№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет166/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Ғылыми  дүниетаным  тәрбиесі. 
Дүниетаным  негізі  –  әлемді  түсіну,  яғни 
қоршаған  болмыс  жөніндегі  білімдер  тобын  меңгеру.  Бұл  білімдер  мен  ұғымдар 
ертеңге  де,  бүгінге  де,  алыс  болашаққа  да  қатысты.  Олардың  бәрі  адамдардың 
рухани  дүниесінің  кәусар  көзі.  Дүниетаным  құрамы  күнделікті  өмір  барысында, 
өнерде, әдебиетте, ғылым мен дінде қалыптасатын белгілі мұраттар мен шындық 
бейнелерінде көрінген болмыстық қабылдаулардан құралады.  
Дүниетаным  наным,  сеніммен  байланысты.  Дүниетаным  көзқарастары 
адамның  ұзақ  уақыт  айналысқан  күрделі  ақыл-ес  жұмыстарының  негізінде 
орнығады.  Бұл  көзқарастар  тұлғаның  рухани  өмірінің  тұғырына,  оның  «Мен» 
мәніне айналып, өмірлік ұстанымын айқындауға негіз болады.  
Дүниетанымның  қалыптасуы  кездейсоқ  жәй,  тұрмыстық  тәжірибеден  не 
әрқилы дүниетанымдық ұстанымдар тоғысынан, немесе саналы, тұғырлы идеялар, 
мұраттар мен принциптердің теориялық зерт-теулері арқасында болуы мүмкін. 
Адам дүниетанымында әрқашан белгілі уақыт, заман белгілері көрініс береді. 
Әлем  жөніндегі  бүгінгі  ұғым,  дүниетаным  бүкілдей  ғылым  жетістіктерінің 
негізінде  қаланды.  Біздің  қазіргі  дәуірімізге  тән  дүниетанымдық  көзқарастар: 
демократия  құндылықтары  және  адам  құқын,  оның  экономикалық  және  саяси 
еркіндіктерін, ар-намыс және дүниетанымдық еркіндікті бүкіл әлем болып қолдап-


қуаттау және қорғау. Күннен күнге білім құндылығы артуда. Қоғам болашағы да 
осы білімге иек артады, стратегиялық әлеуметтік бағдарламалар да көбіне білімді 
негізге алып түзетілетін болды.  
Ғылыми  дүниетаным  қалыптастырудағы  басты  мақсат  –мына  күрделі  де 
қайшылықты өмірде адамға өз бетінше дербес іс-әрекет жасаудың бағдарын беру.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет