Шұңғыма, мұхит шұңғымасы, тереңсулы шұңғымалар – мұхит шарасының тереңдегі 5000 метрден астам ұзынша әрі жіңішке келген ойыңқы бөлігі. Шұңғыма ұзындығы бірнеше мың км-ге, ені – ондаған және жүздеген км-ге жетеді.Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең шұңғыма – Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы (тереңдегі 11022 м). Тереңдігі 7 км-ден асатын Тынық мұхитында 12, Атлант мұхитында 3 шұңғыма бар.
№ 5 Дәріс Дүниежүзілік мұхит түбіндегі морфомүсіндердің жалпы сипаттамасы
Мұхит түбінің морфомүсіндік пішіні мен пайда болуы әртүрлі морфоқұрылымды элементтерден тұрады, оның ішінде аброзионды, аккумуляциялық, бүлдүргіш-аккумуляциялық сияқты түрлері белгілі.
Бірінші типке таяздық жерлердегі толқындардың әрекетінен пайда болған морфомүсіндерді жатқызамыз. Екінші тип, кең таралған, ол гравитациялық күштердің әсерінен бөлшектердің қалыпты тұндыру астында қалың шөгінді жинақталуынан пайда болды. Бұл морфомүсіндердің негізгі түрлеріне су асты жазықтары жатады, оның шөгінді қабаттар шегінде төселген құрылымдық формалар жасырулы. Үшінші типке: бедердің аккумуляциялық формалары мен ұсақтау жағдайлары және материалдық жою кезінде қалыптастырылған формалармен байланысын жатқызуға болады. Тұтастай алғанда, мұхит түбі морфомүсіндері – су динамикасы және су ағындарында пайда болатын тұнба жиынтығынан құралады.
Осылайша, мұхиттардағы терең су массаларында болып жатқан экзогенді процесстер үшін, су түбіндегі бедерді тегістеу күшінің болуы басым сипатқа ие. Қатты тілімделген жерлер – науа, жыралар, белестер – барлығы да су түбіндегі тұрақты ағыстар бар жерде пайда болады. Жалпы айтқанда мұхит түбі бедерінің кейпінің қалыптасуына маңызды рөлді морфоқұрылмдар атқарса, ал морфомүсіндер бағыныңқы қызметті атқарады. Ерекшелік ретінде, шөгінді қабатпен жасырылған, құрылымдық формалы үлкен созылыңқы аймақтарды жатқызуға болады.
Тынық мұхит. Тынық мұхиты түбінің басты ерекшелігі: бөлшектену күрделілігі. Ол әсіресе тынық мұхитының батыс аймағында байқалады. Және тағы бір ерекшелігі суасты жоталардың санының көп болуы. Тынық мұхитының шығыс аймағына мұхиттық опырылу зоналарының көп болуы тән. Тынық мұхитында қазіргі кезде анықталған 30 су асты науашаларының 25-і кездеседі. Әлемдегі ең терең жерлерде осында. Оның ішінде 1957 жылы «Витяз» кеңестік зерттеу кемесі көмегімен анықталған Мариана шұңғымасы, оның тереңдігі – 11 034м.
Тынық мұхиты қайраңы өзінің құрылымына қарай – қатпарлы морфоқұрылымдық облысына жатқызуға болады. Тынық мұхиты қайраңының ені келесідей болып өзгереді: Беринг теңізінде 800 км, Охота теңізінде 250 км, Жапон теңізнде бар жоғы 25 км, ал американдық жағалауларының кейбір бөліктерінде, 10 км-ге қысқарады.
Өтпелі зонасының морфоқұрылымы материктік бөктер кертпештелуі және аралдық доға жүйесінен құрылған. Аралдық доға жүйесі су асты науашаларымен жиектелген. Оңтүстік және Солтүстік Америка жағалауында материктік бөктер үйінді-опырылма арқылы бөлшектенген материктік уақталу зонасы ретінде кездеседі.
Тынық мұхитының батыс атырабында орналасқан өтпелі аймақтар: Алеуттік, Курил-Камчаттік, Жапон, Шығыс-Қытай, Индонезиялық-Филиппиндік, Бониндік-Мариандық (мұхиттын ең төменгі нүктесінен — Мариан шығанағы, тереңдігі 11 022 м), Меланезиялық, Витязевтік, Тонга-Кермадек, Маккуорилік. Бұл өтпелі аймаққа: шектеулі терең теңіз, окоптар, шекті теңіздер, аралдың доғаланған түрлері кіреді. Шығыс шетіндегі өтпелі аймақтарда орналасқан: Орталық-Америкалық және Перуан-Чилилік.
Өтпелі аймақтарға вулканизм және жоғары сейсмикалық құбылыс тән, олар Тынық мұхиттың шалғай аймағына жер сілкінісі және қазіргі заманғы вулканизм қалыптастырады. Тынық мұхитындағы өтпелі аймақтар екі эшалон түрінде көрінеді, ең жастары мұхиттың қыртыс шекарасында орналасқан және одан көп жетілген мұхит бөлінген және аралдық доғаларда кездеседі.
Амур, Хуанхэ, Янцзы, Меконг және т.б Азияның ірі теңіздері Тынық мұхитқа жылына 1767 миллион тонна шөгінді алып келеді. Мұндай аллювийдің барлығы мұхит алабында қалып қояды. Юкон, Колорадо, Колумбия, Фрейзер, Гуаяс секілді Американың ірі теңіздері Тынық мұхитына 380 миллион тонна шөгінді алып келеді және салмақталған заттың 70—80 % мұхитқа толығымен құйылады, қайраңының шағын ені осының әсерінен қалыптасқан.
Тынық мұхит жылы кең таралған қызыл балшық, әсіресе солтүстік жарты шарда. Бұл мұхит бассейндерінің үлкен тереңдігіне байланысты. Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік белдеулерде орналасқан, кремнийлі радиоляриялар шөгінділері анық экваторлық белдікте екенін білдіреді, сондай-ақ екі кремнийлі диатомдар балдырлардың аймағы да бар.
Достарыңызбен бөлісу: |