Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларымен таныстыра отырып өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету



Дата26.08.2017
өлшемі40,94 Kb.
#28549
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:Сабырсыз,арсыз,еріншек .

Абай Құнанбаев

Сабақтың мақсаты:

1.Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларымен таныстыра отырып өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету.

2.Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу.

3.Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру,оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып,жаттықтыру.



Әдіс-тәсілдері: талдау,әңгімелеу,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Слайд. Суреттер.Мультимедиа.

Сабақтың өту барысы

I.Ұйымдастыру бөлімі

II.Үй тапсырмасын сұрау

III.Жаңа сабақ

1.Сыныпты топқа бөлу

2.Абай жайлы мағлұмат беру

3. «Мен не білемін?»оқушылардың ізденіп келуі бойынша деректер алу

4.Өлең мазмұнымен жұмыс

5.Сөздік жұмыс

6.Топпен жұмыс

7.Дәптермен жұмыс

8.Слайд. «А.Құнанбаев»

9.Сабақты қорытындылау,бағалау

10.Үйге тапсырма



Сабақтың жүрісі:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Барлығы: Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық.

Міне,жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



II.Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақта кімнің әңгімесімен таныстық?

Спандияр Көбеевтің Орындалған арман

-Спандияр Көбеев кім?

-Ол мектепке алынған кезін қалай есіне алады?

-Әңгіменің басында «Үлкен той болды»деп қандай тойды айтып отыр?



III.Жаңа сабақ

«...Талап,еңбек, терең ой,

Қанағат,рақым,ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз»

-Бұл кімнің өлеңі?

-Абай Құнанбаевтың

-Абайдың қай өлеңінен алынған?

-Ғылым таппай мақтан ба

-Өлеңді кім жатқа айтып береді?

Кіріспе

Абай Құнанбаев-қазақ халқының ұлы ақыны,асыл сөздің зергері.Азан шақырып қойған аты-Ибраһим.Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін Абай деп еркелеткен.Осыдан кейін Ибраһим дейтін шын аты аталмай,ел арасында Абай атанып кетеді.

Өлеңдерінен басқа 3 поэмасы,45 қара сөзі бар.Абайдың алғашқы өлеңдерін Көкбай Жаңатаевтың атымен жариялаған.Алматыда Абай ескерткіші,Абай көшесі,Абай атындағы университет,Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жерлер бар.Абайдың анасының аты-Ұлжан,әжесінің аты-Зере.Абай кішкентайынан әжесі Зеренің айтқан қызықты ертегілерін тыңдап өседі

Бүгін біз сабағымызды «Абай ауылына саяхат » жасаудан бастаймыз.

І топ «Абай өлеңдері »

ІІ топ «Абайдың қара сөздері »

ІІІ топ «Абайдың әндері»

Сергіту сәту : «Желсіз түнде жарық ай»

Мәнерлеп оқып беру

Сабырсыз, арсыз ,еріншек

Сабырсыз,арсыз, еріншек,

Көрсеқызар,жалмауыз,

Сорлы қазақ сол үшін

Алты бақан,алауыз.

Өзін-өзі күндейді,

Жақынын жалған міндейді,

Ол-арсыздық белгісі.

Ұятсынбай,ойланбай,

Қой дегенге тіл алмай,

Іс қылмай ма ол кісі?

Бір-ақ секіріп шығам деп,

Бір-ақ қарғып түсем деп,

Мертігеді, жатады.

Ұрлықпен мал табам деп,

Егессе ауыл шабам деп,

Сүйтіп құдай атады.
Кітаппен жұмыс өлеңмен танысу, оқу.

Ақын бұл өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтарды сынайды?

Сөздік жұмыс

Алауыз-береке-бірлігі жоқ,ынтымақсыз.

Күндейді-қызғанады.

Мертігеді-бір жері сынады,шығады.

Міндейді-мін тағады,жамандайды.

Дәптермен жұмыс

Өлеңдегі сөздерді және мына үлгілік кестені пайдаланып,оны толықтырып жаз.



Адамның мінез-құлықтары

жағымды жағымсыз

сабырлы сабырсыз

арлы арсыз

еңбекқор еріншек

сыпайы жалмауыз

білімді көрсеқызар

ақылды алауыз

талап, өсек

еңбек, өтірік

терең мақтаншақ

ой, еріншек

қанағат, бекер мал шашпақ

рақым
Бүгінгі өткен өлеңіміз ақын адам бойындағы қандай жағымсыз құлықтарды сынайды?

Осы мінез-құлықтардан не істеуіміз керек?

Қандай мінез-құлықтарды бойымызға сіңіруіміз керек?

Слайд көру. Абай Құнанбаев туралыАбай Кунанбаев слайд.mp4

«Көзімнің қарасы » әнін орындау.

Бағалау. Үйге тапсырма. Түсініп оқу,жаттап келу.



Қорытындылау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет