1. Дәріс тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері. «Әдебиет- сөз өнері»



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата15.10.2023
өлшемі0,5 Mb.
#185601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ҚӘОӘ лекция
Махамбет
4-дәрістің тақырыбы:
Әдебиет пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер жүйесі. Әдістер 
классификациясы 
Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, 
шеберлігіне де байланысты болады. Әдіс - тәсілдер деген не? Оқыту процесінде мынадай 
екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе - мұғалім оқытуы, екінші мәселе - 
оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, 
оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі - әңгіме әдісі немесе кітаппен 
жүргізетін жұмыс түрлері - кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін 
тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс 
түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері 
арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін 
танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының 
тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы болып келеді. Әдебиетті оқытуда 
сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіс немесе 
репродуктивті әдіс, эвристикалық (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс 
әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше. 
Академик Ю.Н. Бабанский өзінің «Оқу - тәрбие процесін оптималдандыру” деген 
еңбегінде (1982 ж., «Просвещение”, 177-бет) әдістерді мынадай үш топқа жинақтайды. 
1. Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері (методы организации 
учебно-позновательной деятельности). 
2. Оқушылардың оқу- таным қызметін көтермелеу әдістері 
әдістері (методы стимуллирования учебно-позновательной деятельности). 
3. Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері (методы контроля за 
эффективностью учебно-позновательной деятельности). 
Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, 1-топтағы оқыту әдістеріне: 
сөздік (әңгіме, лекция, пікірлесу), көрнекілік (иллюстрация, портрет, суреттеу, мүсіндер), 
практикалық (поэтикалық талдау, көркем мәтінмен жұмыстар, әдістер жатады. Сондай-ақ 
репродуктивті, эвристикалық әдістерді де осы топқа жатқызуға болады. Жоғарыда атап 
кеткеніміздей, әр топтағы әдістемелердің өз мүмкіндігі, ерекшелігі болады. Төмендегі 
кесте арқылы кей әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады, соған тоқталайық. 
Сөздік әдіс. Көрнекілік әдіс. Практикалық әдістер. Зерттеу әдісі.
Берілетін білім ақпараттық сипаттау болғанда, білімді қалыптастыру, соның ішінде 
теориялық білім беру, жаңа ұғымдарды оқушыға жеткізуде бұл әдіс өте тиімді. Сөздік 
әдіс, әсіресе, әдебиет пәнінің күре тамыры деуге болатындай.Берілетін білім мазмұны 
көрнекілікті тілеп тұрғанда, уақыт үнемдеуде, әсіресе, оқушы психологиясына әсер ету 
мақсаттарында өте тиімді болады. Сондай-ақ оқушыны сабаққа қызықтыру, ынталандыру 
мәселелерінде де маңызы зор.Оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана білу 


дәрежелерін жетілдіреді.Бұл әдіс кітаппен жұмыс түрлері кезінде жазушы тілі, стилін 
анықтауда өте тиімді.Берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен 
байыту оқушыларды іздендіру, өз беттерімен проблеме шештіру мәселелерінде тиімді. 
Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін, өз беттерінше қорытынды щығару 
дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы. 
Әдебиет сабағында ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем туындыны 
қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен түсіне білулері 
жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең 
тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып, пайдалануы керек. Көркем оқу әдісі 
әдебиетті оқытуда үлкен рөл атқарады. Ол оқушының көркем шығарманы қабылдау 
белсенділігін, әсерлі сезімін дамытуда өте тиімді болып келеді. Әдебиетті өнер деп 
тануда, көркем туындыны өнер туындысы деп қабылдауда, сөз касиеті мен құдіретіне
оның эстетикалық нәзік нәріне тұшындыруда бұл әдіс алғашқы баспалдақ, яғни көркем 
шығарманы оқушы жүрегіне бастайтын алғашқы сезім көпірі ретінде ежелден-ақ тиімді 
әдіс болып, мұғалімдер тәжірибесінен кең орын алуда. Бұл әдістің негізгі тәсілдері 
мұғалімнің мәнерлеп оқуы, көркем сөз шеберлерінің оқуы, күйтабақты, үнтаспаны 
тыңдауы т.с.с. болып табылады. Мұғалімнің мәтінді әрі мәнерлеп, әрі түсінік бере оқуы, 
оқушышларды осы жұмысқа баулуы, мәтінге жуық әңгімелету, жоспар жасату, негізгі 
оқиғаларға ат қойғызу, жинақтау т.б. шығармашылық жұмыстар да осы әдістің негізгі 
тәсілдері. Сондай-ақ көркем мәтінді оқу барысында иллюстрация, суреттер пайдалану 
(қабілетіне қарай өнерін шығару), сценарий жасату, оқыған шығармаларға, көркем 
суреттер бойынша пікір айтқыза білу (көркем киноны, пьесаларды т.б.) тиімді тәсіл 
ретінде оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлеріне де жатады. Мұғалім осы 
жұмыстың басықасында, оны ойластырушы да, орындаушы, орындатушы да болып 
қызмет атқарады. Ұтқырлық мұратты, мұғалімдерден сабақтың мақсатын жинақты түрде 
айқындап, белгілеп алғаннан кейін, сол мақсатты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін де 
таңдап ала білуді талап етеді. Ол үшін әр мұғалім оқыту әдістемесін жете біліп, әрі оны 
сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы керек. Бұл аса маңызды, 
мұғалімнен шығармашылық ізденісті, жүйелі, тиянақты жұмысты талап ететін мәселе 
болып табылады. Мұғалім әр әдіс-тәсілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіндіктерін де жете 
білуі қажет. Көпшілік жағдайда мұғалімнің өзінің төселген, дағдыланған әдіс-тәсілі 
болады. Мұндай мұғалімдер қай тақырып болмасын, оны қай сыныпта өткізбесін, 
сабақтың негізгі мақсатын да еске алмастан, «дағдыға” айналған әдіс-тәсілмен сабақ 
жүргізе береді. Бұндай сабақтар тиімді өтеді, ол оқушыларға өз дәрежесінде білім бере 
алады деп айту қиын-ақ. Оқу-тәрбие жұмыстарының барлық саласын бір өзі шешіп 
тастайтын әдіс-тәсіл жоқ. Сол себептен де мұғалім әдіс-тәсілдерді жете меңгеріп қоймай, 
оларды қай жағдайда, қалай пайдалануға болады, - соны да ерекше ойлану керек. Мысалы, 
тәжірибе көрсетіп жүргендей, бір жағдайда тиімді болған, пайдалы деп танылған әдіс-
тәсілдер екінші жағдайда кейде тиімді, пайдалы бола бермейді. Неге олай, себеп не? 
Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз 
бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше. 
Оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оқушы алдында проблемалық жағдаят (ситуация) 
тудыратын танымдық - іздендіруші, шығармашылық сипаттағы зерттеу әдісіне 
бағытталған тапсырмалар береді және оны орындата алады. Дегенмен де, осы 
проблемалық оқыту әдіс - тәсілдерінің мүмкіншіліктері шексіз емес. Оқу материалының 
барлығы, барлық тақырыптар проблемалық жағдаятты талап етпейді. Сондай-ақ 
белсенділігі, білім дәрежесі орташа, не ортадан төмен сынып ұжымына проблемалық 
оқыту әр уақытта да жемісті болады деуге болмайды. Бұл әдіс - тәсілдер оның үстіне 
уақытты да көп талап етеді. Өтетін тақырып аса күрделі емес, әрі оқушылар дербес, өздері 
шеше алмайтындай тапсырмаларға төселген жағдайда ғана проблемалық оқытуды 
басшылыққа алу тиімді болады. Түсіндірмелі - репродуктивтік әдістің де өзіндік 
ерекшелігі, мүмкіншілігі бар. Бұл әдіс -тәсілдің ең тиімді жағы мұғалім білімді қысқа 


мерзім ішінде, барлық оқушыларды қамти отырып, береді. Оқу материалын ақпараттық 
сипатта, әңгімелеу, түсіндіру сипатында жеткізеді. Оқушылар да өз мүмкіндіктерінше ол 
білімді қабылдап алады. Бірақ репродуктивтік - түсіндірмелі әдісте оқушының дербес 
ойлауы арқылы жүргізетін өзіндік жұмыс түрлері әлсіз болып келеді. Сондай - ақ 
әдебиетті оқытуда тиімділігі ерекше, көрнекілік әдістің де мүмкіндіктері әр түрлі. 
Көрнекілік оқушылардың пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттырады. 
Дегенмен, оны үнемі пайдалану оқушылардың дербес дерексіз түрде ойлауын тежейді, 
көркем тілінің дамуына кедергі жасайды. Міне, сондықтан тиімділік идеялары да сабақта 
мұғылімнің өзі төселген бір әдіс-тәсілмен жұмыс істеуін немесе өзі білетін барлық әдісті 
бір сабаққа үйіп-төгуін жоққа шығарады, әрі бір сүрлеу, бір ізбен жұмыс істеудің 
тиімсіздігін дәлелдейді. Тиімділік идеялары оқыту әдістерін үйлесімді түрде, сол 
сабақтағы оқу-тәрбие мақсаты, тақырып ерекшелігі, сабақ өткелі отырған сыныптың жеке 
-даралық, жағдайларын ескере отырып, таңдап, сұрыптап ала білуді талап етеді. Белгілі, 
нақтылы жағдайға байланысты тиімді, пайдалы деп сұрыпталынып алынған әдіс-тәсілдер 
екінші жағдайда тиімді болуы да мүмкін. Сол себепті әдіс-тәсілдерді үнемі бірлікте, 
үйлестіре пайдаланған дұрыс болады. Өзіндік әдісін көрнекілікпен, практикалық 
жұмыстармен астастырып немесе зерттеу әдісін түсіндірмелі әдіспен үйлестіре 
пайдаланудың маңызы зор болмақ (әрине, қай әдістерді қалай пайдалану сабақ мақсатына 
байланысты туындайды). Ал кейде практикалық, танымдық - іздендіруші әдістерді 
көрнекілік әдіспен үйлестіре пайдалануға болады. Әдіс-тәсілдерді үйлестіре қолдану - 
оқушылар еңбегін ғылыми, тиімді түрде ұйымдастырудың маңызды бір саласы. Бұндай 
сабақтардан оқушылар жалықпайды, әрі пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі артады. 
Сабаққа әзірлік үстінде өтетін тақырыпқа зер сала отырып, оны қандай әдіс -тәсілдер 
арқылы түсіндіргенде ғана оқушыға берік те тиянақты білім беруге болатынын әбден 
ойластыру қажет. Ал өзі таңдап алған әдіс-тәсілдердің нәтижелі болуы ол мұғалімнің 
қаншалықты дәрежеде оқыту әдістерін жете біліп, жете меңгеруіне байланысты. Егер 
мұғалім сөздік әдісінің теориялық білім берудегі тиімділігін ескермесе немесе 
оқушылардың теориялық білімдерін өмірге пайдалана білу үшін, оны практикалық 
әдістермен үйлестіргенде, нәтижесі болатынын білмесе, әрине, онда мұғалім таңдап алған 
әдіс-тәсілдер жүйесінің нәтижелігі туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет