1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері



бет15/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

Түзету ритмика жұмысының бағыты:
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6- бабының 4- ші тармағын іске асыру мақсатында, арнайы білім алуды қажет ететін адамдар үшін мынадай арнайы түзету ұйымдары белгіленеді:
1) мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу түзету ұйымдары ( орынын толтыру);
2) түзету білім беру ұйымдары;
3) кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім берудің түзету ұйымдары;
4) арнайы білім беру ұйымдары;
5) жетім және ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған кемтар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары.
Арнайы білім беру мекемелерінің ішіндегі көмекші мектептің негізгі құрамын ақыл-ойы кем балалар құрайды. Ақыл ойы кемістігін халықаралық
ғылыми тілде олигофрения деп атайды. Олигофрения грек тілінен аударғанда ақылы таяз деген ұғымды білдіреді. Бұл терминді ғылымға немістің психиаторы Э. Крепелин енгізген. Ақыл – ойы кем балалар өз дамуы бойынша нормадан ауытқыған балалардың көп бөлігін құрайды. Олар баланың жарты популяциясын, шамамен 2,5 % құрайды. Олигофрения – психикалық жеткіліксіздіктің ерекше формасы. Бас миының перинатальді және ерте постнатальді (2-3 жаста) зақымдану салдарынан таным процестерінің тұрақты төмендеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет