Мобилизм (лат. mobіlіs – қозғалмалы) – тектоникалық гипотезалардың бірі. Мобилизм негізін салушылар жер қыртысының аса зор бөліктері (құрлықтар) геологиялық уақыт ішінде бір-бірінен және полюстерден горизонталь бағытта бірнеше мың км-ге орын ауыстырған деп жорамалдайды. Мұндай пікірді 1910 жылы алғаш америка геологы Тейлор Свифт ұсынды. Ол мұны Жер айналғандағы массаның полюстенэкваторға ауысуынан деп түсіндірді. Мобилизмнің ғылыми сипаттағы гипотезасын 1912 жылы неміс геофизигі А.Вегенер (1880 – 1930) толықтырды. Ол төмен жұмсақ базальт қабаты бетінде гранит қабаты қалқып тұрады деп санады. Бұл гипотеза ғылымға құрлықтардың ығысу (орын ауыстыру) гипотезасы (теориясы) деген атпен белгілі. Осы гипотеза бойынша Жердің үстіңгі қабаты (литосфера) қатты, тығыз алты тақтаға бөлінеді. Олар Еуразия, Африка, Үнділік, Америкалық, Тынық мұхиттық, Антарктикалық плиталар. Әрқайсысының қалыңдығы 70 – 100 км. Вегенердің пайымдауынша Жердің айналуынан болатын тасу күші мен полюстен экваторға бағытталған центрден тебу күшінің әсеріне байланысты, гранитті қабаттың жиырылып қалыңдануынан, палеозойда Пангея құрлығы пайда болды. Аталған екі күшмезозой мен кайнозойда Пангеяны бірнеше бөліктерге бөлді. Алғашында Лавразия мен Гондвана құрлықтары орын алған. Соңынан бор кезеңінде одан әрі бөлшектеніп, қазіргі құрлықтар (Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Австралия, Антарктикада) пайда болған. Солтүстік Америка Еуразиядан, Оңтүстік Америка Африкадан бөлініп батысқа қарай ығысты, ал олардың аралығында Атлант мұхиты, Азия мен Африкадан Антарктида мен Австралия бөлініп, аралығында Үнді мұхиты пайда болды.
Вегенер және оның қолдаушылары континенттердің жылжып орын ауыстыруын дәлелдеуде мына деректерге сүйенеді: бұрын Пангеяны құраған құрлықтардың осы кездегі жағалық белдемдері кейпінің бір-біріне параллельдігі, Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың, Батыс Африка мен Оңтүстік Америка шығысының геологиялық құрылымдарының ұқсастығы, батыс және шығыс жарты шарлардың мезозойға дейінгі жануарлары мен өсімдіктерінің ұқсастығы, палеоклиматтық белдемдігі немесе Үндістанды, Австралияны, Оңтүстік Африканы, Оңтүстік Американы палеозойдың бір мезгілінде қамтыған мұзбасулары, т.б. Қазіргі палеоклиматтық және палеомагндық деректер Гондвананың (Оңтүстік Америка, Африка, Үндістан, Антарктида, Австралия) әр түрлі бөліктері палеозойдың соңғы кезеңінде оңтүстік полюске жақындау болғанын, Солтүстік Америка Еуропамен қатар орналасқандығын анықтады. Мезозой мен кайнозойдағы құрлықтардың орын ауыстыруынан Тетис мұхиты жойылып, Үнді, Атлант мұхиттары пайда болды. Құрлықтардың орын ауыстыруы жер қыртысы астындағы жылу ағындарына байланысты деп саналады.
Жер шарының су қабаты – дүниежүзілік мұхит деп аталатын біртұтас бет. Оның ауданы 361,3 млн км2 (жер бетінің 71%), орташа тереңдігі 3,7 км , көлемі – 1 370 000 000 км3( гидросфера көлемінің 94%) . Жердің беті бойынша Мұхиттың суын біркелкі етіп жайғанда оны 2700 метрдей қалыңдықпен бүркеген болар еді. Жердің көлемімен салыстырғанда бұл қабат мардымсыз, аз, бірақ географиялық қабықша-дағы әртүрлі процестер үшін маңызы орасан зор.
Дүниежүзілік мұхиттың еркін жатқан беті деңгейлік деп аталады. Тыныш күйде бұл геоид бетімен сай келуге тиіс. Алайда көптеген себептердің жиынтықтарының әсері: температура, атмосфера қысымы, жел, толысу түзетін күштер, су баланысы, жер қыртысының қозғалыстары – оның ауытқуын тудырады. Мұхит деңгейінің үздіксіз өзгерістері кезеңді және кезеңсіз де болуы мүмкін. Ауытқу кезеңдері өте қысқа (бірнеше сағат) және өте ұзақта (ғасырлық ауытқулар) болады. Мәселен, жазда мұхит суының жоғарғы қабатының қызуы деңгейінің көтерілуін, қыста оның суынуы төмендеуін тудырады. Мұхит деңгейінің баяу түсуі мен көтерілуі екі түрлі себепке байланысты. Мұхит деңгейінің көтерілуі немесе түсуі мұхиттағы судың азаюмен, көбеюмен – су балансының өзгерісімен (гидрократтық себептер) тууы мүмкін. Мысалы, Антарктиданың мұз жамылғысының толық еріп кетуі Мұхит деңгейінің шамамен 60 метрге көтерілуін туыдырады. Сірә, құрлықта мұздықтардың пайда болуы Мұхит деңгейінің төмендеуін тудырса керек. Мұхит деңгейінің жағдайы жер қыртысы қозғалысына да байланыстыөзгеріп отырады(геократтықсебептер) мысалы, Голландия мен Дания жағаларының осы кездегі төмен түсуі салдарынан Мұхит құрлыққа өріс жаяды, ал керсінше, Скандинавия түбегінің көтерілуі салдарынан Швеция жағаларында шегінеді.
Соңғы жарты ғасыр аралығында Дүниежүзілік мұхит деңгейі 10 см-ге көтерілді , бірақ көтерілу деңгейі мұхиттардың әртүрлі бөлігінде әрқалай. Мұхит деңгейінің ауытқын отыруын бақылауды арнайы постар зерттейді. Осындай алғашқы постар XҮII ғасырда ашылған (1682ж. –Амстердамда, 1704ж. –Кронштадтта); қазіргі күні Дүниежүзілік мұхиттың су деңгейінің өзгерісін бақылайтын осындай постардың саны 1500-ден артық. Сонымен, дүниежүзілік мұхиттың деңгейі үздіксіз өзгеріп отырады және оның әртүрлі бөлігінде әрқалай. Жалпы өзгеру механизмі күрделі, 1500-ден артық бақылау нүктелерінен алынған көп жылдық мәліметтердің өзі жеткіліксіз. Мұхиттың орташа тереңдігін есептеп шығаруға мүмкіншілік аз. Сондықтан орташа көп жылдық деңгей көрсеткішін әрбір жекелеген нүкте үшін жеке-жеке есептеп шығарады. Осы деңгейлер құрлықтардың абсолюттік биіктігі мен мұхиттардың тереңдігін анықтаудағы алғашқы нүкте болып табылады. Әрбір елде бір нүкте алынады. ТМД елдерінде тереңдік пен биіктікті есептеу Кронштадттағы Фин шығанағы деңгейі (Кронштадт футштогының нолдік деңгейі), Батыс Европа елдерінде Солтүстік теңіз деңгейінен есептеледі.