№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет11/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі
10 сабақ. Жердің жасанды серігінің қозғалысы, реферат ХИМИЯ, 92443482, 2 лек Сұраныс пен ұсыныс талдауы (копия), Арал проблемасы ғылимй мақала Джолдасбаева (копия), Конститутция 3 сөж. Мелдебек Дана, Үлгілік оқу бағдарламалары kaz.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
11 
Сөзжасамда төл ұғым негізінде жасалған кез келген деривациялық мағына 
уәжділікпен байланысты туынды сөз мағынасы аталым негізінде жатқан ұғым 
арқылы уәжделіп, себепті негізге сай ішкі мазмұндық қарым-қатынасты 
сөзжасамда уәждеме туынды атаудың мағыналық құрылымды сипаттаушы 
құбылыс ретінде танылады. Сөзжасамдық талдау оның уәжділігін, мотивін 
іздеуден басталады. Демек, тілдік бірліктердің бір-бірін негіздеуі деген ұғым 
туындайды. Уәждемені атау мен зат арасындағы байланыс, бірлік деп те 
түсінуге болады. Туынды сөз болу үшін ол екінші атауыштық (номинативтік) 
мағынаға ие болуы керек, оның жасалуында қажеттілік, себептілік, негізділік 
болуы шарт. Сөзжасамдық талдаудың негізгі бөлігі екіншілік мағынадағы 
бірліктің уәжділік қатынасының мәнін тану болып табылады. «Сөзжасамдық 
уәждеме – себептілікке, негізділікке құрылған сөзжасамдық қатынас». 
Қап сөзі – қуыс. Қапшық, қапта, қаптау, қаптағыш, қаптама, қапсырма
қамыт, құмыра, қабыр, қауақ, кебіс, кеуек, капсула. 
Қақпа, қамал, қақпақ, қапас т.б. 
Күрделі сөздердегі немесе сөзжасамның аналитикалық тәсілінің нәтижесі 
ретіндегі туынды сөздердегі уәжділік мәселесі Б. Қасым еңбектерінде сөз 
етіледі. Уәждеме теориясында ұғым →атау→таңба моделі күрделі аталымда 
үш түрлі дәрежеде көрінеді. Тура уәжділік, жартылай уәжділік, жасырын 
уәжділік. 1. Айқын уәждеме (қаражидек, шашбау, теміржол, аққайың, 
қарақоңыз, ата-ана, ақыл-ой, азу тіс, ас үй); 2.Жасырын уәждеме (қарақағаз, 
қарашығын, жексұрын, алаяқ, алаңғасар (метафоралық), елікгүл, асқазан, 
иткөйлек); 3. Көмескі уәждеме (қарағұс (шүйде сүйек), қарқара, итаршы, 
кемпірқосақ, алапес) уәжділігін жоғалтқан. Осылай анықталған күрделі сөздер 
ғана лексикалық мәртебеге ие болуы тиіс. Уәжді (мотивированное) атауды 
жасау сөзжасамдық құралдарды таңдау арқылы жүзеге асады. 
Уәждеме, уәжділік, уәжділік дәрежелері 
Күрделі сөздегі (сөзқосымның нәтижесіне) қатысты уәжділік дәрежесін
Б. Қасым еңбектерінде І. Тура уәжділік лексикалық мағыналардың 
қосындысы. М.: аққайың, көлбақа, азу тіс ата-ана. ІІ. Жартылай уәжділік 
(метафоралық). М.: елікгүл, асқазан, күркетауық, иткөйлек. ІІІ. 
Көмескі уәжділік. М.: ақсүйек, алаяқ, қансонар деген жіктелімде танылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет