1 Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Цитология ғылымының дамуы



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата26.09.2023
өлшемі0,5 Mb.
#182571
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Цитология лекция
НТК БП, Тапсырма 1, ЗЕРЕК БАЛА ережесі
Негізгі сұрақтар:
1. Лизосоманың құрылысы. 
2. Лизосоманың түрлері, атқаратын қызметі
Әдебиеттер: 
1. А.Нұрышева, М.Нұрышев. “Цитология” Алматы. “Қарасай” 2008. 
2. Қ.Ә.Сапаров “Цитология және гистология” Алматы: Қазақ университеті. 2009. 
3.
https://kk.wikipedia.org/wiki/Лизосомдар
 
4.
https://www.topreferat.com/.../2571-
Лизосомалар
дың-
және
...


8 Дәріс 
Тақырыбы: Рибосоманың құрылысы және клеткада атқаратын қызметі. 
Центросома (клетка орталығы) құрылысы, қызметі. 
Мақсаты: 
Рибосоманың және центросоманың құрылысы, қызметі туралы түсінік 
беру. 
Негізгі ұғымдар:
рибосома, белок, центросома, центриоль, РНҚ,
 
полисомалар 
 
Рибосомалар 
- прокариоттар мен эукариоттардың клеткаларында болатын 
диаметрі 15-25нм өте ұсақ жұмыр бөлшектер. Эукариоттар клеткаларында 
рибосомалардың екі популяциясы байқалады; гранулалық эндоплазмалық тордың 
мембраналардың бетіне бекінген және цитоплазмада бос орналасқан. Электрондық 
микроскоптың көмегімен ашылған органидтардың бірі рибосомалар-тығыз бөлшектер, 
Паладтың гранулалары деп аталады. 
Гранулалық эндоплазмалық торы нашар жетілген клеткаларда (эпидермистің 
плазматоциттерінде) көбінесе цитоплазмада бос орналасқан рибосомалар кездеседі. 
Гранулалық эндоплазмалық торы жақсы жетілген клеткаларда рибосомалар көбінесе 
мембраналармен байланысты болып келеді. Рибосомалар ядро қабықшасының сыртқы 
бетіне бекіп тұруы да мүмкін. Ядролық рибосомалар өздерінің физика-химиялық және 
метаболизмдік ерекшеліктері жағынан цитоплазмалық рибосомалардан өзге. Рибосомалар 
митохондриялар мен хлоропластларда да болады. Аталған бұл органоидтардағы 
рибосомалар ұсақ болып келеді және бактериялық клеткалардың рибосомаларына ұқсас 
болады. Өсімдіктер мен жануарлардың және микроорганизмдердің түрлі клеткаларынан 
бөлініп алынған рибосомалардың химиялық құрамы, молекулалық массасы мен 
седиментация константлары ұқсас болатыны анықталған. 
Биохимиялық талдау рибосомалардың белок пен РНК-дан тұратынын анықтады. 
Рибосомалық РНҚ клетканың РНҚ-сының 80-90% құрайды. Түрлі клеткалардың 
белоктарының аминқышқылдық құрамы ұқсас болады.
Рибосомаларда 
Mg
++

рибонуклеазамен 
бірге 
дезоксирибонуклеаза, 
лейцинаминопептидаза, b-галактозидаза, қышқыл және сілтілі фосфатазалардың 
болатыны жөнінде мәліметтер де бар. Рибосоманың құрамына кіретін белоктар мен РНҚ 
магнийдің көмегімен өзара сутегі байланысымен байланысады. Рибосомалардың 
құрылысы мен сыртқы түрі Mg
++
-дың болуы мен оның концентрациясына тәуелді. 
Рибосомалар клетка белоктарын синтездейтін клетканың компоненті болып саналады. 
Белокты синтездеу процесінде рибосомалардың бәрі бірдей белсенділік көрсете бермейді. 
Белокты синтездеу процесіне «белсенді» рибосомалардың 10%-не жуығы бір мезгілде 
ғана қатысады. Зерттеушілердің көпшілігінің мәліметтері бойынша белоктың синтезі жеке 
рибосомалардан көбі полирибосомалар, немесе 
полисомалар деп аталатын рибосомалар
тобында көбірек жүреді. Полисомалар өзара мРНҚ-ның молекулаларының жіңішке 
жіптермен байланысқан 5-70рибосомалардан тұрады. Рибосомалар бөлшектерінің 
үлкендігін ультрацентрифугада бөлшектер шөгуінің жылдамдығын сипаттайтын 
седиментация константасының (S-Сведберг бірлігі
) көмегімен белгілейді. Бөлшектер 
неғұрлым салмақты болса,соғұрлым тез шөгеді. 
Ультрацентрифуганы тұңғыш рет ойлап шығарған және ультрацентрифугалауды 
ғылыми негізін қалаған швед ғалымы Сведберг. Молекулалық массасы алты миллион 
«тұтас» рибосомаларды 100 рибосомалар деп атайды. (Сведбергтің 100 бірліктері). 
Прокариоттар рибосомаларының седиментация коэффициенті 70S-ке, эукариоттардікі 80S 
тең. Митохондриялар рибосомаларының седиментация коэффициенті рибосомалардың 
70S класына жатады.Хлоропластардікі 67-70 Sтең. 


Рибосомалар ядрошықта түзіледі деп есептеледі. Рибосомалар үлкендігі әр түрлі екі 
құрылымдық суббірлікте құралған- үлкен және кіші. Рибосомалардың суббірліктері 
РНҚмен белоктан тұрады. Үлкен суббірлігі эндоплазмалық торды липопротеидтік 
мембранасына рибосомалардың бекуіне қатысады. 
Үлкен бірліктерінің құрамында 30жуық түрлі белоктар, ал кіші бірліктерінде 
20жуық белоктар болады. Ұсақ бөлшектері өздіктерінен белокты синтездей алмайды; 70S 
және 80S –бөлектер ғана синтездейді. 
Бактериялардан сүтқоректілерге дейінгі организмдердің бәрінің рибосомалары 
үлкендігі, құрылысы және химиялық құрамы жағынан ұқсас. Клеткадағы рибосомалардың 
саны мен концентрациясы РНҚ-ның мөлшері мен цитоплазманың базафилиясына 
байланысты. Эргастоплазмасы (базальдық заты) бар клеткалардың бәрінде, мысалы 
бауырдың клеткаларында, нерв клеткаларының Ниссель денешіктерінде, өсімдіктер мен 
жануарлардың тез өсуші клеткаларында және бактерияларда, белоктарды жедел 
синтездейтін клеткаларда рибосомалар көп болады. Ересек және кәрі клеткаларда 
рибосомалар жоққа жуық немесе болмайды. Рибосомалар үнемі қозғалыста болады. 
Рибосомалар митохондриялардың, Гольджи кешенінің мембраналарында, плазмалық 
мембрана бекімейді, лизосомалардың мембраналарында да жанаспайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет