№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет50/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
50 
пікірлердің қалыптасуы етістіктің грамматикалық категориясының 
жасалуындағы ерекшеліктеріне байланысты.
Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары қатарында амалдың 
(қимылдың) өту сипаты категориясының да қызметі ерекше.
Н. Оралбай бұл категорияны мағынасы жағынан қимылдың жасалу 
тәсілі және қимылдың жасалу (даму) сатысы деп екі топқа бөліп
олардың бірнеше тәсілдері мен даму сатысының жасалу жолдарын 
көрсетеді /4, 260-267/. Жалпы аталған категорияның грамматикалық 
сипаты етістіктің аналитикалық форманттары арқылы беріледі. Соның 
негізінде қимылдың жасалу тәсілдері, мағынасы, даму кезеңдері 
анықталады /6, 541/.
Рай категориясы – етістіктің грамматикалық категорияларының ішіндегі 
тұлғасы мен мән-мазмұны жағынан бай категориялардың бірі. Алайда 
рай категориясы етістіктің модальдылық мәнінің бірден-бір 
грамматикалық көрсеткіші бола тұрса да, оның модальдылық мәнін 
толық қамти алмайды /3, 193/. Сондықтан жалпы модальдылық мағына, 
оның берілу жолдары, яғни модаль сөздер мәселесі өз алдына жеке 
мәселе ретінде алынады. Осы пікірлердің негізінде қазіргі қазақ тілінде 
оның төрт түрі дәстүрлі түрде қалыптасқан. Әрбір рай түрінің жасалу 
жолы, грамматикалық тұлғасы, өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, 
ашық райдың арнайы грамматикалық формалары жоқ, ол белгілі бір 
шаққа қатысты қимыл-әрекетті білдіреді.
Ал бұйрық, қалау, шартты райлар қимылға, іс-әрекетке қатысты белгілі 
бір грамматикалық мағынаны арнайы грамматикалық тұлғалар арқылы 
білдіреді. Бұл орайда, әсіресе бұйрықтық, шарттылық мағыналардың 
белгілі бір жаққа қатысын анықтауда жіктік жалғауларының да қызметі 
ерекше.
Шақ категориясы, басқа да категориялар сияқты, мазмұны мен тұлғасы 
жағынан қалыптасқан, орныққан жүйесі бар категорияның бірі болып 
табылады.
Іс-әрекеттің, қимылдың кімге, қай жаққа қатысты екенін білдіруде жақ 
категориясының да өзіндік қызметі бар. Осыған орай іс-әрекеттің белгілі 
бір жаққа қатысы арнайы грамматикалық формалар арқылы беріледі. 
Жақтық мағына мен жіктік жалғауының арақатынасы жөнінде түрліше 
көзқарастар бар. Мәселен, Ы. Маманов жіктік жалғауының өзі 
жалғанған сөзге тек жақтық мағына ғана үстейтіндігін, яғни 
предикативтік рең беретінін айтса /8, 71/, А. Ысқақов «етістік 
формаларына қосылатын жіктік жалғаулардың қосымшалары тек жақ 
көрсеткіштері ғана емес, құрамдарына сандық көрсеткіштерді де 
бөлінбейтін компонент етіп алуы – олардың шақтық мәнді білдіруге 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет