1 Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Цитология ғылымының дамуы



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата26.09.2023
өлшемі0,5 Mb.
#182571
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Цитология лекция
НТК БП, Тапсырма 1, ЗЕРЕК БАЛА ережесі
4 Дәріс 
 
Тақырыбы: 
Клетканың тұрақсыз қосылыстары. Қоректік, секретті, 
пигментті қосындылар. 
 
Мақсаты: 
Цитоплазманың құрамында кездесетін компоненттер: клетканың 
тұрақсыз қосылыстарының клеткада қандай күйде және қандай клеткаларда кездесетіндігі 
жайлы түсіндіру.
 
 Негізгі ұғымдар:
гликоген, көмірсулар, белок, майлар, меланин, липофусцин . 
Клетканың тұрақсыз қосылыстары цитоплазмада зат алмасу процесінде бірде 
пайда болып, бірде жойылып отырады. Клетка қосындылары құрамы мен химиялық 
құрамы жағынан әртүрлі болып келеді. Клетка қосындылары: қоректік, секретті, 
пигментті болып жіктеледі. Қоректік қосындыларға: гликоген, көмірсулар, белок, майлар 
жатады. Гликоген қара бауырда, бұлшық етте, белоктар амфибияның сары уызында, май 
май ұлпасында жиналады. Секретті қосындылар бездерде көп болады. Пигментті 
қосындыларға: меланин, липофусцин жатады. Меланин-қоңыр теріде, липофусцин-сары-
қоңыр пигмент жүйке және бауыр клеткаларында жиналады. Клетканың тіршілігінде 
цитоплазмадағы тұрақсыз қосылыстардың маңызы өте зор. 
Клетканың тіршілік әрекеті үздіксіз жүретін зат алмасу процесімен сипатталады. 
Осыған байланысты клеткада әр түрлі ыдырау өнімдері жиналып және жойылып. кетіп 
отырады. Сондықтан клетканың протоплазмасында органоидтардан басқа тұрақсыз 
қосындылар да болады.
 
Клетканың тұрақсыз қосылыстары цитоплазмада зат алмасу процесінде бірде пайда 
болып, бірде жойылып отырады. Клетка қосындылары құрамы мен химиялық құрамы 
жағынан әртүрлі болып келеді. Клетка қосындылары: 
қоректік, секретті, 
экскретті,
 
пигментті
болып жіктеледі.
Қоректік қосындыларға
: гликоген, көмірсулар, белок, майлар жатады. Гликоген 
қара бауырда, бұлшық етте, белоктар амфибияның сары уызында, май май ұлпасында 
жиналады.
Секретті қосындылар
бездерде көп болады. 
Секреторлық (бөлінділік) 
қосындыларға
пайдалы 
заттар 
(секреттер): сөл, 
сілекей, өт, 
гормондар 
(инкреттер), сүт және тағы басқалар жатады.
Жұмыртқа клеткаларында таяқша, яғни түйірішік тәрізді белокты қосындылар көп 
болады. Олар ұрықтың дамуы үшін қажетті материал. Майлы қосындылар кейбір 
клеткаларда аз мелшерде болса да кездеседі. Бұл түзілістер энергиялық қор есебінде 
жұмсалады. Май көп мөлшерде болса, ядроны шетке ығыстырып, үлкен шырын құрайды. 
Қейбір клеткалар май жинауға арналмаған болса да оны жинауға бейім келеді. Ондай 
клеткалар дәнекер және ретикулярлы тканьдерде кездесіп, майлы клетка деп аталады. 
Протоплазмада майдың жиналуы клетканы өлтірмейді. Оны пайдаланған соң клетка 
бүрынғы қалпына келеді. 
Экскреторлық қосындыларды
жануарлар 
организміне керек емес зиянды 
қосылыстар (зәр, тер) құрайды. 
Пигменттік қосындылар
жасушалар мен ұлпаларға түр-түс береді. Оған 
қандағы гемоглобин, 
Бұлшық 
еттегі 
миоглобин, 
терідегі меланин т.б. 
жатады. Пигмент каротин жемістерде, өсімдік жасушаларында түзіледі. Ол — А 
провитамині. Каротин жануарлар организмінде А витаминіне айналады.
Липофусцин-сары-қоңыр пигмент жүйке және бауыр клеткаларында жиналады. 
Клетканың тіршілігінде цитоплазмадағы тұрақсыз қосылыстардың маңызы өте зор. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет