Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – өндірістік объектілерді (өндірістік қызметті жүзеге асыратын цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын, сондай-ақ жұмыс берушілердің бөлек тұрған өзге де бөлімшелерін) оларда орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет;
Зертханалар – өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулермен және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындауға байланысты қызметті жүзеге асыратын зертханалар;
Өндірістік объектілер – өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымның цехтары, учаскелері және өзге де жеке тұрған өндірістік бөлімшелері;
Жұмыс орны – қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;
3. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар немесе өзінің ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі мен өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы бар жұмыс беруші бес жылда кемінде бір рет мерзімді түрде жүргізеді.