№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет92/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   293
Байланысты:
педагогика

Диалектикалық материализм 
табиғат, қоғам және ойлау процестерінің жалпы 
қозғалыс және даму заңдылықтары жөніндегі философиялық білім ретінде XIXғ. 
40-жылдарында туындады. Ол XXғ., әсіресе социализм елдерінде кең өріс тапты. 
Бұл  бағыттың  көрнекті  өкілдері  – 
К.Маркс 
және 
Ф.Энгельс 
қоғам  тарихын 
танудың  құралы  материализмді  жариялай  отырып,  теориялық  таным  үшін 
қоғамдық  тәжірибенің  рөлін  негіздеді,  материализм  мен  диалектиканы  табиғи 
ұштастыққа келтірді.  
Диалектикалық  материализмнің  негізгі  тұжырымдары  келесідей:  материя  – 
бірінші, ал сана – одан туындаушы, материяның (адам миының) дамуы нәтижесінде 
пайда  болатын  өнім  (материалистік  монизм  принципі); объектив  дүние  мен  сана 
құбылыстары  себепті  шарттасқан,  өзара  байланысты  және  тәуелді  (детерминизм 
принципі);  барша  заттар  мен  құбылыстар  қозғалыс  жағдайында  болып,  дамиды 
және өзгеріске келеді.  
Диалектикалық  материализм  философиясында  аса  маңызды  орын  диалектика 
заңдарына  берілген:  сандық  өзгерістердің  сапалық  ауысуы,  қарама-қарсылық 
бірлігі мен күресі, жоқты жоққа шығару.  
Диалектикалық материализм педагогикасының негізгі идеялық ұстанымы- тұлға 
қоғамдық қатынастардың  объекті  де,  субъекті  де.  Адамның тұлғалық дамуы  мен 
кемелденуі сыртқы жағдайлармен себепті тәуелділікте (детерминирован), сонымен 


бірге  сол  нақты  адамның  табиғи  болмысына  байланысты.  Тұлға  дамуында 
жетекшілік  рөл  –  тәжірибеде.  Ал  тәрбие  тарихи  және  таптық  сипатқа  ие  болған 
күрделі  әлеуметтік  процесс.  Тұлға  және  адам  іс-әрекеті  ажырамас  тұтастық 
құрайды, яғни тұлға іс-әрекетте, еңбекте көрінеді және қалыптасады.  
Жаңаланған дәуір педагогикасы философиялық деңгейлі әрқилы әдіснаманы өз 
ғылыми  зерттеулерінің  бас  қаруы  ретінде  міндетті  түрде  қолданып,  пайдалануы 
қажет.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет