1. Балалардың музыкалық аспаптарымен орындалатын жаттығулар.
Ерекше қажеттіліктері бар бала тыңдалған музыкадан әсер алуы үшін балаға алдын ала бағыт беріп, дайындау қажет: денесін босатып және музыка дыбыстарына көңіл аударып, денесін ыңғайлы ұстап отыру. Музыканы қабылдау – ол жан толғанысын анықтау болып келеді. Кез келген музыка – ол әркез сезімдер, жан толғаныстары, әсерленуі.
Музыкатерапияға, релаксацияға мен көбіне мына шығармармаларды қолданған жөн:
Мысалы:
1. Өмірлік қуаттарын жандандыруға арналған жаттығу:
«Біз шадыман баламыз» Ә.Бейсеуов. (1/33б.)
2. Босаңсуға және күйгелектіктерін жоюға арналған жаттығу:
Д. Шостакович «Овод» фильмінен музыка.(диск)
3. Көтеріңкі көңіл күй қалыптастыратын жаттығу:
4.«Радость жизни»муз. Ж. Бизе.(диск)
Әлемге деген көзқарасын қалыптастыратын жаттығу:
«Айналайын, анашым» Ө.Байділдаев. (1/89)
5. Ұялшақтық, ұяңдық сезімін жеңе білуге, ізденіске арналған жаттығу:
«Я все умею»И. Брамс. (диск)
Бұл шығармалар атаулары музыкада берілетін көңіл күйді білдіреді. Балалар сезімдерді түсінуге, көңіл күй ерекшеліктерін ажыратуға, қуана білуге, жағымды эмоциялармен оқталуға үйренеді.
Күнделікті оқу қызметінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды ырғағына келтіре, әдемі ән салуға тәрбиелейді. Ән салу арқылы баланың дауыс ырғағын кеңейтеді. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды ән айтқызып жаттықтыру арқылы, бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады.
Балалар музыкалық аспаптарына да ерекше назар аударған жөн, себебі музицирлеу дүниетанымды кеңейтеді, оқу қызметтеріне деген қызығушылықты арттырады, зейіннің дамуына ықпал етеді, артық ұялшақтықты, тұйықтықты жеңуге көмектеседі. Ойын барысында ерекше қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық және музыкалық қабілеттері де дамиды. Көптеген ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін аспапта ойнау сезімдерін, ішкі рухани әлемін жеткізуге көмектеседі. Бұл тек тұлғалық дамудың ғана емес, сонымен қатар ойлаудың, шығармашылық бастаманың, балалар арасындағы қарым-қатынастың керемет құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |