Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Релаксация дегеніміз не?
2. Релаксация техникасының түрі?
3. Аутогендік жаттығу дегеніміз не?
4. Жүйелі релаксациялық сессиялардың тиімділігі қандай?
Әдебиеттер:
1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
2. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
18-дәріс. Тақырыптың аталуы: Әдіс туралы түсінік және оның пайда болу тарихы
Дәріс жоспар:
1. Әдіс туралы түсінік және оның пайда болу тарихы
2. Релаксация түрлері
1. Әдіс туралы түсінік және оның пайда болу тарихы.
Педагогикалық зерттеу әдістері
Педагогикада, шындық өмірді теориялық және эмприкалық тану мен білудің операциялары, тәсілдері мен процедуралары. Педагогикалық зерттеу әдістері жүйесі зерттеушінің басшылыққа алатын қағидасымен, оның зерттейтін дүниесінің құрылымы мен негізі туралы түсінігімен, жалпы методологиялық бағытымен, нақты зерттеу әдістері мақсаттары мен міндеттерімен байланысты анықталады. Қазіргі заманда зерттеу әдістері жүйесі мен оны жіктеуі туралы мәселе шешімін тапқан жоқ. Бірақ авторлардың көбі жекелеген әдістерді бір-бірінен бөлуге болмайтынын, керсінше оларды өзара байланыста қарау қажет екенін айтады. Қазіргі педагогиканың ғылым ретіндегі қалыптасқан заманында, оның әрі де дамуы үшін ғылыми танымның теориялық және эмприкалық айырмашылықтарына байланысты әдістерді бөлудің маңызы өте зор. Эмприкалық зерттеу әдістері қатарына педагогикада мыналарды жатқызады:
байқау (бағалау шкалаларын қолданумен);
педагогикалық тәжірибені жалпылау;
эксперимент әдісі (табиғи және лабораториялық);
сауалнама жургізу;
интервью жүргізу;
педагогикалық құжаттардың мазмұнын анализдеу;
жобалық әдістер;
тестілеу;
ауызша, жазбаша және практикалық емтихандар;
шкалалау т.б.
Теориялық зерттеу әдістеріне жататындар:
анализ;
синтез;
индукция;
дедукция;
модельдеу;
ой эксперименті;
формализация әдісі т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |