Өсімдіктердің мүшелеріне тəн кейбір жалпы заңдылықтар.
Өсімдіктерге өсуі жəне вегетативтік мүшелерінің қалыптасуы барысында əр түрлі заңдылықтар тəн. Солардың ішінен полярлық жəне симметрия құбылысын айту керек.
Полярлық (қарама-қарсы) дегеніміз-кез келген жоғары сатыдағы, сол сияқты көптеген төменгі сатыдағы өсімдіктер денесінің физиологиялық қасиеттері жағынан айырмашылығын айтамыз. Өсімдік денесінің морфологиялық жоғарғы (үстіңгі) немесе апикалды жəне базальды-төменгі бөлігі болады. Терминалды-апикальды бөлігінде тек сабақтар, ал базальды бөлігінде тамырлар пайда болады. 1-сурет.
1-сурет. А-базальды ұшымен; Б-апикальды ұшымен отырғызылған
тал қалемшелері
Өсімдіктердің апикальды жəне базальды бөліктерінің физиологиялық айырмашылықтарын сүректі өсімдіктерді қалемшелері арқылы өсіру барысында байқауға болады. Егер қалемшені топыраққа жоғарғы жағымен отырғызсақ, онда жер бетіндегі бөлігінен қосалқы тамырлар, жер астындағы бөлігінен өркендер өсіп шығады. Өсімдіктердің əр түрлі мүшелерінде белгілі бір симметрия құбылысы байқалады 2-сурет. Өсімдік мүшелерінің симметриясыз, моносимметриялы, биссиметриялы жəне полисимметриялы топтары ажыратылады.
Симметриясыз немесе ассиметриялы құрылымды мүшелерінің бетімен бойлата бір сызық жүргізіп, тең екі бөлікке бөлуге болмайды. Мысалы, қарағаштың жапырағы (Ulmus L).
Моносимметриялы құрылымды мүше арқылы бір ғана сызық түсіріп, тең екі бөлікке бөлуге болады. Мысалы, шынар ағашының жапырағы (Platanus L) жəне көптеген гүлді өсімдіктердің, асбұршақтың (Pisum L), үрме бұршақтың (Phaseolus) жəне т.б. гүлдері осындай.
Биссиметриялы құрылымды мүше арқылы өзара перпендикуляр екі сызық түсіріп, тең бөліктерге бөлуге болады. Мысалы, грек жаңғағы, қырыққабат, серігүлдің гүлдері т.б.
Полисимметриялы немесе радиальды симметриялы мүшелер арқылы бір жəне одан артық сызық жүргізіп бірнеше тең бөлікке бөлуге болады.
2-сурет.Симметрия түрлері: лимон жемісіндегі радиальды симметрия;
Б-грек жаңғағы жемісіндегі бисимметрия; В-қарағаш жапырағындағы ассиметрия; Г-шынар жапырағындағы моносимметрия.
Мысалы, лимонның (Citrus Iimonum) жемісі, жем тамырлар, көптеген гүлдер полисимметриялы.
Жапырақтарға жəне жер бетіне көлбеу орналасқан төселмелі өркендерге, қыналарға дорсовентральды құрылыс тəн. Жапырақтың үстіңгі беті-бауыр жағы, астыңғы беті-арқа жағы деп аталады. Өйткені жапырақтың бұл екі жағы құрылысы, симметриялылығы жағынан бір-бірінен бөлек. Сол сияқты төселмелі өркен дорсовентральды құрылысты, оның арқа жағынан қосалқы тамырлар, ал бауыр жағынан өркендер өсіп шығады.
Геотропизм. Бұл өсімдіктердің мүшелерінің кеңістікте белгілі бір бағытта өсуге қабілеттілігі. Өсімдіктің дəні топырақта қандай жағдайда жатпасын, тамыр барлық уақытта төмен қарай (дұрыс геотропизм) өседі.
Жер бетіне тік бағытта өсетін мүшелер ортотропты (грекше «ортос»-тік,
«тропос»-бұрылыс), ал көлбеу, яғни салыстырмалы түрде топырақ беткейіне параллель бағытта өсетін мүшелер плагиотропты (грекше «плагис»-қиғаш, көлбеу) деп аталады. Өсімдік қалыпты жағдайдағы өсу бағытынан қандайда бір сыртқы күштің əсерінен ауытқығанның өзінде де, ол өзінің жас бөліктерін кеңістікте бұрынғы қалпын сақтайтындай етіп иеді. Астық тұқымдастары сабақтары жатып қалғаннан кейінде, түгелімен қайта көтерілуге қабілетті болып келеді. Өйткені олардың меристемалары сабақтың буындарында орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |