1 ТАҚЫРЫП.
Арнайы мектепте математиканы оқытудың әдістемелік негіздерінің даму тарихы
Отындық педагогика ғылымында арнайы мектеп қабырғасында білім алатын зияты зақымдалған балаларға математиканы оқыту әдістемесі XX ғасырдың 30-шы жылдарында қалыптаса бастады. Ресейдегі зияты зақымдалған балаларға арналған мектебінің негізін қалаушылар А.Н. Грабаров, Е.В. Герье, Н.В. Чехов математика зияты зақымдалған балаларға есеп шығарудың тәжірибелік тәсілдерін ғана беруі тиіс деп есептеді. Ғалымдар пайымдауынша, бұл балаларды математикаға оқыту баланың жеке қасиеттерін ескеру салдарынан дараланған, оқушыларға таныс және қызықты болатын нақты мәліметтерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Зияты зақымдалған балаларға арналған түзету мектебінің алғашқы қалыптасу жылдарында О. Декроли, Ж. Демор, М. Монтессори, Э. Сеген сынды прогрессивті шетелдік мамандардың оқу-әдістемелік тәжірибесі қолданылды. 40-шы жылдардың соңында 50-ші жылдардың басында математиканың арнайы әдістемесінде зияты зақымдалған оқушыларды оқытуды жетілдіруге, арифметиканың әр түрлі бөлімдері мен көрнекі геометрияның элементтеріне арналған эксперименттік зерттеулер пайда болды.
Арнайы мектептің негізгі міндеті – білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегі және эмоциядық-ерік аясындағы кемшіліктерді мүмкіндігінше жеңу, оларды кәсіби еңбекке даярлау, заманауи қоғам жағдайына әлеуметтік бейімдеу. Арнайы мектеп оқушыларын математикаға оқытудың міндеттерін анықтау барысында аталмыш міндеттерді негізге алу қажет. Математика – арнайы мектептегі негізгі жалпы білім беретін міндеттердің бірі. Арнайы мектептегі математикаға оқытудың жалпы білім беретін міндеті – білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушылармен, күнделікті ӛмірде және болашақ мамандығына қажетті, мемлекеттік білім беру стандарты деңгейінде білім, білік және дағдыларды игеруіне жету болып саналады. Осыған сәйкес математиканы оқыту мынадай жалпы мақсаттарға жетуді кӛздейді: аталмыш пәннің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетіне, ӛздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондайақ әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық байланысты жалпы 10 адамзаттың мәдени мұраларымен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру; оқушының ақыл-ой және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту; меңгерген математикалық білімдерін ӛмірде қолдануға жанжақты дайындауды жүзеге асыру. Осы мақсаттарға сәйкес математиканы оқытудың мынадай жалпы міндеттері айқындалады: баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын және ерік пен сезімге қатысты белсендігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; математиканы қоршаған болмысты танып білуге кӛмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету; заттық-тәжірибелік, танымдық іс-әрекетін дамыту және қалыптастыру; оқу сабақтарына деген қызығушылықты басқа балалармен және ересек адамдармен ӛзара іс-әрекетте жасай білуге үйрену. Арнайы мектепте математикаға оқыту кезеңінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылар келесі білім, білік және дағдыларды игеруді қажет: - натурал сан, нӛл , натурал сандар қатарлары мен олардың негізігі қасиеттері туралы, жай және ондық бӛлшектер туралы ұғымдарды; - негізігі шамалар туралы (кесіндінің ұзындығы, заттар массасы, бағасы, денелердің көлемі мен сыйымдылығы, уақыт, фигуралар ауданы), шамаларды өлшеу бірліктері және олардың арасалмақтығы тураалы түсініктерді; - метрлік өлшем жүйесін, уақыт өлшемдерін білу және оларды тәжірибе жүзінде қолдануды; - қарапайым өлшемдерді жасау дағдыларын, құрал-саймандарды қолдана білу іскерлігін (сызғыш, сағат, таразы, өлшем ыдыстары және т.б); - бүтін (көптаңбалы) және бөлшек сандармен негізі төрт арифметикалық амалдарды орындай білуді; - жай (қарапайым) және құрама (бірнеше) амалды арифметикалық есептерді шешу іскерлігі; -жазықтық және көлемді геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру, олардың қасиеттерін білу және оларды сызба құралд
Арнайы мектепте оқытылатын математика курсының бөлімдері: - бүгін сандар арифметикасы, - шамалар, - арифметикалық есептер, - бөлшектер арифметикасы, - көрнекі геометрия элементтері. Арнайы мектепте математикаға оқытудың ерекшеліктері: әр сыныптың бағдарламалық материал көлемінің шағын болуы; бағдарламадағы материалдық орналасу ерекшелігі (дайындық жаттығулардың болуы және кейбір тақырыптарды алдын ала өту); оқыту барысында теңеу, салыстыру және қарама-қарсы қойып салыстыру тәсілдеріне сүйену; материалды концентр ретімен оқу (бес концентр); көрнекіліктерді, дидактикалық материалдарды кеңінен қолдану; оқытудың тәжірбиелік бағыттылығы; болмыстың нақты құбылыстарын бақылау барысында алынған білімдерді жалпылау; 12 жеке және дефференцалды ықпал етуді жүзеге асыру; оқытудың пропедевтикалық (дайындық) кезеңі; оқытудың түзету бағыты; Математианы оқу пәні ретінде оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін зияткерлік іс-әрекеті мен эмоциялық-ерік аясын түзету үшін қажетті алғы шарттары бар. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушылардың көрнекі және көрнекі-әрекетті әрекетті негізінде сан, шама, фигура туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыра отырып, мұғалім сонымен қатар математикаға оқыту үрдісінде көрнекі-әрекетті, көрнекі-бейнелі, одан кейін аталмыш балалардың абстрактты ойлауын дамыту міндеттерін қойып шешеді. Арнайы математика сабағында мұғалім мен оқушылар күштерінің өзара әрекеттесуі нәтижесінде (мұғалімнің бағыттаушы және ұйымдастырушы қолданылуымен) оқушылардың қарапайым математикалық ойлауы дамиды, оның салыстыру, талдау, синтез сияқты формалары қалыптасып түзетіледі, жалпылау мен нақтылау қабілеттері дамиды, есті, зейінді және басқа психикалық функцияларды түзету үшін жағдайлар туғызылады
Зияты зақымдалған оқушылар жаңа білімдерді көп күш салып және уақыт кетіріп, баяу, көптеген қиындықтармен меңгереді, сондықтанда әр сыныптың бағдарламалық материалы бірталай шамалы көлемде беріледі.Мысалы, 1-ші сыныпта оқушалар пропедевтикалық кезеңнен кейін тек 1-ден бастап 5 санын өтеді және 5 көлеміндегі қосу және азайтуға үйренеді; құны, ұзындығы өлшемдерімен танысу 1 сыныптан басталады да 8-9 сыныптарда аяқталады, үлестер мен жай бөлшектерді оқу 4 сыныптан басталып 8-9 сыныптарды аяқталады. 2. Бағдарламадағы материалдың орналасу ерекшелігі болып алдыға қарай «алдыға жүгіру», түрлі ұғымдардың қалыптасуына оқушыларды жетекшілік ететін дайындық жаттығулардың болуы саналады. Мысалы, айырмаларды салыстыру ұғымдарын оқушылар 4-ші сыныпта өтеді, ал қатар тұрған сандарды салыстыруды 1-ші және 2-ші сыныпта ӛтеді. 3. Зияты зақымдалғаноқушылардың, қалыптасатын ұғымдардағы мәңді белгілерді (аталмыш ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы, ұқсастығы немесе қарама-қарсылығы) қиындықпен анықтайтындығын, егер де сырт әлпеті ұқсас болса түсініктерді ұқсастыратындығын ескере отырып, бағдарлама мұғалімді оқыту кезеңінде теңеу, салыстыру және қарсы койып салыстыру тәсілдеріне сүйенуді көздейді. Мысалы, айырма қосумен салыстыруда қарастырылады (қарама-қарсы амалдар). 4. Арнайы мектеп оқушыларының есте сақтауының баяулығын және тез ұмытуға бейімділігін есепке алып, бағадарлама жаңа материалдышамалы үлестермен оқтытып әрдайым бекітумен қатар өткенді қайталауды көздейді. Мысалы, сыныпта «Бірінші жүздік» когцентрін қайталауда оқушылар разрядтық бірліктерді есіне түсірумен қатар разряд туралы, әр разрядтың улкен және кіші саны, 5-шу сыныпта – сандарды дӛңгелету туралы түсініктерді алады. 5. Зияты зақымдалғаноқушылардың дерексіз, абстрактты ойлауы әлсіз дамығандығын, оқушыларды кейбір жалпылауға, тұжырымдарға, ережелерге, заңдылықтарды анықтауға, түрлі ұғымдарды қалыптастыруға жетелеп әкелу, тек шынайы объектілерді, нақты заттармен практикалық әрекеттерді бірнеше рет бақылау негізінде мүмкіндігін ескере отырып, бағдарлама мұғалімнің кӛрнекілікті, дидактикалық материалдарын кеңінен қолдануын кӛздейді. 6. Түзете оқыту мектебінің басты міндеттерінің бірі болып оқушыларды ӛмірге дайындау, оларға түсінікті, мүмкіншілігіне сай мамандықтарды меңгеруіне, еңбекке шамаға шақ қатысуға дайындау саналады. Сондықтан да оқушыларға практикалық біліктер мен дағдыларды дағдыландыру үшін бағдарламаларда үлкен орын беріледі. 7. Практикалық біліктер мен дағдылардың қалыптасуымен қатар бағдарлама оқушылардың индуктивті жолымен, басқаша айтқанда нақты болмыстың құбылыстарын, заттар жинағымен істелінетін практикалық әрекеттерді бақылау барысындағы жалпылау жолымен, қабылдайтын кейбір теориялық білімдерімен танысуды кӛздейді. 15 8. Арнайы мектеп оқушыларының құрамы біркелкі еместігін және математикалық білімдерді меңгеруде оқушылар мүмкіндіктерінің әртүрлігін ескере отырып, бағдарлама математикаға оқуытуда балалардың әртүрлі категориясына оқу талаптарын дифференциациялаудың (саралаудың, жіктеудің) қажеттілігін кӛрсетеді. 9. Бағдарлама мұғалімді түзете оқыту мектебінде математикаға оқытудың негізгі түзете-дамытушы міндетін шешуге жетекшілік етеді. Математика бойынша бағдарлама түсініктемесінде математикаға оқыту үдерісін, түзете оқыту мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің кемшіліктерін түзету мен жалпы даму деңгейін жақсарту мақсатында қолданудың қажеттілігі туралы айтылған.
Арнайы мектептің 0-1 ші сыныптарында жиналған оқушылардың құрамы әртүрлі болғандығын: даму деңгейінің әртүрлілігін, оқуға деген дайындығы мен математикалық дайындығының да әртүрлі болғандығын (орта мектепте оқуды бастаған; жалпы және арнайы мекемелерде болған; сауат ашу орындарында, бала бақшада болмаған) ескеріп, бағдарлама дайындық (пропедевтикалық) кезеңді қарастырады. Дайындық кезеңінің міндеті - оқушылардағы сан, кеңістік, уақыт түсініктерін, ӛлшемдер, заттар пішіні туралы түсініктерін, математикалық білімдерді меңгерудегі потенциалды мүмкіндіктерін анықтау және оларды математиканың жүйелі курсын және кӛрнекі геометрия элементтерін меңгеруге дайындау, жалпы оқу біліктері мен дағдыларын қалыптасыру. Пропедевтикалық кезеңде оқушылардың заттардың ӛлшемі туралы түсініктер анықталып қалыптасады (үлкен – кіші, бірдей, үлкендеу – кішілеу, ұзын – қысқа, ұзынрақ – қысқарақ және т.б) кеңістік түсініктері 18 (алыс – жақын, үстінде – астында, ішінде, алдында, оң жақта – сол жақта және т.б), сандық түсініктеірі (кӛп – аз, артық – кем, қанша болса, сонша және т.б), уақыт ұғымдары мен түсініктері (бүгін, ертең, кеше, таңертең, күндіз, кешке, түн және т.б). Пропедевтикалық кезеңнің ұзақтығы оқушылар құрамымен, олардың мектеп сабақтарына дайындығымен, олардың математикалық түсініктерінің деңгейімен белгіленеді. Ол 0 – ші сыныпта 1 – 2 тоқсан не оқу жылы бойы созылу мүмкін немесе 1 – ші сыныпта 1 тоқсан бойы созылады. Пропедевтикалық кезеңнен кейін математика бӛлімдерінің мазмұны баяндалады. Аталмыш бӛлімдер болып: а) нӛмірлеу; б) бүтін сандармен арифметикалық амалдар; в) шамалар, шамаларды ӛлшеу бірліктері; г) бӛлшектер; д) кӛрнекі геометрия элементтері. Барлық сыныптарда математикалық мәтінді есесптерді шығаруға үйрету кӛзделеді. Осы бӛлімдердің әрқайсысында ақыл – ойы кем оқушылардың мамандықты меңгеруіне, ӛмірге және әлеуметтік бейімделуіне дайындалуы үшін, оқудың аталмыш кезеңінде олардың ұғынуына түсінікті материал еңгізілген. Нӛмірлеуді оқыған кезде оқушылар натурал саны, нӛл, сандардың натуралдық қатары және оның қасиеттері ұғымадрымен танысуы, санауыдң ондық жүйесінің заңдылықтарын меңгеруі тиіс. Бағдарлама 1000.000 кӛлеміндегі тӛрт арифметикалық амалдарға, ауызша және жабаша есептеулердің негізгі тәсілдеріне үйретуді, арифметикалық амалдар компоненттерінің атауларын және нәтижелерін, компоненттері арасындағы тәуелділікті оқып білуді, арифметикалық амалдардың орын ауыстырғыш және тіркестіру қасиеттерімен практикалық таныстыруды қарастырады. Түзете оқыту мектептерінде оқушылар шамаларымен танысады (ұзындықпен, массамен, құнымен, уақытпен, ауданмен, кӛлеммен), аталмыш шамадарды ӛлшеу бірліктерімен, олардың арақатынасымен, ұзындықты, құнын, массаны, уақытты және т.б кӛрсетілетін сандармен және олармен орындалатын амалдармен танысады. Сонымен қатар оқушылар бӛлшектерді оқиды, жай және ондық бӛлшектерді: бӛлшектерді шығаруды, түрлендірудің негізгі қасиеттерін, бӛлшектерді салыстыруды, бӛлшектермен орындалатын амалдарды, пайыздарды оқып біледі. Оқытудың бүкіл жылдарында жай және құрама арифметикалық есептер шығарылады. Есептердің негізгі тобын арифметикалық есептер құрайды. Бағдарламада практикалық мәнді кейбір типтік есептер де кӛрсетілген (ортақ арифметикалық санды табуға, үлестерге, бірге тура және кері әкелу, пропорциялық бӛлуге, қозғалысқа).
Достарыңызбен бөлісу: |