1. Дәріс тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері. «Әдебиет- сөз өнері»


-дәрістің тақырыбы: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихы



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата15.10.2023
өлшемі0,5 Mb.
#185601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ҚӘОӘ лекция
Махамбет
2-дәрістің тақырыбы: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихы. 
Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуындағы үш кезең (1917-
1927, 1928-1938, 1939-1990) 


Қазақ әдебиеті әдістемесі өзінің қалыптасу және даму тарихында мектепте 
әдебиетті оқытуды оқу-әдістемелік тұрғыдан қаматамасыз етуге қызмет ете отырып, 
өзгеріп отыратын дәуір талаптарына сай белгілі бір бағыттарда басым дамығаны 
байқалады. 1917 жылға дейін қазақ жерінде үш түрлі мектеп өмір сүрген.Олар: қадым 
мектебі, жәдит мектебі және медреселік білім беру жүйесі. Қадим мектебінің басты 
мақсаты құранның сүресін танытып, тілін калимаға келтіру болды.Қадим оқуында әріп 
таныған балаға әптиек, шаркітап, софы аллияр, пікайдан, құран сүрелерін үйрететін 
болған. Ал, жәдит мектебі татар жәдитшілерінің тәжірибесіне сүйенген Ислам дінінің 
догмаларын үйрететін, догмалық ми қатырғыш мектебі болды. Буржуазиялық қарым-
қатынастың тууымен қатар медреселік білім беру жүйесі пайда болды. Медреседе 
негізінен бай-шонжарлардлың балалары білім алды. Бұл мектептердің әрқайсысының 
өзіндік кемшіліктері болды. Білім алушылар құдайды тану, шариғат заңын үйрену, 
мұсылмандыққа баулу тәрізді дүниелерді үйренуден әрі аспады. Жалпы қарапайым 
халықтың сауатын ашатын, жүйелі білім беретін мектептер болмады. Қазақ даласына 
келген орыс демократтарының оқу жүйесіне негізделген мектептер ашыла бастады. 
Торғай өңірінде тұңғыш ашылған қазақ мектептері елге жаңа серпіліс әкелді. 
Халықтың сауаттылығын ашуға, білімін жетілдіруге мүмкіндіктер туды. Тіпті, қазақ 
қыздарының да білім алуына жағдайлар туды.. Арнайы кәсіптік білім беру орындары 
ашылып, белгілі бір мамандық алуға да болатын еді. Кеңестік дәуірде әдебиетті оқыту 
әдістемесінің дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. 1917-1927 жылдарда әдебиет 
пәні кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы ретінде оқытылды. Тарихта 
болған бұрмалаушылықтар әдебиетке де өз әсерін тигізбей қоймады. Ал, 1928-1938 
жылдары әдебиет мектептік жүйеге негізделмеген тарихи-әдебиеттік курс ретінде 
оқытылды. БКП(б) орталық комитетінің 1931-1932 жылдардағы «Бастауыш және орта 
мектептер» туралы қос қаулы мектепте әдеби білімді жетілдіру, арнайы бағдарламалар, 
оқулықтар арқылы оқыту тиімділігін арттырудың бағыт-бағдарын белгілеп берді. 1939-
1990 жылдары КСРО-да халыққа білім беру жүйесі одан әрі жетіле түсті.1958, 1985 
жылдары мектеп реформалары жаңартылды. Бұл реформалардың мектепте әдеби білім 
беру ісін жетілдіруге тигізген әсері зор болды.1970-1972 жылдары «Литература в 
школе» журналының бетіндегі оқыту сапасын жақсарту, оқытудың жаңа әдістерін 
іздестіру 
мақсатындағы 
пікірталастардың 
маңызы 
ерекше. 
Орыс 
әдебиетін 
оқытудағы әдістемелік тәжірибелер қазақ мектебіндегі әдебиетті оқыту ісін жетілдруге 
және ғылыми-әдістемелік зерттеулердің қанат жаюына тигізген әсері көп болды. 1990-
2000 жылдары жалпы және орта білім беру жүйесінде әр түрлі тарихи-әлеуметтік 
себептерге 
байланысты 
түбегейлі 
өзгеріс 
болды.Қазақтың 
ұлттық 
мектебі 
тұжырымдамасы дүниеге келді. Ұлттық мектеп тұжырымдамасы ұсынған болашақ 
мектеп үлгісі мен білім берудегі жаңа жүйенің кеңестік білім жүйесінен 
айырмашылықтары болды. Оқытудың жаңа технологиялары жүзеге аса бастады. Оның 
елімізде ғылыми-әдістемелік ізденістерді байыта түсуге тигізген ықпал-әсерлері мол. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет