Жалпығылымдық әдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен процестерінің
жалпыланған байланысы және өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен
танылуы мүмкін. Ол әрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға, сондай-ақ
өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесіне
бағдарлайды.Жүйелілік мәніне орай әрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз
бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады.
Осыдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе
қасиеттері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің заттасқан
және тарихи қырлары келесідей зерттеу принциптерін бірлікте іске асыруды қажет
етеді: