№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет91/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   293
Байланысты:
педагогика

позитивистік 
бағыт  пайда  болды.  Бұл  бағыт  өкілдері  табиғаттану  пәндері  мен  оларда 
қолданылатын әдістерді әсіре дәріптеп, сандық зерттелген дәйектерді ғана дұрыс 
та дәлелді деп таниды. Таптық күрес, қоғам дамуы, әлеуметтік қайшылықтармен 
байланысты  проблемаларды  тіпті  де  жалған,  ғылыми  деректеуге  келмейді  деп 
жариялады. Позитивистер үшін бірден бір мәнді ғылымдар – бұл математика мен 
табиғаттану, ал қоғамдық ғылымдар- шындыққа сиыспайтын ертегі.  
Неопозитивизм 
мәндік тұрғыдан өз негізі позитивизмді қолдай отырып, қазіргі 
заман  ұғымдары  мен  терминдерін  пайдалануымен  осы  дәуір  философиясында 
елеулі  орын  иеледі.  Педагогика  әлсіздігін,  неопозитивистер,  оның  шынайы 
деректермен  іс-әрекеттерге  орынды  мән  бермей,  пайдасыз  идеялар  мен 
абстракцияға бой ұрғандығынан көреді. Олар білім беру жолында мазмұнға емес, 
әдістерге елеулі мән беріп, оқу мен тәрбиеде негізгі нәрсе «білім емес, ал оны ұғу 
мен игеру әдістері» - деген тұжырымды алға тартты. Неопозитивизмнің көрнекті 
өкілі- ірі атомшы ғалым, АҚШ-тың саяси қайраткері – 
Дж. Конант
. Оның «Бүгінгі 
Америка орта мектебі», «Американ мұғалімдерін дайындау» атты еңбектері АҚШ 
педагогикасының өркендеуіне зор үлесін қосты.  
Прагматизм 
философиялық ағым ретінде XIX-XX ғ.ғ. шектерінде пайда болды. 
Ғылым,  техника  және  өндірістің  қарқынды  дамуы  материалистік  философияның 


тұғырын  бекіте  түсіп,  абсолюттік  идеализмнің  негіздеріне  ақау  салды. 
Прагматистік  бағытты  қалаушылар  идеализм  мен  материализмнен  бөлектенген 
жаңа  философияны  ұстанатынын  жария  етті.  Прагматизмдегі  басты  ұғым- 
«тәжірибе»,  «іс»(грекше  «прагма»),  осыдан  олар  болмыс  танудың  негізі  жеке 
адамның  іс-тәжірибесінде  деп  біледі  де  объектив  білімдерді  мойындаудан  бас 
тартады.  Олардың  пікірінше,  адамның  практикалық  іс-әрекетінің  нәтижесінде 
алынған,  ол  үшін  құндылықты  болған  білімдер  ғана  шынайы  сипатта  болуы 
мүмкін.  
Прагматизмнің  аса  көрнекті  өкілі-  американдық  ғалым-
Дж.Дьюи. 
Оның 
шығармашылығымен жүзеге келген прагматикалық педагогика көптеген елдердің, 
әсіресе АҚШ-тың мектептік білім жүйесінің қалыпқа түсіп, өркендеуіне зор ықпал 
жасады,  әлі  де  ықпал  жасауда.  Өзінің  көптеген  педагогикалық  еңбектерінде 
Дж.Дьюи ескі, схоластикалық мектепті сынай отырып, оқу мен тәрбиеге орай аса 
маңызды  болған  бірқатар  принциптерді  алға  тартты.  Олардың  ішіндегі  бала 
белсенділігін  дамыту,  бала  оқуының  ықпалды  мотиві-  қызығуға  дем  беру 
принциптерінің орындалуын білім игертудегі басты міндет деп есептеді.  
Прагматизмнің  тірек  ұғымы  «тәжірибеге»  сүйене  отырып,  Дж.Дьюи  оқу 
процесінің  негізі  баланың  жекеленген  іс-әрекеттік  тәжірибесінде  болатынын 
уағыздады. Оның ойынша, оқу-білім мақсаты балаға тумадан берілген инстинкттер 
мен қабілеттердің өзіндік көрінуіне ықпал жасау. Дж.Дьюи және оның ізбасарлары 
(Т.Брамельд, А.Маслоу, Э.Келли және т.б.) инабаттылық тәрбиесі мәселелерін де 
осы  жекеленген  тәжірибе  тұрғысынан  қарастыруды  дәріптейді.  Адам  өз  әрекет-
қылығын басқаруда алдын ала жоспарланған принциптер мен ережелерге тәуелді 
болмай, нақты жағдай мен көзделген мақсатқа орай белгілі әрекетке кірісуі қажет 
екендігін  мақұлдайды.  Жеке  табысқа  жету  жолында  жәрдем  бергеннің  бәрін 
прагматистер ізгілік нышаны ретінде таниды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет