№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет164/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Құндылықты бағыт-бағдар 
– 
бұл стратегиялық өмір мұраттары және жалпы 
дүниетанымдық  алғы  шарт  ретінде  танылған  құндылықтардың  адам  санасында 
бейнеленуі.  
Қалыптасқан,  тұрақты  құндылықтар  бағыттарының  жиынтығы  тұлға 
тұрақтылығын, қажеттер мен қызығулар бағдарында көрінген әрекет-қылық және 
іс-әрекет  типтерінің  өзара  байланыса,  ұштасуын  қамтамасыз  етеді.  Осыдан, 
құндылықты  бағыт  тұлға  сеп-түрткілеріне  (мотивтеріне)  себепші,  реттеуші 
маңызды  жағдаят  (фактор)  ретінде  іске  қосылады.  Құндылықты  бағыт-
бағдарлардың негізгі мазмұны – адамның саяси, философиялық (дүниетанымдық), 
адамгершілік  наным-сенімдері,  терең  әрі  тұрақты  бейімділіктері,  қылық-әрекет, 
мінез принциптері. Осыдан, қай қоғамда да тұлғаның құндылықты бағыт-бағдары 
тәрбие және мақсатты ықпал жасау нысаны ретінде қарастырылады. Олар арқылы 
еріктік күш салу, зейін, ой-өріс бағдарлары анықталады.  
Құндылықты бағдардың дамуы –тұлға кемелінің белгісі, оның әлеуметтенуінің 
көрсеткіші,  құндылықты  бағыттардың  тұрақты  бірлігі  тұлғаның  келесідей 
сапаларының  дамып,  орнығуына  себерші  болады:  тұлғаның  тұтастығы  мен 
сенімділігі  ,  белгілі  мұраттар  мен  принциптерге  адалдық,  осы  мұраттар  мен 
принциптерді  іске  асыру  жолында  ерік  күшін  аямауға  қабілеттілік,  өмірлік 
ұстанымдарға орай белсенділік, мақсатқа жетуде табандылық пен өжеттік.  


Құндылықты бағыттар арасындағы қайшылықтар әрекет-қылық пен мінездегі 
тұрақсыздықты туындатады. Құндылықты бағыт-бағдардың мешеуленуі адамның 
селқостығы мен енжарлығына себепші болады.  
Бүгінгі  күнде  әлем  елдерінде  әрқилы  құндылықтар  жүйесі  қабылданған.  Осы 
заманғы  гуманистік  педагогика  олардың  арасында  жалпы  адамзаттық  келесідей 
құндылықтарды  аса  маңыздылар  қатарында  алға  тартады:  адам  құқы,  адамды  ең 
жоғары  құндылық  ретінде  тану,  бала  тұлғасы  мен  оның  қадіріне  құрмет;  бала 
еркіндігі  мен  даму  құқын  қорғау;  білім  және  тәрбиедегі  демократиялық 
принциптерді берік ұстану.  
Адам құқы және еркі – жалпы адамзаттық құндылық, себебі олар адамзаттың 
жалпы мүдделерін танытады, әрқилы халықтардың , діндер мен дәуірлердің рухани 
мұраттарын  жақындатады  әрі  туыстырады.  Барша  халықтар  туындыларын 
сыйлауға, бағалау мен қорғауға үйрену – бұл ұлттық және ұлтаралық ынтымақтың 
белгісі  ретінде  қабылданған  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  сезіну  және 
қабылдау нышаны. 
Бүгінгі Қазақстандық қоғамда құндылықты бағыттар қатарында ұлтжандылық, 
отаншылдық сезімдері, яғни өз халқымызды, оның салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін, 
әдеттерін,  туған  ел  табиғатын  құрметтеп  білу-  жоғары  маңызға  ие  болып  отыр. 
Сонымен  бірге  әрбір  адам  үшін  жоғары  құндылық  –  бұл  өмір,  тіршілікке  болған 
қамқорлық,  гуманистік  қатынастар  негізі  -  әр  адамның  өз  басын  сыйлауы,  өз 
адамгершілік  сапаларына  болған  құндылықты  қатынас;  ата-ананы,  туған-
туысқанды,  отбасы,  бала-шағаны  ардақ  тұту,  табиғатты  аялау  және  ең  жоғары 
инабатты құндылық ретінде еңбекті қадір ету.  
Жалпы адамзаттық құндылықтар арасында ұлттық құндылықтар шегерілмейді. 
Керісінше,  осы  ұлттық  құндылықтар  арқылы  көрінеді.  Алғашқыда  осы  ұлттық 
формада көзге түскен қайталанбас соны жетістіктер уақыт өте жалпы адамзаттық 
құндылыққа  өтеді  (мысалы,  жақын  уақыттың  өзінде  қазақ  домбырасын  жетекші 
күй аспабы ретінде танытқан «Ұлытау» триосының Голливуд жеңімпазы аталып, 
бүкіл әлемге танылуы).  
Қоғамдағы  азаматтық,  гуманистік  құндылықтардың  бекуі,  өз  міндеттері  мен 
құқықтарының  өзара  тәуелділігін  сезінуші  әрі  азаматтық  ұстанымы  бар  ерікті 
тұлғаны  қалыптастыру  көбіне  тәрбие  және  оқу  жүйесіне  байланысты.  Заман 
ерекшелігін ескерумен түзілген құндылықты бағыттардың дамуынан әр адам өзін 
планета азаматы, әлем адамы санатында сезінуге мүмкіндік алады.  
Жалпы адамзаттық құндылықтарды түсіне танудың негізі қоғамға бағытталған 
идеялардың, 
сезімдердің, 
ұғымдардың 
қалыптасуына; 
ұлттық 
және 
жалпыадамзаттық  құндылықтарды  байланыстыра  білуге;  қоғамға  және  басқа 
адамдарға болған қатынастарға орай құқы мен міндеттерін зерттеп тануға; азамат 
құқы  мен  міндеттерінің  бірлігін  түсінуге;  азаматтық  мінез-құлық  пен  сезімдерді 
тәрбиелеуге; пікір жүргізу еркіндігінің дамуы мен көңіл-күй ортақтығын сезінуге 
және т.б. орайлас келеді.  
Жалпы  адамзаттық  құндылықтарға  бағыт-бағдар  тәрбие  мазмұнының 
ажыралмас бір бөлігі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет