№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет173/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Дене тәрбиесі 
– 
тән - денелік бой тіктеу үшін қажетті білімдер мен әдістерді 
ұрпақтан  ұрпаққа  ауыстыра  жеткізуге  бағытталған  педагогикалық  ұйымдасқан 
процесс. Дене тәрбиесінің мақсаты – адам тұлғасының, оның дене қасиеттері мен 
қабілеттерінің  жан-жақты  жетілуі,  қозғалысты  дағдылары  мен  ептіліктерінің 
қалыптасуы, тән саулығын көтеру.  
Дене тәрбиесінің негізгі құрал-жабдықтары – дене шынықтыру жаттығулары, 
табиғаттың тума күш көздерін пайдалану (күн энергиясы, ауа мен су ортасы және 
т.б.)  гигиена  ережелерін  ұстану  (әр  адамның  жеке  басына,  еңбегіне,  тұрмысына 
және  т.б.  байланысты).  Дене  шынықтыруға  арналған  жаттығулар  тән-дене 
қабілеттерінің дамуына әртараптан әсер етеді. Олардың адам ағзасына ықпал жасау 
заңдылықтарын тану және оларды орынды қолдана білуден әрбір оқушы не ересек 
дене  шынықтыру  мәдениетін,  дене  тәрбиесі  мақсаттарын  іске  асыруға  пайдалана 
алады.  Бұл  тәрбие  түрі  үш  негізгі  бағытта  орындалып  жатады:  жалпы  дене 
дайындығы, кәсіби дене дайындығы, спорттық дайындық.  
Дене тәрбиесіне орай іс әрекеттер мазмұны өз ішіне таңғы гимнастиканы, таза 
ауада  жүріп-тұруды,  кешкі  серуенді,  салауаттық  күндерін,  әрқилы  спорттық 
бөлімдерге қатысуды, туристік саяхаттарды және т.б. қамтиды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет