1 дәріс тақырыбы. Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік –мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі. Жоспар


Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы



бет30/42
Дата08.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#124480
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
Байланысты:
lektsii mamnd

3. Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы
Педагогикалық қарым-қатынастың мына төмендегідей құрылымдары болатындығын атап көрсетуге болады:

  • қарым-қатынасты моделдеу кезеңі;

  • қарым-қатынасты ұйымдастыру кезеңі;

  • жүзеге асырылған қарым-қатынасты талдау кезеңі.

Қарым-қатынастың түрлі жақтарының байланысы, олардың динамикасы Я. Яноушек ұсынған қарым-қатынастың деңгейлік схемасында неғұрлым айқын байқалады (1981). Осы схеманың бірінші деңгейіндекоммуникация өз тарапынан ақпарат беру мен қабылдауды, контактқа түскен индивидтердің бастапқы ақпараттылығында болатын айырмашылықтарды түзететін оның кодталуы мен декодталуын білдіреді. Алайда, осы деңгейдің өзінде коммуникация тек ақпарат алу мен беруге ғана теңеспейді, жасырын түрде ол қатысушылардың өзара қатынастарын да қамтиды. Мысалға, сөйлеуші жағынан тыңдаушының (реципиент) беріліп отырған ақпаратты қалай қабылдауының антиципациясы орын алады, өз кезегінде реципиент өзі алған ақпараттың контексін қайта құрылымдайды: сөйлеушінің бастапқы ниеті, оның тәжірибесі, білімдері және т.б. осы деңгейде бірлескен іс-әрекетпен тікелей байланыс жоқ.
Коммуникация екінші деңгейденақ өзара сипатқа ие болады, мұнда ол қатысушылардың өзара мағыналарды беруі мен қабылдауын көрсетеді. Осы деңгейде коммуникация олардың ортақ міндеттерді орындаудағы бірлескен іс-әрекеттерімен тікелей байланысты, ол тек қана іс-әрекеттегі емес, сондай-ақ сонымен байланысты коммуникацииядағы функциялардың сараланып жіктелінуіне әкеледі. Соңғысы бұл жағдайда ақпараттау, сұрастыру, оқыту, нұсқау беру, бұйыру және т.б. сипатқа ие бола отырып, бірлескен жұмыстың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Берілген коммуникация бағытталған білімдермен, ойлармен, шешімдермен алмасу бұл жерде міндетті бірлесе орындауға бағынған – қажет мәліметтерді алуға, оқу материалын меңгеруге, жаңа білімдерді ашуға, бұйрық беруге және т.б.
Үшінші деңгейдеалдыңғы шепке коммуникация үшін неғұрлым мәнділері: бір бірінің ұстанымдары мен көзқарастарын түсінуге ұмтылу, басқалардың пікіріне құлақ асу, тіпті олармен келіспесе де және т.б. шығады, осы жағдайда коммуникация жекеленген қатысушылардың қосқан үлестерін, жеткен табыстарын жалпы бағалаудың қалыптасуына бағытталады. Жалпы бағалауға ұмтылу кедергілерге тап болуы мүмкін, бұл кедергілер коммуникацияға түсуші жекеленген қатысушылардың негізгі мақсаттарының әр түрлілігінде болады.
Коммуникацияның осы үшінші деңгейі өзара қатынастардың ұжымдық сипатымен байланысты.
Қарым-қатынастың функционалдық бірлігі коммуникативтік міндет болып табылады, ол коммуникативтік акттың ішінде қызмет атқарады. В.А. Кан-Калик бойынша, коммуникативтік міндетті құруда педагогикалық міндет, мұғалім мен сыныптың педагогикалық қарым-қатынас деңгейінің болуы, үйренушілердің даралық ерекшеліктерін есепке алу, өзінің даралық ерекшеліктерін есепке алу, жұмыс әдістерін есепке алу басшылыққа алынады.
М.И. Лисинаның анықтауы бойынша, қарым-қатынас міндеті (немесе коммуникативтік міндет) – бұл мақсат, оған жетуге қарым-қатынас процесінде жасалынатын түрлі әрекеттер бағытталған. Қарым-қатынас міндетін ішкі және сыртқы жағдайлар анықтайды (қарым-қатынастағы қажеттіліктердің даму деңгейі, уақыт бойынша таяудағы серігіне әсер ету сипаты). Міндет, өз кезегінде, қарым-қатынас әрекетінің сипатын анықтайды. Коммуникативтік міндеттердің қарым-қатынастың функционалды бірлігі ретіндегі ерекшеліктерін бөлейік.
Біріншіден, коммуникативтік міндет бұл продуктивті-рецептивті бірлік, яғни ол сөйлеушінің де, тыңдаушының да тілдік іс-әрекетін қамтиды.
Сөйлеуші позициясы тарапынан (мысалы мұғалім позициясынан) коммуникативтік міндеттердің келесі топтары бөлінуі мүмкін: 1) ақпаратты беру (хабарлау), 2) ақпаратқа сұраныс, талап ету, 3) әрекетке түрткі болу (вербалды немесе вербалды емес) және 4) педагогикалық қарым-қатынас серігінің (қарастырылып отырған жағдайда – оқушының) вербалды немесе вербалды емес әрекеттерге қатынастарының көрінуі. Осы топтардың әрқайсысының коммуникативтік міндеттері көптеген тілдік әрекеттер арқылы шешіледі.
Зерттеушілер тарапынан сөйлеушінің коммуникативтік міндеттері бөлінген (хабарлау, сендіру, ниеттендіру, иландыру, мақұлдау, түсіндіру, терістеу, дәлел, сұрақ және т.т.), олар педагогикалық қарым-қатынаста неғұрлым көп функционалдық жүктемені атқарады.
Мәскеудің түрлі мектептерінің мұғалімдеріне сауалнама жүргізу нәтижелері, педагогикалық қарым-қатынаста көбінесе дәлелдеу, әңгіме, түсіндіру сияқты коммуникативтік міндеттер кездесетінін көрсетеді. Сауалнаманың «Сізге сыныпта не істеген жеңіл?» деген сұрағына мұғалімдердің 50% жоғарысы былайша жауап береді: «түсіндіру», «әңгімелеу», «сендіру». Сонымен бірге, «Сіз көбінесе сыныпта не істейсіз?» деген сұраққа 50% жуық мұғалімдер «дәлелдеу» деп жауап беріп, оны жеңіл міндет емес деп көрсетеді, сұралған мұғалімдердің 66,7 % сендіру сияқты коммуникативтік міндетті оларға қарсы болғанда табыстырақ орындайды. Мұғалімдердің 80% коммуникативтік міндеттерді бір оқушымен емес, сыныппен қарым-қатынаста орындауды қалайды.
Басқаша айтқанда, әлеуметтік бағдарланған қарым-қатынас мұғалімдер үшін тұлғалық бағдарланған қарым-қатынасқа қарағанда артығырақ болып табылады.
Дәлелдеу міндетін орындау қиындығы осы құрамы бойынша күрделі міндетке әдетте мектепте үйретпейді. Сипаттау, түсіндіру және сендіру коммуникативтік міндеттерін зерттеу нәтижелері, сипаттау мен түсіндіру,дәлелдеу мен сендіру, сияқты міндеттерді орындау тәсілдерінің нақты дифференциациясы тек студенттік жасқа қарай ғана стихиялық түрде қалыптасатынын дәйекті көрсетеді, бұл жерде дәлелдеу міндетін орындаудың өзі қалыптаспайды.
Қарым-қатынас оқыту құралы мен мақсаты ретінде қарастырылған А.К. Маркованың зерттеулерінде, оны игеру төрт кезең ретінде берілген, олардың ішінде алғашқы екеуі ерекше қызықты. Мысалы, бірінші кезең оқушыны өз ойын айқын, нақты жеткізуге үйрету. Екінші кезеңде оқушы қарым-қатынас серігіне әсер етуді, соның ішінде дәлелдеу мен аргумент келтіруді үйрену керек. Басқаша айтқанда, осы кезеңдерде шәкірт белгілі бір коммуникативтік міндетті орындауды үйренуі керек. Сөйлеушінің коммуникативтік міндеттері тыңдаушының коммуникативтік міндеттеріне қарағанда көп зерттелген.
Педагогикалық қарым-қатынас жағдайында тыңдаушы позициясынан келесі коммуникативтік міндеттер бөлінген: «түсіну», «есте сақтау», «жаттау», «меңгеру», «қорытынды жасау», «жауап беру», «теріске шығару», «дәлелдеу». Бұл міндеттердің біртекті емес: бірі күрделірек («дәлелдеу»), екіншісі қарапайымдау («жаттау») екені анық. Олардың әрқайсысы келесінің үш ұстанымының бірімен байланысқан: танымдық, мнемикалық немесе коммуникативтік. Дәл осы коммуникативтік ұстаным – «хабарды алу және басқаға беру» – барлық жас топтарында қабылданған материалды неғұрлым көп сақталуын қамтамасыз етеді. Мұны мұғалім қарым-қатынасты, оқытуды ұйымдастыруда және оқу-тілдік нұсқауларды, міндеттерді тұжырымдау кезінде есепке алуға тиіс. Осыған сәйкес коммуникативтік акттың функционалды бірлігі ретінде коммуникативтік міндет, қарым-қатынастың құрылымдық бірлігі ретінде бола отырып, сөйлеуші мен тыңдаушы жүзеге асыратын қарым-қатынастың екі жақты бірлігі ретінде қарастырылады.
Педагогикалық функциялардың төрт тобын бөледі:
1) ынталандырушы;
2) елеп ескеруші, оларға: а) бағалаушы және б) түзетулер енгізуші;
3) қадағалаушы жатады;
4) ұйымдастырушы, оларға: а) оқушы зейінін қабылдауға, есте сақтауға және қайта жаңғыртуға бағыттаушы, б) оқушының алдыңғы мәтінмен, суретпен, фильммен жұмысқа дайындығын қамтамасыз етуші, в) міндеттерді, нұсқауларды орындау бірізділігі мен сапасына сілтеуші, г) сабақ үстіндегі хорлық, жұптық, топтық, даралық жұмыстарды ұйымдастырушы, д) оқушының сабақ кезіндегі тәртібін реттеуші функциялар жатады.
Қарым-қатынас стилі адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесу тәсілдері мен құралдарының тұрақты формасы, берілген жағдайда ол педагогикалық өзара әрекеттесу. Оқытушының өзінің қарым-қатынас стилін
1) оқушының ойлау процесіне аса зейін аудару, ойдың қалт еткен қозғалысы дереу қолдауды талап етеді, тіпті кейде ойды байқадым деген белгі де жеткілікті;
2) эмпатияның болуы – өзін оқушының орнына қоя білу ептілігі, оның іс-әрекетінің мақсаттарын, түрткілерін және оның өзін түсіну, бұл белгілі бір дәрежеде оқушы іс-әрекетін болжауға және оны «post factum» емес, алдын ала басқаруға мүмкіндік береді;
3) ақкөңілділік, үлкен әріптестің (достың) оқушы табысына деген қызығушылық позициясы;
4) рефлексия – оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаратын педагог ретінде өз іс-әрекетін қатаң түрде үздіксіз талдау және оқу процесіне неғұрлым мол, жылдам түзетулер енгізу».
Сенім, бостандық, еркіндік, қорқыныштың болмауы, мұғалімге, оқуға деген қуанышты қатынас, топтағы ақжарқын өзара түсіністікке ұмтылу – мұғалімнің қарым-қатынас стилін дұрыс таңдауының нәтижесі. Мұндай стильдің болмауы, айқайлау, кекету, мұғалімның мінез-құлығы мен оның қарым-қатынас стилінде орын алатын оқушыны сыйламау бүкіл оқыту жүйесі қаншалықты мазмұнды және әдістемелік дұрыс ұйымдастырылса да, оны жоққа шығарады.
Қарым-қатынас көпжақты және көпфункционалды құбылыс, оның сипаты өзара әрекеттесудің өзін анықтайды. Қарым-қатынасты қарастырудағы түрлі келістерді талдау негізінде қарым-қатынастың неғұрлым сәйкес стилі іс-әрекетшіл, демократиялық, достық стилі болып табылды.
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Сейталиев Қ. Педагогиканың жалпы негіздері: оқу құралы. – Алматы: Өлке, 2009. – 223 б


2. Қ.Серғазы. «Мұғалімдер біліктілігін арттыру – заман талабы» // Қазақстан мектебі – 2003.
№3.- 32 бет.
3.А.Қалиева. Мұғалім шығармашылығының мұраты биік // Мұғалім және қоғам – 2009. - №4. -4, 5 бет.

  1. Әбиев Ж.Ә., Бабаев А.М., Құдиярова А.М. Педагогика:оқу құралы. – Алматы: Дарын, 2004. – 443 б.

5.Әленұлы Ш. Педагогика: ұлттық мектепке негізделген оқу құралы. – Алматы: РОСТ, 2002. – 302 б.

4.
12 дәріс тақырыбы. Педагогтің сөйлеу мәдениеті табысты кәсіби қызметінің шарты ретінде




Жоспар
1. Педагогтың сөйлесу техникасы және сөйлеу мәдениеті
2. Сөйлеу техникасы: тыныс алу, дауысы, дикциясы, ритмика




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет