4.Аттестатау комиссиясының мақсаты. Аттестаттау Кадрларды аттестаттау – қызметкерлердің сапалық құрамын жақсартуға, қызметкерлердің жүктелген дәрежесін және оларды мамандық бойынша қолдануды анықтауға, басқару үлгісімен әдістерін жетілдіруге бағытталған қызметкерлерді басқарудың маңызды бір құрамдас бөлігі.
Аттестаттаудың мақсаты – кадрларды таңдау және орналастыруды жақсарту, олардың кәсіби және іскерлік біліктіліктерінің өсуін қамтамасыз ету, еңбектерінің тиімділігін ынталандыру және жоғарылату және т.б.
Аттестаттаудың негізгі міндеттері: қызметкердің атқаратын қызметіне сәйкестігін анықтау; қызметкердің қабілеттері мен мүмкіндіктерін қолданудың перспективаларын айқындау; қызметкердің кәсіби деңгейінің өсуін ынталандыру; мекеменің басқарушы құрамының резервін құру; қызметкерлердің кәсіби деңгейін жоғарылату; қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жайлы мәселелерді шешу; лауазымдардық атауларын біліктілік талаптарына сәйкестендіру, біліктілікті арттыру немесе қызметкерлерге білім беру және дамыту және т.б. бағдарламаларды құру барысында кадрлік саясат және штаттық кестені қайта құру бойынша шешімдер қабылдау.