РТК-411 тобы студенті Эркинова Дилдора
1.Еңбек гигиенасы мен өндірістік тазалықтың мақсаты. Еңбек гигиенасы, кәсіби гигиена- еңбек процестерінің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шаралары мен гигиеналық нормативтер іздестіретін ғылым, гигиена саласы.
Негізгі мақсаты:
Адам организміне әсер ететін қолайсыз еңбек жағдайларының алдын алу шараларын өңдеу;
Салынып жатқан, салынатын өнеркәсіп орындарына санитарлық сақтық, күнделікті қадағалау жүргізу.
Өндірістік санитария - зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық - гигиеналық, ұйымдастыру іс - шаралары мен техникалық құралдар жүйесі.