1. ЕҢбек қОРҒаудың нормативтік-қҰҚЫҚТЫҚ негіздері



бет1/4
Дата10.02.2023
өлшемі3,83 Mb.
#168221
  1   2   3   4
Байланысты:
1 практикалық жұмыс Енбек қорғау қуқықтық негіздері 1





1. ЕҢБЕК ҚОРҒАУДЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ













Әр мемлекетте заңдар құқықтық жүйенің негізін құрып, заңнамалық күші арқылы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Заң дегеніміз– ерекше құқықтық ретпен, құқықтық органдардың билігімен қабылданған нормативтік акт.
Еңбек қорғау жөніндегі заңдастырылған актілер Қзақстан Республикасының еңбек құқығының ажырамас бөлігін құрайды, оның негізі 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған ҚР Конституциясының 24 бабы болып табылады [1]:
1. Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi.
2. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.
3. Ереуiл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгiленген тәсiлдердi қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.
4. Әркiмнiң тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс iстейтiндерге заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепiлдiк берiледi.



    1. Еңбек қорғау бойынша негізгі заңдар

Еңбек қорғау облысында құқықтық негіздерді орнататын негізгі заң 2015 жылдың 23 қарашасында қабылданған Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі болып табылады (ары қарай ҚР ЕК), ол өз күшіне 2016 жылдың 1 қаңтарында енді.


ҚР ЕК 204 баптан құралған 23 тараудан тұрады, оның арнайы тараулары мен баптарындағы жаңашылдық келесі регламентацияға ие болды[2]:



№ п/п

Регламентация

1

еңбек заңнамасының принциптері

2

 еңбек қатынастарын реттеу облысындағы барлық мемлекеттік органдардың құзыреттілігі;

3

 еңбек қатынастарының пайда болу негіздері;

4

жұмысшы мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;

5

еңбек шартын жасау, тоқтату және бұзу тәртібі (алдында ол жеке еңбек шарты деп аталған)

6

жұмысшының дербес деректерін қорғау

7

жұмыс уақытының режимі мен еңбекті нормалау;

8

еңбекақы төлеу;

9

 кәсіби дайындау, қайта дайындау және біліктілігін жоғарылату;

10

кепілдеме және компенсациялық өтемақылар;

11

 жеке еңбек дауларын қарастыру;

12

әйелдер және басқада отбасылық міндетті бар тұлғалардың еңбегін реттеу ерекшеліктері;

13

қосымша жұмыс жасайтын тұлғалардың, еңбек қызметін үй жағдайында атқаратын қызметкерлердің, мүгедектер жандардың, мемлекеттік қызметкерлердің еңбек жағдайын реттеу ерекшеліктері;

14

шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің (жылына орта есеппен қызметкерлер саны 25-тен көп емес), заңды тұлғалардың алқалық орындаушылық органдарды жетекшілері және мүшелері, сондай-ақ басқа санаттағы жұмыскерлердің еңбек қызметін реттеу ерекшеліктері;

15

еңбек саласындағы ұжымдық қатынастармен әлеуметтік серіктестік;

16

жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарастыру тәртібі;

17

еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша сұрақтар;

18

еңбек қызметіне байланысты жазатайым және қызметкердің денсаулығына зиян келтіретін басқа да жағдайларды рәсімдеу және оларды есепке алу;

19

еңбек заңнамасын сақталуын мемлекеттік және басқа да бақылау формалары;

20

қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша ішкі бақылау.

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері:



  • адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;

  • еңбек бостандығы;

  • кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;

  • қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайына құқықты қамтамасыз ету;

  • өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдылығы;

  • еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға құқығын қамтамасыз ету;

  • тынығу құқығын қамтамасыз ету;

  • қызметкерлерлің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;

  • қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтарымен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;

  • әлеуметтік әріптестік;

  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;

  • қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.

Еңбек заңнамасының негізгі принциптеріне сондай ақ, өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдылығы да қарастырылған.
ҚР Еңбек кодексі тек еңбек және онымен байланысты қатынастарды ғана емес, сондай ақ әлеуметтік әріптестік және еңбек қауіпсіздігі мәселелерін де реттейді[2].
ҚР Еңбек кодексінде ҚР Үкіметі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (Қазақстан Республикасы Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі) және оның аумақтық бөлімшелері, сондай ақ жергілікті атқарушы органдар арасында еңбек қатынастарын реттеу саласындағы уәкілеттіліктерінің аражігі анық ажыратылып жазылған.
ҚР Еңбек кодексінің 26 бабына сәйкес, медициналық қорытынды негізінде адамның денсаулық жағдайына байланысты істеуге болмайтын жұмысты орындау барысында келісім шарт жасауға шектеу қойылады.
Еңбек шартында жұмыс орныны туралы, оның ішінде Қазақстан Республикасы қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша заңнамаларында қарастылған қауіпті және зиянды өндірістік факторлы жұмыс жағдайын кезіндегі жеңілдіктер мен өтемақы туралы толық дәйекті сипаттама көрсетілу тиіс.
Жұмыс беруші еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыска жұмыскерді қабылдау кезінде кәсіби аурулардың пайда болуы мүмкін екенін міндетті түрде ескертуі қажет, сонымен қатар 185 бапқа сәйкес жұмыскерлер міндетті түрде мерзімдік медициналық тексеруден және ауысым алдында, өндірістік қажеттілікпен басқа жұмысқа ауысу кезінде немесе кәсіби аурулардың белгілері байқалған кезде міндетті түрде медициналық куәландіруден өтуі тиіс.
Он сегіз жасқа толмаған тұлғалар міндетті алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана жұмысқа қабылданады және одан әрі он сегіз жасқа толғанға дейін жыл сайын медициналық тексеруден өтуі тиіс.
Жұмыс беруші еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді мерзімдік медициналық қаралудан және тексеруден өткізуді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өз қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті.
Қауіптілігі жоғары өндірістік жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуі тиіс. Ауысым алдынағы медициналық куәландыруды талап ететін кәсіптердің тізімін денсаулық саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Медициналық қаралудан және тексеруден өтуден жалтарған жұмыскерлер жұмысқа жіберілмейді.
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 4 бөлімі «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» 4 тараудан (179-190 баптар) тұрады, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша және еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және оларды есепке алу сұрақтарын реттейді. 4 бөлімнің 18 тарауында жұмыскердің және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері көрсетілген.
ҚР ЕК еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ұйымдастырылған барлық іс-шараны жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қарастырады, бұл мақсатта тек өз қаражаты ғана емес Қазақстан Республикасы заңнамаларында шек қойылмайтын басқада қаражат көздерін қолдануға болады. Жұмысшылар бұл мақсатқа қаражат жұмсамайды.
ҚР Еңбек Кодексі заңнамасының және қауіпсіздік пен еңбекті қорғау нормаларының сақталу барысын қадағалау мемлекеттік еңбек инспекторларына жүктелген. 201бапқа сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жұмыс беруші жүзеге асырады.
Жұмыскерлерді еңбек жағдайында оның өмірімен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауакершілігін міндетті сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеп және құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілеп 2005 жылдың ақпан айында «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Қауіпті өндірістік объекілерді пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың, инциденттердің салдарынан туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың алдын алуға, зардаптарын жоюға ұйымдардың әзірлігін, олардың жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортамен мемлекетке келтірілген залалдарын кепілдікпен өтеуді қамтамасыз етуге бағытталған, сондай ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеуді қамтамасыз ететін ол:

  • Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 11 сәуір №188-V «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы.

Бұл Заңның еңгізілуіне байланысты төмендегі Заңдар өз күшін жойды:

  • Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 3 сәуір №314 «Қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы.

  • Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 22 қараша№48 «Өрт қауіпсізідігі туралы» Заңы.

  • Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 5 шілде №19 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 9 қараша №603 «Техникалық реттеу туралы» Заңы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет