§ 7. Сезiмдердiң психологиялық сипаттамасы Сезiмдер деп тұрақты, эмоционалды боялған тұлғалық құрылымдарды айтамыз, онда адамның бiреуге немесе бiр нәрсеге деген қатынасы бейнеленедi: бiреуге деген махаббат сезiмi, патриотизм сезiмi, ұят сезiмi, т.б. Сезiм мәндi эмоционалды бастан кешiрулердiң жалпылау аккумуляциялау механизiмi негiзiнде пайда болады. Сәйкес эмоциялар формасында оларды адам саналайды. Мысалы, егер бiр адамның әрекеттерi ылғи да бiзде жек көру эмоциясын тудырса, бұл сол адамға кездескен сайын (ол өзiн дұрыс немесе дұрыс емес ұстаса да) әркез тұрақты жек көру сезiмiнiң пайда болатынына алып келедi. Әрбiр сезiмде сәйкес эмоцияларды бастан кешулердiң жеке тәжiрибелерi шоғырланған. Сезiм қаттырақ болған сайын, онда эмоционалды күш те көбiрек болады. Сондықтан сезiмдер ылғи да өз-өзiнiң мәнiн құрайтын терең интимдi тұлғалық құрылым ретiнде бастан кешiрiледi. Оларды тұлғаның эмоционалды негiзi ретiнде анықтауға болады. Әйгiлi орыс психологы В.И. Мясищев қатынастарды тұлғаның құраушы компоненттерi ретiнде, ал тұлғаны қатынастар жүйесi ретiнде қарастырды.
Сезiмдер ояту, мағыналық бағасы, жүрiс-тұрысты реттеу, ағза жұмысын реттеу, адамның жан дүниесiн реттеу (арман, ой, тiлек, шешiм, еске түсiру, т.б.) сияқты қызметтердi атқарады. Сезiмдердi функциялар, заттық мазмұн, эмоционалды бояу, күш, тұрақтылық, саналау деңгейi, белгi сияқты параметрлермен сипаттауға болады.
Нақты адам, әлеуметттiк топтар және қоғамдастықтар, мемлекет, отан, құдай, эстетикалық объектiлер, iс-әрекет, бiлiмдер, мәдениет т.б. барлық мүмкiн заттары сезiмдер мазмұны бола алады. Осыған сәйкес өнегелiк сезiмдердi (махаббат, сыйлау, жек көру және т.б.), патриоттық сезiмдердi, дiни сезiмдердi, эстетикалық сезiмдердi, практикалық сезiмдердi, интеллектуалды сезiмдердi т.б. бөлуге болады. Сезiмдердiң эмоционалды боялуы бастан кешулердiң сапалық боялуымен анықталады. Сезiмдердiң эмоционалды боялу диапазоны өте кең. Эмоциялар қанша болса, олар да сонша көп. Сезiмнiң күшi мен тұратылығы сезiм бағытталған сәйкес объектiнiң адам үшiн маңыздылығымен, онда жиналған эмоционалды бастан кешулердiң санымен анықталады. Сезiм объектiсi қаншалықты маңызды болса және онда бастан кешулер қаншалықты көбiрек жинақталған болса, ол яғни сезiм соншалықты күштi және тұрақты болады. Ең күштi және тұрақты сезiмдер оның көзқарастарын, құндылық бағыттарын, пiкiрлерiн, яғни тұлға ядросын (орталығын) құрайды. Сезiмдер саналанудың тұрлi деңгейiне ие және белгi бойынша ерекшеленедi.
Сезiмдердi тәрбиелеу және адекватты өзгерту психология, психиатрия және психокоррекция аймағындағы мамандардың, педагогтардың және ата-аналардың ғана емес, қоғамның өте маңызды мiндетiн құрайды.