1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері


-дәріс. Тақырыптың аталуы: Логопедиялық ритмика туралы зерттеулер



бет42/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

21-дәріс. Тақырыптың аталуы: Логопедиялық ритмика туралы зерттеулер
Дәріс жоспар:
1. Логопедиялық ритмика туралы зерттеулер
2. Логопедиялық ритмиканың пайдасы
1. Логопедиялық ритмика туралы зерттеулер.
Логопедиялық ритмика – арнайы сөйлеу материалын дыбыстауды құратын қозғалыс жаттығуларының жүйесі.Бұл сөйлеу тілі және сөйлеу тілі емес психикалық функцияларды түзету мен дамытудың белсенді трапия формасы болып табылады.Бұл ДЦП диагнозы бар балаларды оқыту мен дамытудың тиімді түзету әдістерінің бірі болып табылады, бұл әдісті «СКОШИ» МКОУ –дегі мамандар қолданады.
Логоритмикалық жаттығуларды орындаудың негізгі мақсаты балалардың сөйлеу тілін дамыту және қозғалыс сферасын түзету.Бұл мақсатқа жету үшін мынадай талаптарды қоямыз:
-тыныс алу , дауыс , артикуляцияның дамуы; ()
-негізгі психомоторлы сапалардың (статикалық және динамикалық координация, қозғалыстарды ауыстыру , бұлшық ет тонусы, қаьылдау , ойлау) моторлы сфераның барлық түрінде: жалпы , ұсақ, мимикалық , артикуляциялық дамыту;
- қозғалыстың өз ритмін және музыкалық туындының ритм сезімін дамыту;
-музыкаға сай ритмикалық қозғалу нәтижесінде қозғалыс дағдыларын дамыту;
ДЦП диагнозы бар балалармен түзету жұмысының көпшілігі қарапайым бірақ нәтижелі әдістер – музыка әуеніне сай қозғалу , сөйлеу – қозғалыс жаттығулары, сөйлеу жаттығулары, сонымен қатармузыка сүйемелдеуімен сөйлеу жаттығулары.Осы категориядағы балалармен жұмыс жасағанда ,біз тек кейбір түзете әсер етудің үйреншікті әдістерін ғана қолданамыз.Логоритмиканың қозғалыс – муыкалық құралдарының және психогимнастика элементтерін логопед – мұғалімдер ойын ойнау процесінде пайда болатын және жүзеге асатын диафрагмальді тыныс алуға әсер ететін тыныс алуды дамытатын жаттығуларды пайдаланады.Біз балаларға жеңіл заттарды үрлеуге , сабын көпіршіктерін үрлеуге мұрын арқылы тыныс алу және тыныс шығару , сонымен қатар бұл кешенге дауыстың дамуы, диапозон , дауыс күшінің дамуына септігін тигізетін жаттығуларды аламыз.Біз жұмысты дауысты және дауысссыз дыбыстарды тыныс шығара отырып дыбыстаудан бастаймыз.Дауыс күшінің дамуы музыканың сүйемелдеуімен дауысты дыбыстарды жай және қатты дыбыстау арқылы жүреді. Мұғалім – логопед әрқашанда логоритмикалық сабақтарда ұсақ моториканың дамытатын жаттығуларды балаларға жасату қажет ,бұл тек қана қолдың ұсақ моторикасы ғана емес , бас миының сөйлеу қабығын дамуына және координациясына әсер етеді.Бұл жаттығуларды пассивті түрде орындатқызуға болады.
Сабақта міндетті түрде бұлшықет тонусын регуляциялайтын жаттығуларды орындатқызады , онда біз балаларға бұлшықетке қысым түсіретін және бұлшықетті босаңсытуға үйретеміз. Бұлшықетке қысымның аз немесе көп күштің түсуі ересек адамның дауысы мен музыканың қатты немесе жай дыбысталуына байланысты.Мұнда ұсақ моториканы дамытатын тапсырмаларды пассивті тәсілдермен қолдануға болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет