1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері


-дәріс. Тақырыптың аталуы: Сөйлеу мен қозғалыс үйлесімділігін дамытуға арналған жаттығулар



бет28/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

13-дәріс. Тақырыптың аталуы: Сөйлеу мен қозғалыс үйлесімділігін дамытуға арналған жаттығулар
Дәріс жоспар:
1. Сөйлеу мен қозғалыс үйлесімділігін дамытуға арналған жаттығулар
2. Тыныс алу мен дауысты дамытуға арналған жаттығулар
1. Сөйлеу мен қозғалыс үйлесімділігін дамытуға арналған жаттығулар.
Балаларға әзірленген сахналық қозғалыс жаттығулары, қойылымдар, өлең жолдары, балабақша жасындағы балалардың сөйлеуін, ой – қиялын, елестету сезімдерін дамытуда өте маңызды болып келеді. Төменде көрсетілген жаттығулар балалардың сөйлеуін, тілін дамытуға бағытталған.
«С» дыбысы. «Сарбаз»
Сарбаз болып тік тұр сен!(оң аяғымызда тұрып, қолымызды жан – жаққа созамыз)
Егер құлап қалмасаң,(оң аяғымызда тұрып, қолымызды жан – жаққа созамыз)
Сол аяққа да тұра сал,(сол аяғымызда тұрып, қолымызды көтереміз)
Сонда мықты боласың сен.
«Ш» дыбысы. «Тышқандар»(қозғалыс ойыны)
Тыныш, қане, тышқандар(балалар ақырын ғана ұйықтап жатқан мысыққа барады).
Тыныштықты сақтаңдар
Төбеде бір мысық жүр,
Көріп қойса қашыңдар(соңғы сөзден кейін мысық мияулап, балалардың соңынан жүүгіреді, балалар – тышқандар қашады). Жаттығудың негізгі қозғалыстары: тышқандардың жүрісіне сай, бір бағытқа қашады, аяқтарының ұшымен жүреді.
«Ж» дыбысы. «Шыбын»
Әлсіз дауыс таныс па?
Шыбын әлі алыста ж-ж-ж-ж-ж(ақырын)
Жақын келді үлкейді(балалар бір – біріне қарап, қолдарын дөңгелете ұстап, шыбынның үлкендігін көрсетеді)
Даусы тіпті күшейді ж-ж-ж-ж-ж(қатты).
«Л» дыбысы. «Лақ келеді көпір үстімен»
Лақ келеді көпір үстімен,
Бұлаң – бұлаң етіп құйрығы(аяқ массажына арналған кілемшелер үстімен кішкентай қадамдармен жүреміз),
Ілініп қалып құйрығы,
Көлге бір – ақ құлайды.
«Р» дыбысы. «Иттер мен қарғалар
Жасыл шырша жанында(қолмен шырша бейнесін көрсету)
Жүр қарқылдап қарғалар: қарр-қарр-қарр!(екі қолымызды қанат сияқты созып, секіреміз)
Мұнда бала қозғалыс жаттығулар ғана емес, сөйлеуді дамытуға арналған жұмысты да қатар орындайды. Ойын түрінде өткізілген жаттығулар әрдайым баланың есіңде жатталады да, тез қалады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет