Өзіндік бақылау сұрақтары:
Автотрофты жəне гетеротрофты өсімдіктер дегеніміз не?
Өсімдіктер географиясы нені зерттейді?
Фитоценология дегеніміз не?
Экология жəне генетика қандай ғылым?
Биосфера дегеніміз не?
Тірі жəне өлі табиғат элементтеріне не жатады?
Өсімдіктер ауылшаруашылық өнімдерінің ерекшеліктеріне жəне пайдалануына қарай қандай топтарға бөлінеді?
2. Дəріс тақырыбы: Оргонография негіздері. Вегетативтік мүшелердің пайда болу заңдылықтары. Полярлық жəне симетрия. Ортотроптық жəне плагиотроптық. Өркен жəне өркен жүйесі, бұтақтануы.
Мақсаты: Өсімдіктер мүшелерінің вегетативтік жəне репродуктивтік болып бөлінуін, өсімдіктердің мүшелеріне тəн кейбір жалпы заңдылықтарды атап көрсету.
Түйінді сөздер: симметрия, полярность, геотропизм, вегетатив, репродуктив, метамерия, фотосинтез, симподиальды, моноподиальды, апекс.
Дəрісте қарастырылатын сұрақтар:
Вегетативтік мүшелер.
Өсімдіктердің мүшелеріне тəн кейбір заңдылықтар.
Өркен жəне өркендер жүйесі.
Өркеннің бұтақтануы.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің мүшелері вегетативтік жəне генеративтік болып бөлінеді.
Вегетативтік мүшелер
Қазіргі кезде жоғары сатыдағы өсімдіктер жер шарына кең таралып, өскен ортасының тіршілік жағдайларына қарай бейімделген. Құрылықта тіршілік ететін өсімдіктердің денесі жер астындағы жəне жер үстіндегі бөлігі деп екіге бөлінеді. Өсімдіктің екі бөлігінің бір-бірінен айырмашылығы бар. Сабақ ауа ортасында, тамыр топырақ ортасында орналасады жəне олар əр түрлі қызмет атқарады. Сондықтан, жоғары сатыдағы өсімдіктерде атқаратын қызметі жəне морфологиялық құрылысы əр түрлі мүшелер қалыптасқан.
Жоғары сатыдағы өсімдіктерде мүшелердің екі тобы бар. Олар: вегетативтік (латынша vegetatio-өсу, даму) жəне генеративтік (латынша generare –жасап шығару). Вегетативтік мүшелерге тамыр жəне сабақ пен жапырақтан тұратын өркен, генеративтік мүшелерге көбею қызметін атқаратын мүшелер жатады. Жабық тұқымдыларда бұл мүшелер-гүл, жеміс жəне тұқым. Вегетативтік мүшелер өсімдіктің денесін түзеді жəне оның тіршілік əрекетінің негізгі қызметін атқарады. Вегетативтік жолмен көбеюін де жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |