1. Дәріс тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері. «Әдебиет- сөз өнері»


-дәріс тақырыбы: Әдебиеттің тарихи курсын оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата15.10.2023
өлшемі0,5 Mb.
#185601
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ҚӘОӘ лекция
Махамбет
12-дәріс тақырыбы: Әдебиеттің тарихи курсын оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті тарихын жеке бір дәуір аумағында ғана емес, қоғамдық дәуір 
эволюциясымен түтастыра зерттеу әдеби процестің қалыптасу, даму заңдылықтарын 
толық ашып береді. Демек, әдебиет және мәдениет та-рихы халық тарихымен, әдеби 
процеспен тығыз әрі та-биғи байланыс түрғысында қарастырылуы керек. Әрбір халықтың 
өсіп-өніп, біртұтас халық ретінде дүниеге келуінің тарихи әлеуметтік, этногеографиялық, 
мөдени тілдік факторлары бар. Олар уақыт жағынан бірнеше ғасырлар нәтижесінде пайда 
болды. Міне, осындай үзақ жылдар ішінде біздің қоғамымызда алуан түрлі оқиғалар, 
өэгерістер болып жатады да, оның рухани не-месе мәдени тарихы да өзінің алғашқы 
бастауларын ғасырлар тереңінен алады. 
XVIII ғасыр - қазақ поэзиясының кең өріс алып, біздің дөуірімізге молырақ жеткен 
кезі. Бүл дөуір поэзия-сының өзіне дейінгі поэзиядан бір ерекшелігі мүнда ерлік, елдік 
тақырыбы үндес жырланады. 
XVIII ғасыр әдебиеті де қоғамда аласапыран өзгерістер заманында - Жоңғар 
шапқыншылығы өрістеп, қазақ халқының басына үлкен сын туып, Ресейге қосылу про-
цесі жүре бастаған шақта өмірге келді. Бүл кезең ел ба-сына күн туған кезде ел қорғаны 
батырлардың, дуалы ауыз уәзшілер - ақын жыраулардың өмір кешкен дәуірі болды. 
ХП-ХVШ ғасырлардағы поэзия - халқымыздың тарихын, тарихи тұлғаларымыздың 
өмірнамасын, ақын жыраулар шығармашылығының өзіне тән ерекшелігін, құрылысы мен 
тіл көркемдігін қалыптастырған кезең болды. Бүл дәуір мұрасын зерттеу «Ертедегі 
әдебиет 58 нұсқалары» (1967), «Алдаспан» (1970) жинақтарында керініс бере бастады. Өз 
дәуірінде Шоқан Уәлиханов жыраулар жайлы маңызды пікірлер айтты. XIX ғасырдың 70 
жылдарынан Қазан төңкерісіне дейінгі аралықта бірқатар жыраулар туралы (Қазтуған, 
Шалкиіз, Досамбет, Шобан, Жиембет) әр түрлі мөліметтер белгілі бола бастады. Одан 
басқа ақын жыраулардың ңоғамдағы орны мен шығармашылығының ерекшеліктері 
жөнінде С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғүлан, Е.Ысмайылов, 
М.Мағауин т.б. ғалымдар зерттеулер жүргізді. Мәселен, М.Әуезов: «Жыраудың мақсаты 
не болса соны, көңілашар әлдене сөзді айту емес, Ол заман сынын, мезгіл, дөуір 
болжамын, тарихи оқиғаның мазмүнын, бағасын сөз қылады. Көбінесе, әрі жырау, әрі би 
болады», - дейді. Жырауда суырыпсалмалық, шешендік қасиет басым. Хан мен бидің 
алдында жыраудың беделі биік болады. Бұл дәуір өдебиетінде аңындық пен жыраулық 
поэзияның бір арнада дамығанын байқаймыз. Ақындық поэзияда тақырып ауқымы кең, 
лирикалық сипат басым болды. Ал, жыраулық толғауларда әлеуметтік өмірдің алуан түрлі 
көріністері мен заманның бет-бағдарын сипаттайтын ой-болжамдары, толғану басым 
болды. 
Қазақтағы жыр мен өлеңнің түр, мазмұн құрылысындағы айырым белгілерін алғаш 
таныған - Құрбанғали Халид. Ол ақын мен жыршыны жіктеп, ақынның шығармасын 
«өлең» деген. 
Толғау өдебиетте өзіндік ерекшеліктерімен керініп, кене дәуірлерде 
туып қалыптасқан поэзиялық шығарма. Жыраулар қазақ поэзиясына оның негізгі 
бір жанры - толғауды әкелді. Толғау өзінің әуелгі сюжетсіз қалпы мен дидактикалық 
сипатын жалғастырып, өмір, тіршілік, жаратылыс, оның қүбылмалылығы туралы 
жырлайтын ерекшелігін тереңдете түсті. Мәселен, өз кезіндегі талай жорықтарға қатысқан 
ер де өр мінезді Ақтамберді жырау «Күлдір-күлдір кісінетіп» деген ұзақ толғауында 
қазақтың төл тіршілігіне тән әдет-дәстүрлерді тізбектейді: 
Өзенге бие байлатып, 
Төрткүлдеп ошақ қаздырып, 
Төбе бие сойғызып, 
Төменде бидің кеңесін, 
Біз де кұрар ма екенбіз. 
Барша жырауларға ортаң қасиет - ақыл, өсиет айту болса, бүл Аңтамбердіге де төн: 
Ей, адамдар, шоралар, 


Атты мінсең зорды мін, 
Биік біткен теректей. 
Қару алсаң, мылтық ал, 
Қарның ашса, тамағың, 
Жаяу жүрсең таяғың. 
Бұқар жыраудың өмірі туралы айтқанда, оның өмір сүрген ортасы туралы ғана 
емес, зерттеушілер Б.Кенжебаев пен М.Мағауин жырау неліктен жас жасады
Қ.Мұхаметханүлы жас жасады дегенді неге сүйеніп айтқандары туралы мөлімет бере 
кеткен жөн. І.Есенберлиннің «Кешпенділерінде»: «Бұқар үзын бойлы, қапсағай денелі, 
шоқша сақалды, еңселі адам еді. Ол ата бабаларымыздың көкейлерінде қалған 
армандарын кейінгі ұрпақңа жеткізіп отырған. Халқымыздың жырауларды төбесіне 
көтере құрмет тұтатын себебі осы болса керек. Бұқар да сондай құрметтілерінің бірі, 
«көмекей өулие» атанған, - деп жазуы оның ерекше адам екенін білдіреді. Бұқар жырау 
туралы өдебиет тарихында өр қилы пікірлердің болғаны, алғаш жырау туралы құнды 
пікірлер айтып, оң баға берген, оқулыққа енгізген М. Әуезов екенін студенттердің есіне 
сала кеткеніміз жен. Бұқар жырау халңының елдігін, ерлігін жырға ңосып, «Ей, Абылай, 
Абылай», «Садыр қайда барасың» деген толғауларында елдің бірлігін жоғары қойған. 
Жырау толғаған мәселелердің көбінде Абылай есімін атап, кейде сынаса («сен он бір 
жасыңда, әшейін ғана ұл едің, Әбілмөмбет төренің түйесін баққан құл едің»), кейде 
дөріптеп («...елу жасқа келгенде, үш жүздің басын бір кезеңге тіредің») отырған. Бұқар 
ұғымында хан деп көтермелеу, қара деп кемсіту жоқ. Жырау толғауларының дені 
кейінгіге үлгі боларлың өсиет насихатқа, ақыл кеңеске толы. «Ай не болар күннен соң», 
«Жар басына қонбаңыз», «Көкте бұлт сөгілсе», «Жал құйрығы қаба деп», «Жиырма деген 
жасыңыз», «Асқар таудың өлгені» деген толғауарында емірдің өткіншілігін, адамдық пен 
адалдың, жақсылық пен жамандық, дос пен ңас туралы ойларын ортаға салады. Өмір 
қүбылыстарына терең ой жүгіртіп, кең де мағыналы тұжырым жасайды. 
Бірыңғай импровизация дәстүрінде туып, егіз өрілген ақындық пен жыраулың 
поэзияның өзіндік өзгешеліктері бар. Аңындық поэзияда тақырып ауқымы кеңдігімен 
қоса, сезімге құрылған лирикалық сипат басым болады. Осы ерекшеліктерді зерттеуші 
М.Әуезов жырауға қатысты нақтылай түседі: «Жырау демек ақын емес. Жыраудың ақын 
атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Ол заман сынын, дәуір болжамын, тарихи 
оқиғаның мазмұнын, бағасын сөз етеді. Ал, аңындық дарынның орекшелігін ғалым 
Е.Ысмайылов: «Аңын өмірдегі құбылысты, тарихи оқиғаны тек өзінің ой-өрісі дәржесінде 
та-ниды. Әрі оның сезінуі, сезгенін ңабылдауы шапшаң, тез осер алады. Алған әсері 
жөнінде ұғымын есте саңтауы да күшті, тұрақты. Аңын естігенін де, көргенін де тез 
қабылдап, жылдам жырлап, қас қағым сәтте өлеңге айналдыра біледі» дейді. Бұл мәселеде 
М.Мағауиннің «Қобыз сарыны», Қ.Сыдиқовтың «Ақын-жыраулар», Е.Тұрсыновтың 
«Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы екілдері», Ә.Дербісәлиннің «Дәстүр мен 
жалғастық» еңбектерін атауға болады. 
Көтеш - аңындар поэзиясының түңғышы, ақпа ақын. Ол көдімгі қара өлең, қайым 
өлең үлгісінде шығарған. Өмір сүрген кезеңі жоңғар шапқыншылығына тұспа-тұс келген 
ақын халық қайғысын көріп, оны өлеңдерінде өрнектей білген. Көтеш ақынның өлеңдерін 
жинастырған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің айтуынша, оның ақын ретінде алғаш танылуы 
Абылай алдында болса керек. Ел жадында сақталған «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің» 
деп басталатын толғауын айтуы, І.Есенберлиннің «Жанталас» романында келтірілген. 
Көтеш импровизатор ақын. Оның «Қойым-ау, кел, қойсаңшыӨзенге бие байлатып, 
Төрткцлдеп ошак каздырып, Төбе бие сойгызып, Төменде бидің кеңесін, Біз де кцрар ма 
екенбіз. 
Барша жырауларға ортақ қасиет - ақыл, өсиет айту болса, бұл Ақтамбердіге де тән: 
Ей, адамдар, шоралар, Атты мінсең зорды мін, Биік біткен теректей. Қару алсаң, 
мылтыц ал, Қарның ашса, тамагың, Жаяу жцрсең таягың. 


Бұхар жыраудың өмірі туралы айтқанда, оның өмір сүрген ортасы туралы ғана 
емес, зерттеушілер Б.Кенже-баев пен М.Мағауин жырау неліктен жас жасады, 
Қ.Мұхаметханүлы жас жасады дегенді неге сүйеніп айт-қандары туралы мәлімет бере 
кеткен жөн. І.Есенберлиннің «Кешпенділерінде»: «Бұқар үзын бойлы, қапсағай денелі, 
шоқша сақалды, еңселі адам еді. Ол ата бабаларымыздың көкейлерінде қалған 
армандарын кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған. Халқымыздың жырауларды төбесіне көтере 
құрмет тұтатын себебі осы болса керек. Бұқар да сондай құрметтілерің бірі, «кемекей 
өулие» атанған», - деп жазуы оның ерекше адам екенін білдіреді. Бүқар жырау туралы 
әдебиет тарихында әр қилы пікірлердің болғаны, алғаш жырау туралы құнды пікірлер 
айтып, оң баға берген, оқулыққа енгізген М. Әуезов екенін студенттердің есіне сала 
кеткеніміз жөн. Бұқар жырау халқының елдігін, ерлігін жырға қосып, «Ей, Абылай, 
Абылай», «Садыр қайда барасың» деген толғауларында елдің бірлігін жоғары қойған. 
Жырау толғаған мәселелердің көбінде Абылай есімін атап, кейде сынаса («сен он бір 
жасыңда, әшейін ғана ұл едің, Әбілмөмбет төренің түйесін баққан құл едің»), кейде 
дөріптеп («...елу жасқа келгенде, үш жүздің басын бір кезеңге тіредің») отырған. Бұқар 
ұғымында хан деп көтермелеу, қара деп кемсіту жоқ. Жырау толғауларының дені 
кейінгіге үлгі боларлық өсиет насихатқа, ақыл кеңеске толы. «Ай не болар күннен соң», 
«Жар басына қонбаңыз», «Көкте бұлт сөгілсе», «Жал құйрығы қаба деп», «Жиырма деген 
жасыңыз», «Асқар таудың өлгені» деген толғауларында өмірдің өткіншілігін, адамдық пен 
адалдың, жақсылық пен жамандың, дос пен қас туралы ойларын ортаға салады. Өмір 
құбылыстарына терең ой жүгіртіп, кең де мағыналы тұжырым жасайды. 
Бірыңғай импровизация дөстүрінде туып, егіз өрілген ақындық пен жыраулың 
поэзияның өзіндік өзгешеліктері бар. Ақындық поэзияда тақырып ауқымы кеңдігімен 
қоса, сезімге қүрылған лирикалық сипат басым болады. Осы ерекшеліктерді зерттеуші 
М.Әуезов жырауға қатысты нақтылай түседі: «Жырау демек ақын емес. Жыраудың ақын 
атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Ол заман сынын, дәуір болжамын, тарихи 
оқиғаның мазмүнын, бағасын сөз етеді. Ал, ақындық дарынның ерекшелігін ғалым 
Е.Ысмайылов: «Ақын өмірдегі құбылысты, тарихи оқиғаны тек өзінің ой-өрісі 
дәрежесінде таниды. Әрі оның сезінуі, сезгенін қабылдауы шапшаң, тез осер алады. Алған 
әсері жөнінде үғымын есте саңтауы да күшті, түрақты. Ақын естігенін де, көргенін де тез 
қабылдап, жылдам жырлап, қас қағым сәтте өлеңге айналдыра біледі» дейді. Бұл мәселеде 
М.Мағауиннің «Қобыз сарыны», Қ.Сыздықовтың «Ақын-жыраулар», Е.Тұрсыновтың 
«Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері», Ә.Дербісәлиннің «Дәстүр мен 
жалғастық» еңбектерін атауға болады. 
Зерттеуші Ш.Уәлиханов Шал (Тілеуеке) ақынды эпик ретінде танып, «менің бабам 
Абылайдың замандасы -Шал ақынның жырлары өте тамаша, бірақ оны білушілер аз», - 
дейді. Шал мұралары бізге мол жеткен. Шы-ғармаларының таңырыптары да алуан түрлі. 
Ақын өлеңдеріне өмір тәжірибесін жинақтаған салмақты ой, терең тұжырым, түйінді 
тәлім тән. Ақын өлеңдерін топтайтын болсақ: а) өсиет; ә) сын-сықақ; б) адамгершілік, 
білім, тәлім тәрбие; в) арнау; г) сөз қағыстары. Ақын айтайын дегенін дөп айтып, 
ңарапайым, шыншыл жеткізеді. Соның өзінде халыңтың маңал-мәтелдерге іргелес тұрған 
өрнектерді табамыз. Мәселен: 
Білімің болса дағы ұшан теңіз, 
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей, 
немесе 
Ғибрат ал жақсылардан жақын жүріп, 
Қаша гөр, жамандықтан аулақ беттей. 
Ақын тәрбиеге үлкен мән берген. Ұл мен қыз төрбиесімің ерекшеліктерін еске 
салып: «қыз он беске келгенде, жақсы мен жаманды айырады», «жігіттің жақсысы сегіз 
қырлы, бір сырлы болады» дейді. Ақын өлеңдерін-де тұспал, меңзеу аз, ойы анық, дөл. 
Жігітке, қызға, әйелге өлең арнай отырып, олардың түрлеріне сипаттама береді. Мәселен, 
«бір жігіт бар - құр жан, бір жігіт бар - тірі жан, бір жігіт бар - жігіт жан» дей келе, 


қолынан ештеңе келмейтін құр жан болудан, бар тапқанын асы мен киіміне жұмсап, 
берекесіз тірлікпен айналысқан тірі жан болудан саңтандырып, өмірге икемді, өнерлі 
болуға үндейді. Осыған үндес ойлары қыздарға, келіндерге, әйелдерге арнауында да 
кездеседі. Шал ақын - тұрмыстық мәселелерден бастап, өмірлік терең жайттарды қозғаған 
ақын. 
Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын 
танудың негізгі құралы. Оқу бағдарламиасында оқушыларлдың жас ерекшеліктеріне, 
сыныптарына, онда оқылатын шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері 
белгіленген.Осы материалдар ерекшелігіне байланысты әдебиет теорисы ұғымдарына 
түсінік беріліп отырады.Төмендегіде жүйеде әдеби-теориялық ұғым беруге болады деп 
есептейміз: 
І. 5 сынып. 
1.
Халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша түсінік. 
2.
Ауыз әдебиетіннің негізгі жанрлары: мақал,мәтел, жұмбақ, батырлар жыры, ертегілер, 
туралы ұғым. 
3.
Мысал жанры. 
4.
Өлең, оның өзіндік ерекшелігі, құрылысы жайында кіріспе. 
5.
Әңгіме жанры. Сюжет, эпизод туралы. 
6.
Лирика, табиғат лирикасы. 
7.
Гипербола, эпитет, теңеу, кейіптеу. 
8.
Көркем шығарманың тақырыбы туралы. 
9.
Монолог, повесть, баллада туралы. 
ІІ. 6 сынып. 
1.
Шыншыл ертегілер, аңыз әңгімелер. 
2.
Өлең құрылысы, ұйқас түрлері. 
3.
Суреттеу, баяндау, әңгімелеу, композиция туралы түсінік. 
4.
Өмірбаяндық әңгіме жанры. 
5.
Сюжетті өлеңдер туралы түсінік. 
6.
Теңеу, эпитет, метафора туралы. 
ІІІ. 7 сынып. 
1.
Батырлар жыры туралы ұғымдарын кеңейту. 
2.
Оптимизм, романтика, риторикалық сұрақтар, аллитерация, ассонанс туралы түсінік. 
3.
Табиғат лирикасы туралы білімдерін кеңейту. 
4.
Ирония, с атира, эпитеттің ұлғайған түрі,антитеза жайында хабар беру. 
5.
Әдеби бағыттар. Реализм туралы алғашқы ұғым. 
6.
Пукблицистика жанры, көркем шығарм а тілі, поэтикалық тіл туралы түсінік. 
7.
«Суреткер ақын», «Лирик ақын» ұғымына түсінік беру. 
ІҮ. 8 сынып. 
1.
Поэма туралы. 
2.
Сюжет, композиция, көркем шығарма, тақырыбы, идеясы, кейіпкерлері туралы 
түсініктерін кеңейту. 
3.
Тип, прототип туралы. 
4.
Ұйқас түрлері. 
5.
Шешендік сұрау, шешендік лептеулер, анафора мен эпифора туралы. 
6.
Драмалық шығармалар туралы алғашқы түсінік. 
Ү. 9 сынып. 
1.
Фольклор туралы түсінік. 
2.
Гипербола, тұрақты эпитет, әдебиеттегі типтілік. 
3.
Айтыс, импровизация туралы. 
4.
Жыршы, жырау, ақын, толғау, афоризм туралы ұғымдарын қалыптастыру. 
5.
Дәстүр мен жаңкашылдық, реализм, романтизм, әдебиеттегі бағыттар, әдеби ағымдар 
жайында хабар беру. 


6.
Тропа, фигуралар алған білімдкерін тереңдекту ( ассонанс, аллитерация, эпитет, 
метафора, антитеза, әдеби шығармалоардың көркем тілі.) 
7.
Поэзиядағы оптимистік сарын, элегиялық сарын, әдеби характер, әдеби тип, лирикалық 
шегіністер туралы ұғым. 
8.
Сын-зерттеу еңбектері, сценарий, либретто туралы алғашқы ұғымдар. 
ҮІ. 10 сынып. 
1.
Әдебиеттегі демократтық, ағартушылық бағыт, сыншыл реализм. 
2.
Эпистолярлық жанр, публицистика, ғылыми мақалалар туралы. 
3.
Шоқантану, Абайтану, фольклорист, азамат ақын туралы ұғым. 
4.
Аударма, мысал жанры туралы түсініктерін кеңейту. 
5.
Саяси-әлеуметтік, махаббат, достық, философиялық, элегиялық, лирикалық шығармалар. 
6.
Әдебиеттің халықтығы.Жаңашылдық, ақын-жазушы стилі, философиялық трактаттар, 
қарасөздер туралы. 
7.
Роман жанры, өлеңмен жазылған роман, өмірбаяндық романдар, журналаитика, 
естеліктер,, романтикалық поэма, әдебиет теориясы туралы очерк, фельетон жайындағы 
ұғымдар. 
8.
Әнші-композитор туралы, психолог ақын жайында. 
9.
Лирикалық кепйіпкер, типтік бейне, сатира, аллегория, сюжеттік өлеңдер туралы. 
10.
Ұйқас түрлекрі, өлең құрылысындағы жаңашылдық. 
ҮІІ. 11 с ынып. 
1.
Төңкерістен кейінгі әдеби ағымдар (символизм, футуризм, т.б) 
2.
Поэтикалық әдебиет және реализм туралы. 
3.
Новелла, баллада, эпопея, тарихи романдар, драматургиядағы тартыс пен характер, 
трагедия, комедия жанры, суреткердің даралық стилі, шеберлігі, лиро-эпикалық 
поэмалар,, трагедиялық образдар. 
4.
Тип, протатип, көркем шығармадағы деталь, штрих, псевдоним, очерк, фельетон, роман 
жанрындағы сюжет пен композиция, қара сөзбен жазылған поэма, тарихи тақырыптар, 
ұлттық тақырыптар, әдебиеттер достығы, халықтық сипаты, дәстүр мен жаңашылдық 
ұғымдарын кеңейту. 
5.
Портрет-эссе, роман-диалог, трилогия, деректі әңгімелер. 
6.
Әдебиеттегі көркем шындық, тарихи шындық, көркем бейне, стиль мен әдістер, авторлық 
тұжырым, әдебиеттің тегі мен түрі, өлең құрылысы, өлшемі туралы. 
Қай сыныпта болмасын әдеби -теориялық ұғымдар көркем шығарма негізінде, 
онымен тығыз байланыста түсіндіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет