1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері



бет20/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

2. Ырғақ-гимнастикалық жаттығулар.
Ырғақты-гимнастикалық жаттығулар арқылы балалардың қозғалыс координациясының дамытуға, балалардың қолдың, бастың, дененің және аяқтың қозғалыстарының үндесуін және оларды синхронды орындауға үйретуге, тепе-теңдік сақтап тақтайшалармен жүруге көмектеседі.
Көмекші мектептегі 1 – сыныптағы базалық білім мазмұны:
Ырғақты-гимнастикалық жаттығулар. Жалпыдамытушы жаттығулар: еңкею, басты тік ұстау және бұру, иықпен шеңберлі қимылдар (паровоз) орындау. Заттарды қолданумен және қолданбаумен (жалау, сылдырмақ, ленталар) қолдың түрлі бағытында қолдың қимылы. Дененің оңға, солға бұрылуы, еңкеюі (заттарды көтеру, алдына және жанына қою). Заттармен, тіреуішсіз және тіреумен (дөңгелек, таяқша, жалау) тырып тұру. Жоғарға көтеру қалыпында аяқты бүгу, табанды ішке, сыртқа келтіру, жартылай саусаққа тұру. Арқаны тік ұстауды үйретуге арналған жаттығулар.
Көмекші мектептегі 2 - сыныптағы базалық білім мазмұны:
Ырғақты-гимнастикалық жаттығулар:
1) жалпы дамытушы жаттығулар. Қолды екі жаққа бағыттау, оны алдыға бағыттау, шеңберлі қимылдар, ленталармен орындалатын жаттығулар. Басты алдыға, артқа, жанына бұру, айналдыру. Денені тізені бүгіп, бүкпей иілуі. Дененің қолдың жоғары, екі жаққа, белге қойылуы бойынша қимылына сәйкес дененің бұрылуы және иілуі. Дененің затты берубойынша(жалау, доп) бұрылу қимылдары;
2) өзінің алдында тұрған, жанындағы заттарды тізені бүкпей төмен түсіру және жоғары көтеру. Оң және сол аяқты кезектіріп алдыға, артқа, жанына, бастапқы қалыпқа қою;

3) бірден аяқты тізеге бүгу, марштау кезіндегідей. Тұрып немесе отырып табанды қимылдату. Арқаның тіктігіне арналған жаттығулар.


Көмекші мектептегі 3 - сыныптағы базалық білім мазмұны:
Ырғақты-гимнастикалық жаттығулар:
1) жалпыдамытушы жаттығулар: бастың еңкеюі, жанға бұрылуы, айналмалы қимылдары;
2) қолдың түрлі бағыттағы қимылдары: қолды екі жаққа бағыттау, иықты қамтып кеуде жаққа екі қолды айқастыру; күштеумен қалды екі жаққа созу (резинаны созу);
3) дененің еңкеюге сәйкес бұрылуы; қолдың қимылымен бірге дененің алдыға, жанға бұрылуы;
4) күшейту арқылы тізені жанға бағыттап жәй отырып тұру, жәй бастапқы қалыпқа оралу. Аяқтың ұшына тұрып жартылай отырып тұру. Табанның шеңберлі қимылдары. Аяқты алдыға, жанға қою арқылы отырып тұру қимылын орындау;
5) таяқша арқылы өрілген қолдардың арасынан өту. Тік арқаны қалыптастыруға арналған жаттығулар.
Көмекші мектептегі 4 - сыныптағы базалық білім мазмұны:
Ырғақты-гимнастикалық жаттығулар:
1) жалпы дамытушы жаттығулар. Басты әр бағытта алдыға, артқа қимылдату, айналдыру. Қолдан иыққа қалыптан, қолды алдыға, жанға, жоғары қарай лақтыру. Білектің байсалды, жылдам, кенеттен орындалатын қимылдары. Заттарды беру бойынша, тұрып, отырып орындалатын дененің айналмалы қимылдары. Дененің қолды екі жаққа соумен, басына қоюмен, беліне қоюмен орындалатын шеңберлі қимылдар;
2) аяқ қимылының мүмкін болатын сәйкестіктері: аяқты алдыға, артқа, жанға шығару, тізе бүгу, айналмалы қимылдар, табанның ішкі жағымен жүру;
3) денені тік ұстауды қалыптастыруға арналған жаттығулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет