 
Толық жоғары педагогикалық білім базалық жоғары білімге негізделеді және 
маманданудың бағыттары бойынша кәсіби білім беру бағдарламаларын дамыту 
мен  дифференциялау  болып  табылады.  Тереңдетілген  кәсібибілім  беру 
бағдарламаларының  есебінен  мамандардың  көбіне  «тапсырыс  бойынша» 
дайындалуы  қамтамасыз  етіледі.  Бұл  сатының  негізгі  мақсаты  –  игілікті, 
шығармашылық қызметке бағдарланған педагог - зерттеушіні дайындап шығару. 
Толық  жоғары  педагогикалық  білімнің  оқу  мерзімі  төртжылдық  базалық 
педагогикалық білімнің негізінде екі жылдан кем емес мерзімді құрайды. 
Толық  жоғары  педагогикалық  білім  алған  тұлғаларға  кез  келген  білім  беру 
мекемелерінде (мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, колледждерде, ЖОО-


да)  қызмет  етуге  құқық  беретін,  ғылымның  таңдап  алынған  нақты  бағыты 
бойынша  білім  магистры  дипломы  мен  таңдап  алынған  мамандық  бойынша 
біліктілік  сертификаты  беріледі.  Бұл  деңгейде  білім  беру  бағдарламалары 
негізінен  дербес  және  болашақ  маманды  ғылыми  ізденістің  барысы  мен 
нәтижесін  дұрыс  ресімдеуге  үйрету  мақсатындағы  педагогикалық  зерттеулерді 
жүргізуге айтарлықтай дәрежеде бағдарланған. Бұл саты  университет түріндегі 
оқу орындарында іске асырылады. 
Осылайша,  үздіксіз  педагогикалық  білім,  яғни  «өмір  бойы  білім  алу» 
дегеніміз педагогтың кәсіби және жеке басты тұрғыдан өсуі үшін қажетті шарт 
болып табылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет