№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет172/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   293
Байланысты:
педагогика

Эстетикалық  тәрбие

Бұл  тұлғаның  эстетикалық  көңіл-күй  –сезімдік  және 
тұлғалық сана мен оған сәйкес іс-әрекет қалыптастыру және дамыту.  
Бұл  тәрбие  түрі  тұлғаның  өзіндік  білім  игеруі  мен  өзіндік  дамуы  барысында 
іске асады әрі құндылық мәнін иелейді. Эстетикалық тәрбие өз ішіне эстетикалық 
көңіл  шарпулары  (эмоция)  мен  бағамдарын  туындататын  болмыстың  әсем 
нысандары  мен  олардың  қасиеттеріне  бағытталған  тәрбие  жұмыстарының 
формалары және әдістемелік жұмыстар түрлерін қамтиды.  
Эстетикалық  тәрбие  және  білім  алудағы  мақсаттар:  тұлғаның  өнер  мен 
қоршаған болмыс нысандарын қабылдау, игеру және бағалау дайындығын дамыту; 
көркем өнер, рухани және дене шынықтыру мәдениеті саласында шығармашылық 
қабілеттерін қалыптастыру.  
Эстетикалық  тәрбие  тұлғаның  әсемдікті  тануға  орайласқан  санасын  (сезімі, 
бағамы,  талғамдары,  ұғымдары,  мұраттары,  құндылықтары  мен  көзқарастары), 
оның  қасиеттерін,  бағалау  -  эстетикалық  қатынастарын  және  олардың  әрекет-
қылық  пен  мінезде,  өз  қалаулары  мен  іс-әрекеттеріндегі  (қабылдауында, 


бағалауында,  шығармашылық  қызметтестік  пен  өзіндік  жасампаздық,  сезіне 
жауапқа келуінде, талдауда) көрінісін ашуға, анықтауға бағытталған.  
Қазіргі  заман  жағдайларына  орай  аса  маңыздылары  ретінде  эстетикалық 
тәрбиенің  келесі  бағыттары  алға  тартылуда:  көркем  өнерлік  білімді  үздіксіз 
дамыту;  оқушылардың  ән-күй  мәдениетін  қалыптастыру,  театрға  байланысты 
тәрбие мен білім беру, көркем әдебиеттік қабілеттер дарыту және дамыту, т.с.с. 
Әсемдікке  тәрбиелеудің  нәтижелік  көрсеткіштері:  тәрбиеленушілердің 
эстетикалық  санасының  даму  деңгейі;  олардың  эстетикалық  құнды  заттар, 
құбылыстар,  көркем  шығармалар  әлемінен  игерілген  қорға  шығармашылдықпен 
қатысы.  
Эстетикалық  тәрбие  бойынша  қызметтер  мазмұны:  мұражайлар  мен 
көрмелерге  саяхаттар  ұйымдастыру,  көркем  әдебиет  туындылары  бойынша 
конференциялар  өткізу;  дөңгелек  үстел  төңірегінде  кездесулер  ұйымдастыру; 
әйгілі  орындаушылар  (жеке  әншілер,  хор,  оркестрлер)  күйтабақтарын  жинақтау; 
тірі табиғат бұрышын және т.б. жасау.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет