Өзіндік бақылау сұрақтары:
І. Полярлық, геотропизм деген не?
Метамерия қандай қызмет атқарады?
Өсімдіктердің мүшелерінде қандай симметрия болуы мүмкін?
Өсімдіктердің мүшелерінің қандайларын вегетативтік, ал қандайларын репродуктивтік деп атайды?
Моноподиялды бұтақтанудың дихотомиялы бұтақтанудан қандай айырмашылығы бар?
Дихотомиялы, симподиялды, жалған дихотомиялы бұтақтанулардың бір-бірінен айырмашылығы неде?
Вегетативтік, генеративтік жəне аралас бүршіктердің айырмашылығы бір-бірінен неде?
Ортотроптық жəне плагиотроптық дегеніміз не?
Түптенудің қандай түрлері бар?.
Түптену буыны дегеніміз не?
3. Дəріс тақырыбы: Жапырақ жəне оның қызметі. Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жəй жəне күрделі жапырақтар. Жапырақтың жүйкеленуі. Жапырақтың алуан түрлілігі.
Мақсаты: Жапырақ морфологиясымен танысу. Жапырақ тақтасының пішіндерін жүйкеленуін, олардың сабаққа орналасуын атап көрсету.
Түйінді сөздер: дерматоген, туника, бөбе жапырақ, тілше, гетерофиля, флоэма, ксилема, фотосинтез, мозаика.
Дəрісте қарастырылатын сұрақтар:
Жапырақтың морфологиялық құрылысы
Жапырақ пішіндері
Жапырақтың жүйкеленуі
Жапырақтың алуан түрлілігі
Жапырақ дегеніміз өсуі шектелген бүйірлік мүше. Ол қыстырмалы меристеманың белсенділігінің нəтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Ағаштар мен бұталарда жапырақ уақытша мүше. Жапырақтың атқаратын қызметтері: фотосинтез, газдың алмасуы жəне судың булануын реттеу болып табылады. Сонымен бірге жапырақтарда артық қор заттары жиналады, жекелеген жағдайларда жапырақ вегетативтік көбею қызметін де атқарады. Бір жылдық өсімдіктер жапырығының өмірінің ұзақтығы, сабақтың өмірінің ұзақтығымен бірдей, ал көп жылдық өсімдіктердің көпшілігінің жапырағы 1-1,5 жыл, кейбір жағдайларда оданда аз өмір сүреді. Мəңгі жасыл өсімдіктердің жапырағы 1 жылдан 5 жылға дейін, ал кейбіреулерінде 10-15 жыл өмір сүреді (шырша, араукария). Тек африка шөлінде өсетін вельвичияның жапырағы ғана, өсімдіктің тұрақты мүшесі болып келеді жəне ол 90-100 жыл өмір сүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |