№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптері



Pdf көрінісі
бет162/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптері 
Тәрбие – педагогикалық құбылыс. Сондаықтан педагогикалық құбылыстар мен 
процестер  арасындағы  байланыс  мәселелерін  қарастырып,  оның  кейбір 
заңдылықтарын атауға болады: 
1)
 
Тәрбие қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты.
 Неғұрлым 
қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  әлеметтік  мүмкіншілігі  өзгермелі  өмір 
талабына  сәйкес  дамып  отырса,  соғұрлым  жастардың  келешегіне,  адамгершілік 
қасиеттерінің дамып, қалыптасуына әсер етеді.
 
2)
 
Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. 
Тұлғаның даму процесінде өзін-өзі 
тәрбиелеу  белсенділігі  сапа  жағынан  ішкі  факторға  айналады.  Тәрбиеленуші  тек 
айналадағы дүниені танып қана қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне үңіле 
білулері  қажет,  яғни  бір  жағынан  оқушы  –  тәрбие  объектісі,  ал  екінші  жағынан 
оның субъектісі болады.
 
3)
 
Тәрбие  іс-әрекетінің  және  қарым-қатынастың  шешуші  ролі.
  Іс-әрекеттің 
процесінде  қарым-қатынас  іске  асырылады.  Қарым-қатынас  оқушыларды  мінез-
құлқы,  іс-әрекеттері,  білім,  әдебиет,  өнер,  қоршаған  орта  туралы  мол 
хабарламалармен байытып, ой-өрісін дамытады. 
4)
 
Педагогикалық  процесте  оқушылардың  жас  және  дербес  ерекшеліктерін 
есепке алу. 
 Жас ерекшеліктері мынадай жағдайда еске алынады: 

 
организмнің дене және психикалық дамуына байланысты; 



 
тәрбие және қоғамдық пайдалы жұмыстардың процесінде;  
Жеке адамның дербес ерекшеліктерін есепке алу: 

 
темперамент,оның типтері . 

 
мінез, қабілет, оның түрлері, жалпы және арнайы қабілеттер.   
5)
 
Педагогикалық  процесте  ұжым  мен  жеке  адамның  өзара  байланысы. 
Оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі  – ұжым болып табылады. Тәрбие 
процесінде ұжымның ең басты борышы - әрбір адамның түлеп ұшуына қамқоршы 
болуы тиіс.
 
6)
 
Тәрбиенің,  оқытудың,  білім  берудің  және  дамудың  өзара  байланыс 
заңдылығы. 
Тұтас  педагогикалық  принциптің  заңдылықтары  оқыту  мен  тәрбие 
принциптерінде бейнеленеді. Принцип латын сөзі – негізгі, бастапқы деген ұғымды 
білдіреді.  Тәрбие  принциптері  дегеніміз  –  тәрбие  процесінің  мазмұнын, 
ұйымдастырылуы  мен  әдістерін  айқындайтын  ережелер,  алғы  шарттар,  талаптар 
және бағыттаушы қағидалар жиынтығы. 
Тәрбиенің принциптері төмендегі жүйеде былай  қарастырылады: 

 
тәрбиенің мақсаттылығы; 

 
тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық практикамен байланыстылығы; 

 
сана мен мінез-құлықтың бірлігі; 

 
еңбек арқылы тәрбиелеу принципі; 

 
жеке адамға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлікте болу принципі; 

 
балалардың жас ерекшеліктері мен дара ерекшеліктерін есепке алу принципі; 

 
жеке адамды ұжымда тәрбиелеу принципі; 

 
оқушылардың  саналылығын,  белсенділігін,  өзіндік  әдеттерін  дамыту 
принципі; 

 
педагогикалық ықпалдың сабақтастығы мен толассыздық принципі; 

 
адам бойындағы жақсылық нышандарға сүйсіну принципі; 

 
тәрбие  процесінде  мектеп,  отбасы  және  жұртшылық  әрекетінің  бірлік 
принципі. 
Тәрбие принциптерінің кейбіріне сипаттама беріп өтейік: 
а) Тәрбиенің мақсаттылық принципі.
 Тәрбие  жұмысында мақсатқа жету үшін 
әдейі  міндет қойылып, ол шығармашылықпен орындалуға тиіс. Сынып жетекшісі 
өзі  тәрбиелейтін  тұлғаның    қандай  болатынын    анық  білуі  керек.  Тәрбие 
жұмысының  тиімді  болуы  –  ұйымдастырылған  жұмыс  мақсатына,  мазмұнына  
сынып  жетекшісі  мен  оқушылардың  оған  деген  қатынасына  байланысты. 
Мақсаттылық принципі – тәрбие жүйесіндегі  басты принцип  болып есептеледі. 
ә)  Тәрбиенің  өмірмен,  еңбекпен,  тәжірибемен  байланысты  болу  принципі. 
Педагогикада    тәрбие  өзі  өмір    сүрген  ортасын,  ауыл-аймақта,  отбасында  іске 
асырылып,  ата-ананың,  ақылды  қариялар  мен  әже,  аналардың,  ағалардың,  есті 
үлкендердің  үлгі-өнегесімен,  ақыл-кеңесімен,  басшылығымен  іске  асырылып 
келгенін өмір дәлелдеген. Дұрыс тәрбиенің  нәтижесі өмір сүру  барысында еңбек 
үстінде көрініс табады. 
 


