№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет170/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Адамгершілік  тәрбиесі. 
Бұл  қоғамдық  талаптар  және  әрекет-қылық 
нормаларын  ескерумен  іс  жасауға  мүмкіндік  беруші  ептіліктер  мен  дағдыларды 
қалыптастыруға бағытталған тәрбие процесінің мәнді бір бөлігі.  
Мәдениет тарихында адамгершілік тәрбиесі мәнін түсінудің төрт негізгі дәстүрі 
қалыптасқан:  
-  патерналистік  (патер-лат.  «әке»,  үлкендерге  құрмет  түріндегі  адамгершілік 
тәрбиесі);  
-  діни-дәстүрлік  (діни  наным  сенімдер  мәртебесін  қолдау  түріндегі 
адамгершілік тәрбиесі);  
-  ағартушылық  (ғылыми  білімдер  игерудің  нәтижесі  түріндегі  адамгершілік 
тәрбиесі);  
- коммунитаторлық (коммуна-лат. «қауым», «бірлестік»; ұжымшылдық сезімін 
қалыптастыру сезімі түріндегі адамгершілік тәрбиесі).  
Адамгершілік  тәрбиесінің  мақсаты-  өз  іс-әрекетіне  жауапкершілікті,  адал, 
намысты, жалғандық пен кәззаптықтан жаны аулақ адамды тәрбиелеу.  
Алайда  адамгершілік  тек  сырттай  форма  ретінде  игерілуі  мүмкін  емес,  ол 
адамның  тұлғалық  дербестігіне  негізделіп,  әр  тұлғаның  өзіндік  заңы  күйінде 
танылады. Адамгершілік қалаған уақытта, қалаған нақты жолмен орындалатын жәй 
мақсат емес. Ол адами іс-әрекеттің өз негізінде жатқан 
мақсаттардың мақсаты
.  


Адамгершілік  тәрбиесі  негізінде  қалыптасушы  сапа-қасиеттер  түрі  келесідей: 
шыдамдылық,  жомарттық,  әдептілік,  ізгіліктілік;  адамдар  арасындағы  өзара 
сыйластық,  өзара  жәрдем  және  жолдастық,  үлкенге  сый,  кішіге  қамқорлық,  әйел 
және  ер  арасындағы  құрметтеу  қатынасы;  өзіндік  тәртіптілік,  өзіндік  қадағалау, 
өзіндік басқарым, өзін өзі тану, өзін өзі реттеу қабілеттері. Әр адам өзі қалаған әдет-
қылықтарды ардақтау арқылы өз адамгершілігінің дамуына ықпал жасауы мүмкін.  
Адамгершілік тәрбиесіне орай іс-әрекеттер мазмұны:  
-  ұжымдық  оқу  және  қоғамдық  пайдалы  іс-әрекеттерді  ұйымдастыру  арқылы 
тәрбиеленушілерді қамқорлыққа баулу;  
- қайырымдылық пен жауыздық проблемаларын талдай білуге үйрету;  
- шынайы және бейнақты гуманизмді айыра білуге жаттықтыру;  
- әлеуметтік әділдік пен әділетсіздік мәнін түсінуге баулу;  
- гуманизм идеялары мен олардың жалпы адамзаттық сипатын түсіне, бағалауға 
дағдыландыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет