1.Дыбыс шығару , перне басу , әдіс амалдарын меңгеру.
2.Позиция дегеніміз не?
3.Пиццикато штрихы дегеніміз не?
Оқушыға домбыра аспабын үйренудегі бастапқы қадамды түсіндіре отырып, орындаушының отырысын, екі қолдың қойылымын дұрыс қалыптасуын және музыкалық сауаттық маңыздылығын түсіндіре білу.
а.Білімділік: Қазақстан халық музыка мәдениетінің ең бастыболшегі аспаптық музыка, кұйшілік өнер және атакты күйшілердің өнері туралы білімдерін калыптастыру.
ә.Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін арттыру, музыка тыңдата отырып елестетуге дағдыландыру.
б. Тәрбиелік : Окушыны музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, күйлер мен шығарма әндерін жатқа ойнауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушы аспапта дұрыс отыру, екі қолдың дұрыс қалыптасуын, музыкалық нотаны сауатты білуі. Іздену, көзбен нотаны жүгіртіп оқу, жатқа ойнау.
Позиция деген не?
Сол қол саусақтарының перне үстіндегі белгілі бір қойылым әдісін перне тұғыры немесе позиция дейміз. (1-4 позициялар орындау) Сосын «Еркем-ай» әнін орындау.
Такт ішіндегі үлестердің жалпы санын нота ұзақтықтарымен белгілеп жазу өлшем деп аталады.
Қандай өлшемдер бар 2-4; 3-4; 4-4.
Қағыстарға қолымызды жаттықтырдық, нотаны үйренгеннен кейін не істедік?
Ия, перне басып ойнадық. Міне бұл жерде бастапқы екі қолдың қойылымына ораламыз солай ма? Әсіресе сол қолдың домбыра мойынына дұрыс қалыптасуы бас бармақпен мойынының үстіне, төртінші саусақты астына шашыратпай, қаз-қатар әдемілеп орналастыруымыз керек.
– Домбыра мойынында қанша перне бар дедік?
• Он тоғыз.
• Сол пернелердің атауларын үйрендік. «Соль» ішегінде және «Ре» ішегінде.
• Перне атауларын айтып берші, аппликатура жүйелігін сақтап отырамыз, бас бармақпен төмен бағытта шертіп көрсет.
• Перне атауларын ойнап көрсету.
Аппликатура дегеніміз не? Аспапты тартқан кезде перне басатын саусақтардың орналасуы және нотадағы белгілері.
– Қане сабақтарды орындайық №1,2,3.
• Біздер қандай әндер білеміз?
• «Аллегретто » В.Моцорт.
• Бұл әнде қандай белгі бар?
• Ия, альтерация белгісі бар.
• Қандай белгі «диез»?
• Ия, қай нотаға қойылған? Фа нотасына койылган.
• Басқа қандай альтерация белгілерін білесің?
• Альтерацияның түсінігін білесің бе? (Диез, бекар)
• Енді әнді ойнап берші.
• Жақсы тағы қандай әндеріміз бар?
• Калинниковтің «Тень-тень» әнін тартып көрейік, алдымен санаймыз, сосын нотасын айтып тартамыз.
• Кабалевскийдің «Маленькая полька» әнін орындап берші. Нотасын дауыстап айтып отыру.
• Бұл әндерде үстіңгі ішекте перне басылды ма?
• Үстіңгі ішекті басып тарту арқылы қандай ән білеміз?
• Қазақтың халық әні «Еркем-ай».
• Бұл әнді үйренгенде қандай қиындық туындады?
• Бас бармақты дұрыс баса алмай, саусақтарымыздың арасы созылмай, дұрыс перне баса алмадық.
• Бұл қиындықтан қалай шықтық, не арқылы?
• Тұғырлық жаттығулар арқылы позицияларды үйрендік.
Пиццикато (итал. pizzicato) — ысқышпен ойнайтын ішекті музыка аспатарында қолданылатын, саусақтың ұшымен іліп-қағу әдісі. Бұл пиццикато қағысы тек қана ысқышты музыкалық аспаптары емес, балалайка, мандолинада да қолданылады.