б)  Ұжымда  тәрбиелеу  принципі. 
Жеке  адамға  ұжымның  оң  ықпалын,  дұрыс 
қатынастарын қалыптастырады. Оқушыны  ұжым  мүшесі болуға талпыну тілегін 
тудыру, көпшілік мақсаты үшін күресу сезімін тәрбиелеу.   
в)  Белсенділік  принципі. 
Тәрбие  ісі  екі  жақты  процесс:  тәрбиешінің  де, 
тәрбиеленушінің де  белсенділігін қажет етеді. Тәрбие ісіне оқушылар күш жұмсап, 
белсенді қатысқанда ғана нәтижелі болады.  
г)  Жеке    тұлғаны  құрметтеу  және  жоғары    талап  қою    принципі. 
А.С.Макаренко адамды мейлінше құрметтеу, мейлінше мол талап қоюды ұсынған. 
Құрметтеу  де,  талап  ету  де,  оның  кісілігіне  сену,  қамқорлық  жасау,  оқушының  
бойындағы жақсы қасиеттерінің, қабілеттерінің  дамуына тірек болады. Құрметтеу 
жастарға  қамқорлықпен  назар  аудару,  көмектесу,  ілтипатты  қарым-қатынас 
жасауда көрінеді. 
  Ал талап қою – адамдық қарым-қатынастың екінші жағы, оқушының күшін 
ескеріп,  мақсатты,  жүйелі,  табанды  түрде  талап  қойып,  тапсырманы  орындауын 
қадағалау, бағалау. Қандай  талап болса да жеке тұлғаны  төмендетпеуге, намысына 
тимеуге,  қайта  оның  белсенділігі  мен  жауапкершілігін    күшеюіне  мүмкіндік  
тудыру қажет. 
д) Оқушылардың жеке және жас ерекшелігін ескеру принципі. 
Оқушылардың 
жеке  және  жас  ерекшеліктерін  ескеру,  оның    тұтас  дамуына  ықпал  ету.    Сынып 
жетекшісі әр оқушының  психологиясын, типін, темпераментін, жүйке-жүйесінің  
қызметін, мінез-құлқын, жеке ерекшелігіне сай даму өзгешелігін,  қабілетін білуі, 
күнделікті тәрбие жұмысында әр тұлғаға  жеке ықпал етуі абзал. 
е)  Тәрбиенің  бір  тұтастығы,  бірізділігі,  жүйелілілігі,  үздіксіздігі  принципі. 
Тәрбие  –  үздіксіз  іске  асырылатын  бір  тұтас  процесс.    Жеке  тұлғаның  адамдық 
қасиеттеріне үзік-үзік тәрбиелеуге болмайды (А.С.Макаренко), өйткені,  тәрбиенің  
біртұтастығы, жүйелілігі, бірізділігі принципі, ең алдымен  оқыту мен тәрбиелеудің 
және  тәрбие    бағыттарының    арасындағы  өзара  логикалық  байланыс  тәрбиені 
кешенді жүргізуді талап етеді. Тәрбие процесінің біртұтастығы мен бірізділігі, оқу 
тәрбие  мазмұны  мен  оқушылардың    бос  уақытын    тиімді  ұйымдастырып,  оларға 
жоспармен,  жүйелі  үздіксіз  ықпал  ету  арқылы  шешеді.    Сонымен    қатар    бұл 
принципті  іске асыру отбасы мен мектеп арасындағы тұрақты  байланысты, бүкіл 
жұртшылықтың тәрбиеге  белсенді араласуын талап етеді. 
  Тәрбие – мақсат көзделіп, жүйелі ұйымдастырылған тәрбие нәтижесінде  іске 
асады, сонда ғана, жастардың  өмірге құштарлығын, еңбекті қажетсінуін дамытуға 
болады.  Тәрбие  мазмұнының    ұстанымдары,  оны  ұйымдастыруға  және  оның 
әдістеріне    қойылатын    негізгі  талаптарына    белгіленген.    Тәрбие  ұстанымдары  
жеке  тұлғаны  тәрбиелеу  жөніндегі    ілімге    және  ғасырлар    бойы  жинақталған 
халықтық тәжірибеге  және ғылыми   педагогикаға сүйенеді. Бұл  ұстанымдардың  
иедялық, негізгі – мектептің өмірімен, тәжірибемен, еңбекпен байланысына сай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет