№1 дәріс Тақырыбы: Кинематика. Динамика



бет3/59
Дата07.02.2022
өлшемі2,32 Mb.
#85885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
Физикадан ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ

Жұмыс және энергия
Жоспар:
1. Инерциялық емес санақ жүйелері
2. Инерциялық күштер
3. Гравитация
4. Жұмыс, энергия, қуат
5. Кинетикалық және потенциалдық энергия
6. Энергияның сақталу заңы.
7. Денелердің соқтығысуы.
8. Тартылыс күштерінің өрісі
9. Арнаулы салыстырмалы теория элементтері.

Инерция санақ жүйесіне қатысты үдеумен қозғалатын санақ жүйесі инерциялық емес санақ жүйесі деп аталады. Үдеп ілгерілей қозғалған санақ жүйесінде инерция күші ( инерциялы емес санақ жүйесінің үдеуі); айналмалы қозғалған санақ жүйесінде тыныш тұрған денеге әсер ететін инерция күші: айналмалы санақ жүйесінде қозғалған денеге әсер ететін күш: . Инерциялы емес санақ жүйесі үшін динамиканың негізгі заңы:


Кез келген екі материалдық нүктенің арасындағы өзара тартылу күші немесе гравитациялық күш осы нүктелердің массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың ара қашықтығына кері пропорционал:
.
Жұмыс пен жылдамдық өзгерісінің арасындағы байланысты табайық. Әуелі күш Х осі бойымен әсер ететін және қозғалыс осы ос бойында болатын бірөлшемді жағдайда қарастырайық. Нүкте қозғалысының теңдеуін шеше отырып (бұл теңдеудің екі бөлімін де vx-ке көбейтіп)
, (2.1)
біржолата мынаны табамыз:
,
мұнда mo – нүктенің массасы, ал – нүктенің кинетикалық энергиясы.
Материялық нүктенің кинетикалық энергиясының оның екі түрлі орналасуы арасындағы орын ауыстыруы кезіндегі өзгеруі осы жердегі күштің атқарған жұмысына тең.
Нүкте алғашқыдағыдай түзу бойымен емес ерікті траекториямен қозғалсын делік.
Қозғалыс траекториясын қысқа кесінділерге бөлейік. Осы кесіндідегі элементарлық жұмыс:
.
Кесінділердің ұзындықтарын нөлге қарай, ал олардың санын – шексіздікке ұмталдыра отырып, ерікті траектория бойынша орын ауыстыру кезіндегі күштің жұмысын аламыз:
. (2.2)
Енді қозғалыстың жалпы теңдеуін қарастырайық:
. (2.3)
Бұл теңдеуді шеше отырып (теңдеудің екі бөлігін де -ға көбейтіп) мынаны табамыз:
. (2.4)
Көп жағдайда күштің қасиеттері соншалықты, тыпты оң жақ бөлім (2.4) (энергияның өлшемділігіне ие шама) механика аясында анық мәнге ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет