Білім берудегі бағалау – бұл:
«білім берудегі мүдделі болып табылатын өзекті мәселеге қатысты оқушының деңгейін анықтауға бағытталған формалды әрекет» (Popham, J., 2014)
«… оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу үшін кері байланыс ретінде қолдануға арналған ақпарат беретін мұғалімдер мен оқушылардың өзін-өзі бағалауға бағытталған барлық іс-әрекеттері». (Black & Wiliam, 1998).
«Бағалау мазмұнын жетілдіру маңызды болғанымен, бұл бағалаудың оқыту деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз етуі үшін жеткіліксіз». (Shepard, 2000).
Бұл тұжырымдар сіздің түсінігіңізбен сәйкес келе ме?
Иә, Сіздің бағалаудың мәні мен мазмұнын түсінетініңізге және сіздің пәніңізді оқытуда критериалды бағалауды қолдану бойынша қажетті дағдылардың қалыптасқанына сенімдіміз.
Қазіргі таңда бұл бағытта мұғалімдер мол тәжірибе жинақтады, дегенмен біздің мұғалімдерге әрі қарай даму қажет. Оларға бағалауда қолданылатын тапсырмалардың сапасын арттыруды, оқытуды жақсарту үшін бағалау нәтижелерін ұтымды пайдалануды, оқытуды одан әрі дамыту туралы шешім қабылдау үшін қолайлы бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын игеруді жалғастыру қажет.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі аймақтың, мектептің оқу орнының орналасуы мен тіліне қарамастан, оқушылардың оқу жетістіктерін объективті және тең бағалауды қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының күтілетін нәтижелеріне сәйкес бағалау құралдарын одан әрі жетілдіру қажеттігі атап көрсетілген. Оқушылардың білімін критериалды бағалау механизмін жетілдіру қарастырылған.
Дүниежүзілік банктің 2011 жылғы есебінде: «Білім беру саласындағы кез келген бағалау процесінің сапасы қолданылатын құралдардың сапасына тікелей байланысты. Әдетте, егер құралдар нашар құрастырылған болса, онда бағалау уақыт пен қаражатты текке жоғалту» деп атап көрсетілген.
Курста оқу барысында сіз бағалауға қатысты өз түсінігіңізді кеңейтіп, бағалау құралдарын әзірлеу және сараптау дағдыларын одан әрі дамытасыз.