1-дәріс-тезистары. Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Жоспар


Атмосфера азоттың азотбактердің сіңіруі



бет6/10
Дата15.03.2023
өлшемі33,04 Kb.
#172615
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
umkd po mikrob.i virusol.

1.Атмосфера азоттың азотбактердің сіңіруі. Жеке күйінде азотобактер 1901 жылы бөлініп алынды. Содан бері олар жан-жақты зерттеліп келеді. Қазір азотобактерлер морфологиялық белгілері жағынан өзіндік ерекшеліктері бар бірнеше түрге бөлінеді.
Азотобактер хроококкум клеткасы шар тәрізді, екі-екіден жалғасқан, кейде жеке күйінде ірі (4—6 микрон) шамасында кездеседі. Клетканың жас кезінде сыртында талшықтары болады, сол арқылы олар жақсы қозғалады. Клетка «қартайған» сайын қозғалу қабілеті жоғалып қоңыр тартады. Осы күйінде ол ұзақ уақыт сақталады. Егер қолайлы жағдай туса одан жас клетка пайда болады. Азоты жоқ ортада тіршілік еткенде олардың сыртында шырыш қабық пайда болады. Оны капсула деп атайды. Шырышқа оралған азотобактер клеткасы үзақ уақыт тіршілігін жоймайды. Азотобактер вегетативтік жолмен немесе басқа бактериялар тәрізді жай бөліну жолымен көбейеді. Азотобактер хроококкум жасанды қоректік ортада 1 г қант пайдаланғанда 20 мг-лай ауа азотын сіңіре алады.
Бұдан басқа азотобактер агилие, азотобактер винеланди деп аталатын түрлері де бар. Олардың жалпы қасиетінің хроококкумге ұқсастығымен қатар өзіндік ерекшелігі де бар. Бұларда атмосфера азотын жақсы сіңіре алады.
Азотбактердің барлық түрі де ауалы жерде, +25—30°-та реакциясы нейтралды, көміртегі қосылыстары мол ортада жақсы тіршілік етеді. Крахмалды да ыдыратады. Сонымен қатар олар спиртті және түрлі органикалық қышқылдарды да пайдаланады. Азотобактер клеткасында болатын нитрогеназа ферменті атмосфера азотын клетканың сіңіруінде үлкен рөл атқарады.
Азотобактер ауадағы азотты сіңіру үшін қажетті энергияны азотсыз органикалық заттарды тотықтыру арқылы алады. Азот қоректік заты ортада жеткілікті болса, азотобактер онымен қоректенеді, ал азотсыз қоректік зат алынса, олар атмосфера азотын сіңіре бастайды. Түйнек бактериялары сияқты азотобактердің азот сіңіру дәрежесі осы микроорганизмдердің әр түрлі ортада өсуімен байланысты. Табиғатта олардың жыл бойына (гектар басына) жинайтын азотының мөлшерін еоептегенде, шамамен 30- 40 кг-ға жетеді. Атмосферадан сіңірген азот мөлшерінің біразы азотобактер клеткасының белогын құрауға жұмсалады, ал қалған бөлігі аммоний тұздары күйінде топыраққа сіңеді.
мин, крен қышқылдары) түзіледі

12 дәріс. Патогендік микроорганизмдер. Адамның вирустық аурулары


Жоспар:
1. Патогендік микробтар
2. Бактериальды аурулар- мерез, туберкулез, соз, герпес
3.Сібір жарасы, оба ауруы, тырысқақ ауруы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет