1. Логопедиялық ритмиканың негізгі мәнін анықтайтын маңызды міндеті.
Қазіргі кезде түрлі дәрежедегі тіл бұзылыстарының көбеюі – шешімі табылмай келе жатқан өзекті мәселеге айналып отыр. Тіл – қарым-қатынас құралы болғандықтан, бұл жағдайда тіл бұзылыстары бар балаларда көптеген қиындықтар туындайды.
Әр жастағы балаларда сөйлеу тілінің әр түрлі бұзылыстары кездеседі. Олардың ішінде ең көп таралған түрі – дыбыс айту бұзылыстары. Мұндай бұзылыстары өз бетінше бұзылыстар ретінде де, сөйлеу тілінің басқа, күрделі бұзылыстарының құрамында болуы да мүмкін.
Бірақ дыбыс айту бұзылыстарының ең қарапайым түрін де «кемістік емес, кейін түзеліп кетеді» - деп жайбарақаттықпен қарауға болмайды. Олар балалардың өсуіне кері әсерін тигізіп, өз тілін меңгерудегі қиындықтарға әкелуі мүмкін. Кейіннен бала оқып, жазып үйренуде де, жазбаша сөйлеу тілінде көптеген қателер (дислексия, дисграфия) жіберетін болады.
Тіл кемшілігі бар балалар өздерінің бұзылыстарыі себепті достар таба алмай қиналады, әсіресе сөйлеуден қорқады. Ондай балалардың жалпы және ұсақ моторикалары да толық дамымайды. Өздеріне басқалар тарапынан сұрақтар қойылса, жауап беруден қашқақтап, сұрақтарды толық тыңдамай мазасызданып, әр түрлі ретсіз қимыл-қозғалыстар жасайды (басын қасу, қозғалақтау, тамағын қырнау т.б.) сенімсіз, мазасыз, жасқаншақ балаға айналады.
Бұл қиындықтар бала өскен сайын тереңдей түседі.
Ата-аналар баланың әр кезеңдегі өсу процесін қадағалап, тіл кемшілінің неден пайда болғанын анықтау үшін дәрігерлерге, логопед мамандарға апарып, оны шешу жолдарын тауып, дер кезінде көрсетіп, емдетсе – балалардың тіл бұзылыстарыі жойылады.
Логопед мамандар түрлі тіл бұзылыстарыін түзету жолында белгілі бір нәтижеге жету үшін, балаларға арналған әдіс-тәсілдердің ішінен әрқашан тиімді де озық әдістерді іздейді. Осындай әдістердің ішінде түрлі тіл бұзылыстарыі бар балаларға тиімді деп логоритмиканы ұсынар едім.
Логопедиялық ритмика – тіл, музыка мен дене жаттығулары, қимыл- қозғалыстары көмегімен іске асырылатын емдік ритмиканың құрама бөлімі болып табылады.
Тіл бұзылыстарын түзетудегі логоритмикалық әсердің маңызын көптеген зерттеушілер атап өткен. Мысалы: В.М.Бехтерев, О.В. Правдина, В.А.Гиляровский, М.Е. Хватцев, Р.И.Лалаева т.б. Олардың пікірінше «Логопедиялық ритмика – жалпы тонусқа, моторикаға, көңіл-күйге әсер етеді, ол орталық жүйке жүйесінің нерв процестерінің қозғалысын жаттықтыруға мүмкіндік береді, ми қабатын белсендіреді».
Е.В.Чаянова, Е.В.Конорова, Г.А.Каше «Логопедиялық ритмика – зейінді, оның жинақталуын, көлемін, тұрақтылығын, бөлінуін, көру, есту және логиканы комплексті түрде дамытады- деп санайды.
В.А.Гример және неміс зерттеушілері К.Колер, К.Швабе логопедиялық ритмика - психотерапевтикалық әдіс ретінде ұжымдық психологиялық әдіс, музыка терапиямен қатар қолданылуы керек- деп көрсетті. Адамдардың тіл бұзылыстарыін түзету барысындағы логопедиялық ритмиканың маңызы туралы В.А.Гример, Н.С.Сомайленко, Н.А.Власова, Ю.А.Флоренская, Л.Ф.Спиридова өз еңбектерінде ерекше тоқталған .
Музыкалық-ритмикалық тәрбие әдістемесін балаларға арнап алғаш ұсынған швейцар педагогы Э.Жак Далькроз болды. 50-70 жылдары логопедиялық ритмиканы пайдалана отырып, балалардың тұтықпа ауруын емдеу етек алды. 1960 жылдары В.И.Рождественская өзінің «Балалардың сөйлеу кезіндегі тұтығуын жөндеу» атты еңбегінде сөйлеу мәнерін қалыпқа келтіруде сөз бен қимыл және музыканың үйлестірілген жаттығуларының ролін ерекше көрсетті. Осы әдісті кейінгі жылдары Қазақстанда да емдік, педагогикалық мақсатқа қолдану кең өріс ала бастады. Бұл - «Логопедиялық ритмика» деп аталатын ерекше бағытпен дамуда. Логопедтер тілімен сөйлесек: «сөз бен қимыл үйлесімділігі» деп атауға болады. Логоритмиканың-түрлі тіл бұзылыстарыі бар балаларға, әсіресе тұтығу ауруына оң әсерін тигізетіндігі ғылыми түрде дәлелденіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |