Педагогикалық техника –мұғалімнің өздерінің жекепсихофизиологиялық жай-күйін, көңіл күйін, эмоциясын, денесін, сөзін және педагогикалық мақсатты қарым-қатынасын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жалпы педагогикалық және психологиялық білім кешені.
Педагогикалық қабілеттілік –мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетте жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін жеке-дара психологиялық ерекшеліктері мен кәсіби маңызды сапасының қорытынды жиынтығы.
Педагогикалық шеберліктің элементтері
өз пәнін, оны
оқытудың
әдістемесін,
педагогиканы,
психологияны
білу
Коммуникатив-
тілігі: адамға
деген оң қатынасы,
тілектестігі, пер-
цептивтігі, кәсіптік
байқағыштығы,
педагогикалық
интуициясы.
Динамизмі:
еріктік әрекетке,
логикалық
сендіруге
қабілеттілігі.
Эмоционал-дық
орнықтылығы:
өзін-өзі меңгеруі,
оптимистік болжау.
Креативті-лігі:
шығармашылыққа
қабілеті
Өзін-өзі басқара
білу іскерлігі,
өзара әрекет
жасау іскерлігі
Мынадай түрлерге ажыратылады:
гностикалық (тани білу және танымнан қанағат алу бірлігі);
дидактикалық (білімді түсіндіру,бере білу және оқыту білігі);
ұйымдастырушылық (тәрбиеленушілерді алуан түрлі іс-әрекеттерге қосу, оларда оған деген қызығушылықты шақыру,өкілеттікберу, барлық қатысушыларды біріктіру және олардың қызы ғушылығын қойылған мақсаттарды іске асыруға бағыттау білігі);
перцептивті (баланың ішкі әлеміне ену,олардың қобалжығансезімін және күйін, қабілеті мен эмоциясын түсіну білігі);
болжамдық (педагогикалық болжай білуді жүзеге асыру,педагогикалық іс-әрекетте өзара әрекет нәтижесін болжамдау білігі);
суггестивті (мұғалімнің эмоционалды-жігерлі иландыруы,оның бекем қайратты сөзі көмегімен ықпал етудің қажетті нәтижесіне жету білігі);
экспрессивті (өзінің білімі мен нанымын эмоционалды жәнемәнерлі етіп бере алу, мұғалімнің әртістігі, сөйлеудің көп бейнелі интонациясын, ымды, қозғалысты, икемділікті меңгеру білігі).
Педагогикалық шеберліктің бар немесе жоқтығын анықтау үшін И. А. Зязюн мынадай критерийлерді белгілеген:
- мақсатқа лайықтылығы (бағытталғандығына қарай)
- өнімділігі (нәтижесіне қарай білімдік, тәрбиеленгендік дәрежесі)
Сонымен, болашақ мұғалімдердің кәсіби білімін қалыптастыру қазіргі кезеңде кәсіби білім беру жүйесін дамытудың мазмұнды сұраныстары және даярлық жұйесіндегі сәйкес мазмұнды қарастыруға, кездесетін қайшылықтарды жеңуге бағытталады.
Тұлғаның өзін-өзі кәсіби – шығармашылық дамыту мұғалімнің өзіне маңызды және шығармашылықпен қабылданған сыртқы факторларға негізделген саналы тұлғалық қалыптасу үрдісі болып табылады. Ол мұғалімнің өзін-өзі тану, өзін-өзі ұйымдастыру, өз бетімен білім алу механизмдері арқылы жүзеге асырылады. Мұнда шығармашылық пен ой-өріс осы үрдісте үдету тәсілдері ретінде қолданылады.
Мұғалімнің кәсіби білімі – мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзін-өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады.