1-дәріс-тезистары. Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Жоспар



бет9/10
Дата15.03.2023
өлшемі33,04 Kb.
#172615
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
umkd po mikrob.i virusol.

2. Микроорганизмдердің таралуы. Топырақта микроорганизмдер тіршілік етумен қатар өніп-өсіп, көбейеді. Ауада олар едәуір мөлшерде кездеседі, бірақ өніп-өсуіне мүмкіндік жоқ. Сондықтан ауа микроорганизмдердің уақытша екені болып есептеледі. Ауаға микроорганизмдер шаң-тозаңдармен көтеріледі де, қайтадан солармен бірге шөгеді. Егер жер бетіне шөгіп үлгермесе, ауада тез арада қырылып кетеді. Сондықтан ауада микроорганизмдердің саны мен сапасы топырақтағы микроорганизмдердің құрамына байланысты болады. Әсіресе қозғалысы күшті, өнеркәсіп орындары көп калалардың үстіндегі ауада микроорганизмдер өте көп болады. Ал керісінше ауыл-село, орман, тау, теңіз және Арктика мұздарының бетіндегі ауада микроорганизмдер мүлде аз болады. Құрамында органикалық заттары көп өңделген топырақтың бетіндегі ауада микроорганизмдер әжептәуір болады. Сол сияқты құмды, аңызақ жел тұратын жерлердегі ауада микробтар өте аз кездеседі. Тіпті бір жердің ауасының өзінде жауын жауғанға дейін микробтар көп болса, жауын жауып өткеннен соң едәуір азайып қалады. Ауаға көтерілген сайын микробтар да азая түседі. Мұндай жағдайды тіпті үлкен қалалардың үстінен де байқауға болады. Е. Н. Мишустиннің зерттеуіне қарағанда Москваның үстінде 500 м биіктікте ауаның әрбір текше метрінде 2100 бактерия-лар кездессе, 2000 м биіктікте — 500—700 бактерия кездескен. Осындай биіктікте, бірақ Москвадан 5—7 км-лей қашықтықтағы ауа мүлде таза болған.

15-дәріс. Судағы және ауадағы микроорганизмдер
Жоспар:

  1. Микроорганизмдердің табиғатта таралуы.

  2. Судағы микроорганизмдер

  3. Ластанған судың биологиялық жолмен тазаруы.



1.Микроорганизмдердің табиғатта таралуы. Табиғатта кездесетін сулар — бактериялар мен саңырауқұлақтардың көп тараған екінші бір тіршілік ортасы болып есептеледі. Суға әрқашан күн сәулесі әсер еткенмен микроорганизмдердің өніп-өсуі үшін аса қауіпті емес. Микроорганизмдер қалыпты тіршілік етуі үшін, суда қажетті қоректік заттар жеткілікті мөлшерде болу керек. Суда органикалық заттар неғұрлым көп болса, бактериялар да соғұрлым көп кездеседі. Мәселен, ірі енөркәсіпті орталықтардан ағып өтетін өзен суларында органикалық заттар көп болады. Соған сәйкес бактериялар да көп кездеседі. Ал ондай өзен суларының қалаға дейінгі жерлерінде бактериялар өте аз, қала ішіндегі бөлігінде бактериялар көп болатыны анықталған. Қаладан қашықтаған сайын су тағы да тазара бастайды. Мұндай өзенге жан-жақтан келіп қосылатын сулар таза болса, өзен суы да соғұрлым тазара түседі. Мәселен, Жайық өзенінің түрлі селолар орналасқан жеріндегі бір миллилитр суда 197 мыңдай бактериялар кездессе, сол селодан біраз төменірек жердегі олардың саны 400 мыңға жетеді.Бұл ауыл-селоға жақын жерден өткен судың белгілі бір дәрежеде ластанатынын көрсетеді. Бактериялар санының осылай өзгеріп отыруы судағы органикалык заттардың мөлшеріне, су реакциясына (рН) және басқа да жағдайларға байланысты. Еділ өзенінің түрлі өнеркәсіп қалдықтарымен ластануын зерттегенде Р.Павлинова осындай жағдайды байқаған болатын. Өзеннің оң жақ жағасыыан 15 м қашықтықта судың бір миллилитрінде 1810 мың бактерия кездессе, сол жағадан 140 м жердегі олардың саны 1711-ге тең болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет