1. Дəріс тақырыбы



бет6/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Өркен жəне өркендер жүйесі. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырақтар жəне бүршіктер орналасқан сабағы өркен деп аталады. Өркен негізінен сабақтан жəне онда орналасқан жапырақтардан тұрады. Сабақ пен жапырақ төбе меристемасынан бір мезгілде пайда болады да тұтас бір мүше өркенді түзеді.

Бүршік-жаңа өркеннің бастамасы, бүршіктен өркеннің бұтақтануы мен өсуі, яғни өркендер жүйесінің қалыптасуы жүзеге асады. Өркен тамыр сияқты жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі вегетативті мүшесі. Оның атқаратын қызметі-фотосинтез (жапырақтар арқылы). Споралы өркендер, сол сияқты гүлде көбею қызметін атқарады.
Өркеннің тамырдан басты айырмасы-жапырақтың болуы. Сабақтың жапырақ (бір немесе бірнеше) өсіп түрған тұсын буын деп атайды. Кейбір өсімдіктер тобында (астық тұқымдасында, қалампыр тұқымдасында, қырықбуындарда) сабақтың буын орналасқан жері білеуленіп айқын білініп тұрады. Ал кейбір өсімдіктерде ол нашар байқалады. Егер жапырақ немесе жапырақтар шоғы сабақты толық орап алса, онда ол жабық буын деп, ал жапырақ буынды қоршамай орналасса, ашық буын деп аталады. Сабақтағы бір буыннан екінші буынға дейінгі қашықтық буын аралығы делінеді. Сабақтың жапырақ орналасқан буындағы жапырақ жəне сабақ бөлімінің арасындағы бұрыш жапырақ қолтығы делінеді. Өсімдіктердің алуан түрлілігіне қарай буын араларының қашықтығы да түрліше. Егер буын аралықтары бір-біріне жақын болса, оны қысқарған өркен деп (қырыққабат, қызылша, сəбіздің бас бөліміндегі бірінші жылғы жертаған жапырақтары, бақ-бақтың, көксағыздың жəне т.б. жертаған жапырақтары), егер буын аралықтары бір-бірінен қашық болса, оны ұзарған өркен деп атайды. Ұзарған өркеннің буынаралығы алыс орналасқан. Қысқарған өркеннің буынаралығы жақын орналасқан (3-сурет).

3-сурет. Ұзарған жəне қысқарған өркендер.


Қысқарған өркенде гүл бүршіктері жетіледі де, олар гүлдеп, вегетациялық дəуірінің соңында жеміс береді. Сондықтан оны жемістік өркен деп атайды. Ұзарған өркен бойлап өсе береді, жеміс
бермейді жəне өте аз береді.
Көктемде сүректі өсімдіктер бүршік жарғанда бүршік қабыршықтары өз қызметін аяқтап түсіп қалады. Əрбір қабыршақтың түскен орнында бүршік дағы қалады. Бүршік дақтары бір-біріне қосылып өркеннің өстік бөлімінде бүршік сақинасын түзеді. Өркенге тəн ерекшеліктердің бірі-оның метамерлі құрылысы. Əдетте өркен өсіп бойлап, оның негізінен ұшына дейін бірнеше, кейде көптеген буын, буынаралықтары, қолтық бүршіктер орналасады. Осылай құрылымның заңды қайталануы өркеннің метамерлігі деп аталады.
Өсімдіктің алғашқы өркені, тұқымның ұрық бөлігіндегі ұрық бүршігінен жетіледі. Ол тұқым жарнағының астыңғы қылтасынан, тұқым жарнақтарынан жəне негізгі өркеннің қалған метамерлері қалыптасатын бүршіктен тұрады. Орналасуы бойынша бұл-төбе бүршігі. Осы бүршіктен өркен бойлап өсіп, оның жаңа метамерлері пайда болады.
Өркеннің ұшы (апексі) алғашқы түзуші ұлпалардан тұрады. Осы ұлпаның белсенді бөлінуінен өркеннің алғашқы (түпкілікті) ұлпалары мен барлық мүшелері қалыптасады. Жас жасушалардың үздіксіз түзілуі апикальды меристемасының инициальды жасушаларының шексіз бөлініп, меристемалық қасиетін сақтауына байланысты.
Өркеннің бой конусы тамырдағыдай тегіс емес 4-сурет. Оның бетінде жапырақ примордиалары деп аталатын жапырақ бастамаларының төмпешіктері үздіксіз қалыптасады. Олардың пайда болуы акропитальды ретпен төменнен жоғары қарай жүреді.


4-сурет. Сужапырақ (элодей) сабағының өсу конусы


Өркеннің ұшында жас өркен метамерлері пайда болады. Кезекті метамер пайда болғаннан кейін апекстің гистальды (апекстің ең жоғарғы ұшы) бөлігінің көлемі едəуір кішірейеді. Келесі метамерге дейін апекстің көлемі белгілі бір мөлшерге дейін ұлғаюы қажет. Бұған кеткен уақыт аралығын пластохрон деп атайды. Пластохронның
ұзақтығы барлық өсімдіктерде бірдей емес, өсімдіктің өсуіне қарай өзгеріп отырады.
Бүршік. Бүршік-өркеннің бастамасы. Бүршік бой конусының вегетативті бүршігімен аяқталатын сабақпен жетілу кезеңі əр түрлі болып келетін жапырақтардың бастамасынан тұрады. Вегетативті бүршікпен қатар бүршіктердің вегетативті-генеративтік (аралас) жəне генеративті немесе гүл бүршігі деген түрлері бар.
Вегетативті-генеративтік бүршікте вегетативтік мүшелердің бастамасы қалыптасады да, бой конусы гүлге немесе гүл шоғырына айналады. Мұндай бүршіктер шөптесін (құсық шөп) жəне сүректі өсімдіктерде (серігүл, ырғай) кездеседі.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет