1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері



бет86/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

Әдебиеттер:
1. «Балабақшадағы дидактикалық ойындар жинағы» «Атамұра» 1999жыл
2. «Қазақстан мектебі» журналы.2001 жыл .
3. «Казакские детские игры» кітабы авторы А.Молдагаринов 1987жыл.
42-дәріс. Тақырыптың аталуы: Жалпы тіл дамымаған мектепке дейінгі балалар үшін логопедиялық ритмика бойынша сабақ конспектілері
Дәріс жоспар:
1. Кіші топта логопедиялық ритмика бойынша сабақ конспектісі
2. Орта топта логопедтік ритмика бойынша сабақ конспектісі
1. Кіші топта логопедиялық ритмика бойынша сабақ конспектісі.
Сабақтың тақырыбы: Жалаушамен жүру ,жүгіру.
Мақсаты: Жалаушамен жүру ,жүгіру. жаттығуларын жасауды үйрену. Оқушыларды ойын мазмұнымен таныстырып, оны үйрету.Түрлі логопедиялық мәтіндерді пайдалана отырып сергіту жаттығуларын жасату арқылы тілдерін ширату, сөздік қорларын молайту.Кеңістікте жазықта, өзін-өзі бағдарлауға,қимыл-қозғалыстың үйлесімділігін саусақтардың ұсақ қимылдарын қалыптастыру.Зейіні мен сөйлеу тілін дамыту.Оқушылардың есту,есте сақтау, ойлау,көру, сөйлеу қабілеттерін арттыру.Түрлі ойындар, сергіту сәттерін жасату.Оқушыларды ептілікке, икемділікке, достыққа, сымбаттылыққа, әсемділікке,татулыққа, тәртіптілікке, шапшаңдылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үнтаспа, түрлі түсті ленталар, жалаушалар сылдырмақтар, шеңбершелер,доптар.т.б
Сабақ барысы:
І. Сапқа тұру, сәлемдесу.
Қолдарымызбен іс-қимыл жасаймыз.
Қуан шаттан, қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Үлкенге де бүгін сіз,
Кішіге де бүгін сіз,
Баршаңызға құрметтеп,
Бас иеміз бүгін біз. (түрлі түсті ленталар)
ІІ. Шеңбер бойымен жүру.
ІІІ. Кеңістікті бағдарлауға арналған жаттығулар.(Түрлі логопедиялық мәтіндерді пайдалана отырып)
Диоганаль бойымен жүру.
- Жыланша жүру.
- Аяқ ұшымен жүру,өкшемен жүру. (шеңбершелер,доптар)
ІV.РГЖ- кешені.Дене ,қол, аяқ ,бас қимыл үйлесімділігіне арналған жаттығулар кешені.
5 -10 минут. Қозғалыссыз өмір жоқ,
Би сүймейтін бала жоқ.
Қаражорға биін билету.
Жалаушалар ойыны.
Көгілдір жалауша-------шапалақтау,
Жасыл жалауша---------тебіну,
Сары жалауша---------үндемеу,
Көк жалауша--------Ура деп айқайлау.
Түсті жалаушалармен орындалатын жаттығулар.
Топ-топ, топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса- жаса алтын күн,
Жаса – жаса арай күн
Құлақ- мұрын ойыны.
Балалар отырады. Қызыл жалауша оң қол мен сол құлақ, көк жалауша сол
қолмен оң құлақ, сары жалауша оң құлақ пен сол құлақты қолды
айқастырып ұстау.Кім көп қателессе, сол айыбын өтейді. (Ән айтып,би
билеу,т.б)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет