1. Еңбек гигиенасы мен өндірістік тазалықтың мақсаты


Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері



бет8/9
Дата08.02.2022
өлшемі22,64 Kb.
#123172
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
03,11срсп е.қ

5. Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері:

  • өндірістік объектілерді қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен сәйкестікке келтіру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешенін жүргізу;

  • өндірістік орта мен жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі жағдайларының нақты жай-күйін бағалау;

  • қызметкерлердің қажетті жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың нақты еңбек жағдайларына және оларға қойылатын стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау;

  • кәсіптік ауруға күдік туғанда және кәсіптік аурудың диагнозын белгілеген кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және орындайтын жұмысымен байланысын айқындау үшін зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс фактісін растау;

  • өндірістік объектінің немесе жабдықтың пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру), сондай-ақ технологияны өзгерту туралы шешім қабылдау;

  • 6. Аттестаттауға Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдардың өндірістік объектілері жатады.

  • 7. Аттестаттаудан өткізу мерзімін ұйым, еңбек жағдайларының өзгеруіне қарай, бірақ өндірістік объектілердің соңғы аттестаттаудан өткізілген күнінен бастап 5 жылда кемінде бір рет белгілейді.

  • 8. Өндірістік объектілерді кезектен тыс аттестаттау еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу тәртібінің бұзылғаны анықталған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды мемлекеттік қадағалау және бақылау органының талабы бойынша жүргізіледі.

  • Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау нәтижелері өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша алдыңғы аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.

  • 9. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны, қызмет түрлері, білікті кадрлары туралы мәліметтер, зертханалардың болуы немесе қызметтің осындай түрлерін жүзеге асырушы зертханалармен шарттарының болуы) интернет-ресурста орналастырады.

  • 10. Өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізудің уақтылылығы мен сапасын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет